Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет148/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

Күн тәртібінде тұтқындар 
Тұтқындар мәселесіне қатысты Аллаһ тарапынан уаһи түспегендіктен 
сахабалар кеңесіп шешуді мақұл көреді. Бұрын да баян еткеніміздей, нендей 
мәселеде де Хазіреті Расулаллаһ асхабымен пікір алысатын. Кеңесте ашық 
түрде, әркімнің өз ойын жария етуіне рұқсат берілетін. 
Тұтқын мүшріктер жайы сөз болғанда, бірінші боп сөз бастаған Әбу 
Бәкір Сыддық болды: 
"Уа, Расулаллаһ! Мүнірік те болса олар өз ағайынымыз. Өзімізді өзекке 
тепкеніміз жарамас. Олардан підия салығын алып қоя берейік. Алғанымызды 
дұшпанға қарсы күресте керек-жарағымызға жұмсайық. Бәлкім, Аллаһ оларға 
тура жолды нәсіп етіп, бізге көмекші де қылар", - деді. 
Мұнан соң Аллаһ Расулы Хазіреті Омардың көзқарасын білгісі келеді. 
Хазіреті Омар: 
"Уа, Расулаллаһ! Меніңше оларды кешіру жөн емес, олар сені өтірікші 
деп жала жапқанымен қоймай, еліңнен қуып шықты. Бәрін шетінен өлтіру 
керек", - деді. 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) мұндай кесіп айтқан үкімге 
қарсылық білдіріп, Хазіреті Омардың ойын қайта сұрады. Хазіреті Омардың 
айтқанынан қайтпасы белгілі болған соң Пайғамбарымыз ләм-мим деместен 


228
шатырына кіріп кетті. Сахабалардың бір бөлігі Әбу Бәкір Сыддықты қолдап, 
қалғаны Хазіреті Омардың ойын дұрыс санап өзара дабырласып жатты. 
Сәлден соң Хазіреті Расулаллаһ шатырынан шықты да досына қарап: 
"Сенің шешімің Хазіреті Ибраһимдікіне ұқсайды. Ол бір кездері 
Аллаһқа дұға етіп "Кімде-кім менің соңымнан ерсе, менің жамағатымнан 
саналады. Қарсы келгендер де Саған мәлім, уа, Аллаһым! сен қалағаныңды 
кешіресің. Сен аса кешірімшіл әрі рақымдысың", - деген. 
Сенің халің Хазіреті Исаға да ұқсайды. Хазіреті Иса ұлы Аллаһ 
Тағалаға "Егер сен оларды азапқа душар етсең, олар сенің құлдарың. Егер 
кешірер болсаң, құдіретімен бар нәрседен биік тұратын да ғазиз, хикметіңмен 
әр нәрсені орын-орнына қоятын да хаким өзіңсің" деп жалбарынған-тұғын. 
Мұнан соң Омар Фаруққа бұрылып: 
"Уа, Омар! Сенің ұстанғаның Хазіреті Нұхтың ұстанымы тәрізді. Ол 
Аллаһқа "Уа, Раббым! Жер жүзіндегі кәпір атаулыны түп-тамырымен жой" 
деп жалынған. Осы кейпің Хазіреті Мұсаға да келеді. Мұса пайғамбар Ұлы 
жаратушыға қол жайып: 
"Сен олардың мал-мүлкін қырып жойып, жүректерін қайғыдан 
арылтпа, өйткені олар азаптанбайынша иманға келмейді" деген еді". 
Осылай деді де пайғамбарлар сұлтаны Хазіреті Әбу Бәкірдің ойына 
келіскендігін білдірді. Қолға түскен мүшріктердің әрқайсысынан төрт мың 
дирхәм підия салығын алып, еркіне қоя беруді жөн санады. Ең маңыздысы
підия беруге шамасы келмейтін, бірақ сауатты тұтқындар әнсардан он балаға 
оқу-жазу үйретуге міндеттелді. Зәйд ибн Сабит осылайша сауаттанғандардың 
бірі. Мәдинада сауаттылар қатары артты. Бұл да Алланың сүйікті елшісі мен 
оның серіктерінің ақылды тоқтамының нәтижесі еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет