Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"Кәәф, хаа, иаа, а'йн, саад



Pdf көрінісі
бет90/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

"Кәәф, хаа, иаа, а'йн, саад... 
Бұл аяттарда Зәкария құлына болған Раббыңның рақметі баян 
етіледі. 
Ол Жарылқаушысына ақырын ғана жасырын түрде былай 
жалбарынды: 
"Ей, Раббым! Менің бойымнан дәрмен кетті. (құр сүлдерім қалды), 
басым аппақ қудай болды. Саған жалбарынып мақұрым қалған кезім 
жоқ" (Мәриям сүресі 1-4-аяттар). Мұнан соңғы аяттарда Хазіреті 


145
Мәриямның Исаға қалай жүкті болғаны, Хазіреті Исаның дүниеге келуі, 
бесікте жатып сөйлеуі, кейіннен Аллаһ Тағала тарапынан пайғамбар ретінде 
жіберілгені баяндалды. 
Нәжаши Құранды тыңдап отырып көзінен жас парлап, рухы астан-
кестен болды. Жанарынан үзілген жас тамшылары сақалын тарам-тарам етті. 
Мұны көрген сол арадағы христиан дінбасылары да ақиқатқа қанық 
болғандықтан көз жастарына ерік берді. 
Құранның руханиятының әсерінен айыға алмаған Нәжаши: 
"Бұл - шындық, уаллаһи, бұл нұрдың бастауы да - біреу, Мұсаның да, 
Исаның да сара жолы осындай-тын", - деп меккелік елшілерге бұрылды да: 
"Сендердің тілектерің орынсыз, мен бұларды табыстай алмаймын. 
Бұлар хақында жаман ойламаймын да", - деді. 
Билеушінің нақты шешімінен соң елшілер салы суға кетіп, сарайдан 
шығуға мәжбүр болды. Бірақ мұнымен де тынбады, әсіресе, Амр ибн Ас 
ерегісе түсіп, ертесіне тағы да патшамен кездесуге рұқсат алды. Мақсаты - 
мұсылмандарды жамандау, бұл жолы мұсылмандардың Хазіреті Иса туралы 
алып-қашпа сыпсың сөздерді көп айтатынын сылтау етіп қалайда 
шағыстырмақ. 
Нәжаши бұл жолы да мұсылмандардың өкілін шақырып алып, одан 
Хазіреті Иса жөніндегі пікірін сұрайды. 
Хазіреті Жағфар: 
"Біз Хазіреті Иса туралы өз пайғамбарымызға Аллаһтан аян болған 
жайтты ғана білеміз. Ол - Аллаһтың құлы, елшісі әрі өзге рухтар тәрізді 
Аллаһ жаратқан рух иесі. Ол - дүниеден және еркек атаулыдан баз кешкен 
арлы қыз Мәриямның бойына біткен (яғни Аллаһтың әмірімен әкесіз дүниеге 
келген). Мәриям ұлы Иса туралы мағлұматымыз осы", - деді. 
Мұсылмандардың Хазіреті Иса жайлы көзқарастары Хабаш билеушісін 
қанағаттандырды. Ол қолына бір шыбық алып, жерге бір сызық сызды да: 
"Біз бен сендердің айырмамыз - бар болғаны мына сызықтай ғана. 
Өйткені бізге мәлім жайттар да сенің айтқаныңдай", - деді. 
Елшілердің ойы тағы да жүзеге аспады, артық қылам деп тыртық 
қылғандарына қынжылды. 
Нәжаши мұсылмандарға: 
"Сендерді және пайғамбарларыңды шын жүректен құттықтаймын. 
Оның шынында да Аллаһтың Расулы екеніне шәк келтірмеймін. Біз бұған 
дейін оның сипаттарын Інжілден оқып білген едік. Мәриям ұлы Исаның 
соңғы пайғамбар жөніндегі сүйіншісінен де хабардар болатынбыз. Аллаһтың 
атымен ант ішемін, егер де Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) менің елімде болса
кебісін тасып, қызмет етуге разымын", - деді. 
Хаққа мойынсұнып ақ-қараны ажырата білетін Нәжаши күлімсіреп: 
"Сендерге елімнің төрінен орын беремін, қай жерге қоныстанғыларың 
келсе, сол жер - сендердікі. Көзімді жұмғанша сендерге қорғаушы болуға 
әзірмін. 
Кімде-кім сендерге жамандық жасаса, түбі оңбайды (бұл сөзін үш рет 
қайталады). Сендерді ренжітіп, дүниенің байлығына ие болатынымды білсем 


146
де, көнбес едім. Осы айтқаным айтқан, сертімнен - қайтпан", - деп, 
мұсылмандардың көңілін көтеріп тастады. 
Нәжашидің бұл сөздерінен соң елшілер бастары салбыраған күйі түк 
бітіре алмастарын сезіп, Меккеге қайтуға жиналды. Хабаш билеушісі 
олардың әкелген сыйлықтарын да қайтарып берді. 
Бұл хабар құрайыш мүшріктеріне жай түскендей әсер етті. Барар жер
басар таулары қалмағандай еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет