Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"Біз адам баласына әке-шешесіне құрмет етуді бұйырдық. Егер



Pdf көрінісі
бет62/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

"Біз адам баласына әке-шешесіне құрмет етуді бұйырдық. Егер 
олар (ата-анаң) білмейтін нәрсеңді маған серік қосуға сені зорлайтын 
болса, 
оларға 
(ата-анаңа) 
мойынсұнба. 
Ең 
ақырында 
маған 
ораласыңдар. Сол кезде барлық істеріңді өздеріңе білдіріп, бағасын Мен 
беремін." 
Хамна мұнымен де тынбай, ішін өртеген ыза оны тағы да жамандыққа 
итермеледі. 
Бір күні Хазіреті Саад намаз қылып жатқанда көрші-көлемін шақырып, 
үйдің есік-терезесін мықтап бекіттірді де: 
"Я, дініңнен безерсің, я да өлерсің", - деп көңілін күпір басқан ана бар 
даусымен байбалам салды. 
Қараңғылық, надандық, Аллаһқа ортақ қосудың салдары пенде 
атаулыны аяусыз жауыз, мейірімнен ада мақұлық етті! 
Алайда қатыгез ана Хамна қанша тырысса да алға басқаны кері 
кетумен болды. Хазіреті Саадпен әлек боп жүргенде екінші ұлы Амир де 
мұсылман дінін қабылдап "масқара" етті... 
Безбүйректіктің шегіне жеткен Хамна енді Амирмен алысты: 


99
"Иманнан баз кешіп, дініңнен безбейтін болсаң, мына тұрған құрма 
ағашының көлеңкесін де паналамаймын, аштан өлемін!" - деп өзінше "сес" 
көрсетті. 
Аллаһқа деген иман шәрбатынан сусындап үлгерген Амир де ағасының 
ісін қайталады. Анасының әрекетін көрген Саад ашуға мініп: 
- Уаллаһи, анашым, егер жүз жаның болып, оларды жеке-жеке тәсілім 
етсең де, мен дінімнен бас тартпаймын. Қаласаң да, қаламасаң да осы, - деді. 
Иманның сарсылмас қуаты Хамнаны тағы да тоқыратты. 
Мұсылмандарға мүшріктер ойларына келгенін жасап, күлкіге 
айналдырып азаптан аянып қалмайтын болғалы қашан... 
Бірде Хазіреті Саад бірнеше мұсылман бауырымен бірге Меккенің 
маңындағы Әбу Дубб мекенінде намаз қылып жатқан. Қастарына Әбу 
Суфиан бастаған бір топ мүшрік келеді. Олар жай тұрмай, ғибадаттарының 
түкке алғысыз екенін айтып әжуаламақ болады. Осы жерде қызыл-қырғын 
төбелес басталып кетеді... 
Хазіреті Саад қолына ілінген түйенің қураған сүйегімен мүшріктердің 
бірін ұрып, басын жарады. Мұндай қарсылық күтпеген, қан-жоса болған 
мүшріктер мұсылмандардың тегеурініне төтеп бере алмай беттері ауған 
жаққа қаша жөнеледі. Муминдер оларды тырқырата қуады. 
Осылайша, Хазіреті Саад Аллаһ жолында алғаш қан төккен сахаба 
ретінде тарихта мәңгі қалды. 
Сонымен бірге, ол жәннат сыйы ұсынылған он сахабаның ішінде 
жомарттығымен де ерекшеленген. 
Пайғамбарымыз тұсында Аллаһ жолындағы күрестен кейін қалмаған. 
Ухуд соғысында дүниенің мақтаны - Хазіреті Мұхаммедті (с.а.у.) қорғау 
үшін кеудесін оққа тосқан. Мүшріктермен шайқаста ерлік көрсетіп, Хазіреті 
Мұхаммедтің (с.а.у.) ешбір пендеге нәсіп болмаған "Әкем, анам саған құрбан 
болсын, ей, Саад, жаудыр оғыңды!" деген керемет сөздері де соған арналған. 
Хазіреті Әли "Фәдәкә әби уә умми", яғни "Сен үшін ата-анам жан пида" 
дегенді Расулаллаһ Хазіреті Саадқа арнап айтқан дейді. 
Сол шайқаста Хазіреті Саад оқ атқан сайын пайғамбарымыз: 
"Иләһи, бұл сенің жолыңа" деп, онан соң: 
"Ей, құдіреті күшті Жаббар ием! Саад саған қол жайып дұға жасағанда 
оның тілектерін қабыл ет, сұрағанын бер. Атқан оғын да мұлт кетірме" - деп 
дұға еткен. 
Аллаһ Расулының дұғасы айны-қатесіз қабыл болатындықтан, Хазіреті 
Саад қаһармандығы, батылдығы және мергендігімен қатар тілеген тілегінің 
қабыл болуымен де жолдастарынан бір саты жоғары тұрған. Ислам 
дұшпандары оның қылышы мен оғынан қорықса, айналасындағылар дұға-
батасынан сескенетін, оны ренжітпеуге тырысатын. 
Жалындаған жас шағында иманға келген Хазіреті Саад өмірінің соңына 
дейін Исламға қызмет етті. Хазіреті Омардың халифалығы тұсында Иранға 
бағыт алған әскерлердің қолбасшысы тағайындалып, жеңіске қол жеткізіп, 
Кисра еліне Исламның байрағын тікті... 
Осы себепті ол "Иранды алушы" атанған. 


100


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет