Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ КӨКЕСІ ӘБУТӘЛІПТІҢ ҚОЛЫНДА



Pdf көрінісі
бет37/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ КӨКЕСІ ӘБУТӘЛІПТІҢ ҚОЛЫНДА 
Пайғамбарымыз атасының көзі тірісінде өзі қалаған көкесі Әбу 
Тәліптің отбасында. Мейірімді, бірақ жоқ-жұтаң тіршілігі бар Әбу Тәліптің 
бала-шағасы да оны жатырқамай қабылдады. Ішіп-жемге пайдаланатын 
бірнеше түйесінен басқа ештеңесі болмаса да, әділдігі, азаматтығымен 
көпшілік арасында сыйлы еді. 
Хазіреті Әлидің әкесі Әбу Тәліп туралы былай дегені бар: 
"Әкемді құрайыштықтар қадір тұтатын. Кедей бола тұрып, соншалық 
құрметке оған дейін ешкім ие болмаған." 


57
Тұрмыс-тіршілігі, отбасы тәрбиесі жөнінен Әбу Тәліп жәһилияның 
жамандықтарынан аулақ болатын. Арабтар арасында әдетке айналған ішкілік 
атаулыны да татып алмайтын. Қай жағынан да Мұхаммедке қамқор боларлық 
жан. Бала Мұхаммедті үнемі қасына ертіп, онымен үлкен кісіше әңгімелесіп, 
пікір алысатын. Әбу Тәліптің отбасы Мұхаммедсіз дастарқан басына 
отырмайтын. Мұхаммед (с.а.у.) отырса, дастарханның берекесі артып, тамақ 
артылып қалатын да, ол болмай қалса тез таусылып, бала-шағаның қарны 
тоймай қалған кездер де аз болмаған. 
Бала да болса Мұхаммед (с.а.у.) дастарқан басындағы әдептілікті 
сақтайтын, үлкендерден бұрын табаққа қол созу оның әдетінде болған емес. 
Аз жейтін, ғұмыры бойы қарнының ашқанын, шөлдегенін бір рет те болса 
айтпаған. 
Пайғамбарымыз көкесімен бірге тасаттықта 
Меккені қуаңшылық жайлағалы қашан. Құрғақшылықтан жер шыт-
шыт жарылып, жан-жануардың мазасы қашқан. Күнде ертеңіне үміт артумен 
тағаты таусылған халық өзара кеңесіп Әбу Тәліпке келеді: 
"Ей, Әбу Тәліп бір тамшы суға зар болдық. Балаларымыз шетінен ауру, 
малымыз қырыла бастады. Бізге бас боп тасаттыққа шықсаң қалай болар 
екен?" 
Әбу Тәліп көптің тілегін қайтармады. Қасына нұр Мұхаммедті алып, 
Қағбаға барды. Нұр жүзді бауыры оған берекенің бастауы сияқты көрінетін 
де тұратын. Қағбаға келген соң Әбу Тәліп арқасын қабырғаға сүйей отырды 
да, қолын жайып дұға ете бастады. Бұл кезде Мұхаммед (с.а.у.) Қағбаның 
жабуына жабысып, сұқ саусағын көкке шошайтып тұрды. 
Арадан көп уақыт өтпей-ақ Аллаһтың құдіретіне бүкіл Мекке тағы да 
куә болды. Алдымен ақ жауын басталды да, соңы нөсерге айналды. Халық 
үлкен қуанышқа бөленді. 
Адамзатқа рақымдылықтың үлгісі, құт-берекенің бастауы ретінде 
жіберілген Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) кішкентай кезінен-ақ осынау ауыр 
міндеттің өзіне жүктелгенін дәлелдей бастаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет