Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет72/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

Әкеге қарап ұл өсер... 
Әбу Ләһаб Аллаһтың сүйікті құлына қарсы сорақы пиғылдарын жүзеге 
асыру үшін ұлы Утайбаны да соңынан ертеді. 
Он сегіз мың ғаламның пайғамбары Хазіреті Мұхаммедтің көзін жою
әрине, оның қолынан келмес еді. Сонда да болса әйелін, бала-шағасын
Мұхаммедке (с.а.у.), оның дініне қарсы қойып, санасын билеген сайқал 
сезімге оларды да ортақ етеді. 
Күндердің күнінде пайғамбарлар сардары оңашада "Нәжім" сүресін 
оқып, ойға шомып отырады. Осы сәтті пайдаланып, Әбу Ләһабтың ұлы 
Утайба оған жақын келіп: 
"Нәжімнің (жұлдыздардың) Жаратушысының атымен ант етемін, мен 
сенің пайғамбарлығыңды мойындамаймын", - деп оңбағандықпен мүбәрак 
бетіне түкіріп жібереді. 
Оқыс оқиғаға қатты ашынған Мұхаммед (с.а.у.): "Я, Раббым, 
Утайбаның қылғаны мынау, қорлыққа өзін-өзі итермеледі", - дейді. 
Жаратушы Аллаһ сүйікті құлының наласын да, алғысын да жауапсыз 
қалдырмаған. Пайғамбардың жоғарыдағы нала түріндегі сөздері де көп 
ұзамай орындалады. Утайба Иемен маңында Хауран деген жерде әкесімен, 
бірнеше жолдасымен бірге демалып жатқанда кенеттен бір арыстан пайда 
болып, топ адамның ішінен оған тарпа бас салып, пәрше-пәршесін шығарып, 
жер жастандырады. 


114
Пайғамбар дұғаларының міндетті түрде қабыл болып, мүлтіксіз 
орындалуы да - оны өзге адамдардан ерекшелейтін айрықша қасиеттерінің 
бірі. 
Тозақтың тамызығы 
Әбу Ләһабтың әйелі - Үммү Жәміл де Исламның қас дұшпандарының 
бірі. Күйеуінің көлеңкесінде жүріп, қаныпезерлік әрекеттерін тыймаған, 
азғындықта алдына жан салмаған. Құранның тілімен айтқанда ол - тамұқтың 
тамызығы. Жүрегінің қарайғандығы соншалық, пәктігімен періштелерді 
таңдандырған Пайғамбардың аяқ жолына күн сайын ерінбей-жалықпай 
қураған жантақ шашып, айызын қандыратын. Үммү Жәмілге қатысты тағы 
бір оқиға: 
Пайғамбарымыз ең алғаш Сафа жотасынан қауымын иманға 
шақырғанда оны айтуға ауыз бармас сөздермен балағаттап, тас лақтырған 
Әбу Ләһабтың жиіркенішті қылығынан соң Аллаһ Тағала тарапынан 
"Тәббат" 
сүресі 
аян 
болып, 
онда 
ерлі-зайыпты 
екі 
залымның 
оспадарсыздықтары қатаң жазаланатыны баяндалған. 
Мұны ести сала Үммү Жәміл қаны қарайып, қолына тас алып Қағбаға 
жетіп келеді. Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) сол сәтте ең жақын досы Хазіреті 
Әбу Бәкірмен Қағбада әңгіме-дүкен құрып отырған. Шамданып келген Үммү 
Жәміл Хазіреті Әбу Бәкірді көреді, бірақ Мұхаммедті (с.а.у.) көре алмайды 
да: 
"Ей, Әбу Бәкір! Әлгі айнымас досың қайда? Мені сыртымнан мазақ 
етіпті деп есіттім. Көрген жерде мына таспен аузын бұзар ем", - деп, бақ-шақ 
етіп бейпілауызданып сілкінеді. 
Иә, Жаратқанның жарылқауымен Әбу Бәкірді көрген бұзақының көзі 
қасында отырған Хазіреті Мұхаммедті (с.а.у.) көре алмады. Қорғап-
сақтаушысы бір Аллаһ болған соң солай болуы заңды да. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет