147
қанын мойындарына жүктеген-ді. Иран шахының сарайы отыз мыңнан астам
адамның бас сүйегімен безендірілген болатын.
Шайқас мұнымен де тынбаған. Енді
Мысырға қарай баса көктеген
ирандықтар б.э 616 жылында бір жағынан Ніл маңын қол астына қаратып,
Александрияға дейін енсе, екінші жағынан қазіргі Анадолы территориясына
еніп, Шығыс Рум империясының бас қаласы Константинопольге (қазіргі
Истанбул) көз тіккен-ді. Осылайша Ирак, Сирия,
Палестина, Мысыр және
Анадолыда салтанат құрған болатын.
Түйіндей келгенде, б.э 616-жылында Шығыс Рум империясы
ирандықтардан ойсырай жеңілген болатын.
Румдар Аллаһтан түскен Інжілдің қағидаларын ұстанушы христиандар
еді.
Ирандықтар болса, Аллаһпен ісі жоқ, ақыретке сенбейтін, отқа
табынатын.
Румдықтардың жеңілісін Меккедегі мүшріктер естіп, малақайларын
аспанға атып қуанған. Ал мұсылмандарды бұл хабар қайғыртқан болатын.
Мүшріктер беталды мұсылмандардың мазасын алып: "Сендер
христиандар
сияқты
төбеден
түскен
кітапқа
сенесіңдер.
Ал
біз
ирандықтармен біргеміз.
Біздің ирандық бауырларымыз румдықтарды жеңді. Көрдіңдер ме,
шындап кіріссек, біз де сендерді жеңеміз!" - деп мәз болысты.
Осы оқиғаға байланысты Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) Аллаһтан
муғжиза ретінде "Рум" сүресі түсті.
"Румдар жақын жерде жеңіліске
Достарыңызбен бөлісу: