Даму жоспары


Стратегиялық жоспар – 2020: жаһандық үрдістер



бет2/6
Дата05.06.2016
өлшемі439 Kb.
#116599
1   2   3   4   5   6

Стратегиялық жоспар – 2020: жаһандық үрдістер



Әлемдік экономикадағы үрдістер
Стратегиялық жоспар – 2010 әзірленіп жатқан кезеңде әлемнің көптеген елдері өздерінің экономикалық даму шыңында еді. Стратегиялық жоспар – 2020-ға дайындық түбегейлі басқа – жаһандық экономикалық құлдырау – жағдайларда жүзеге асырылды.

2007 жылдың екінші жартысында АҚШ-тағы ипотекалық облигациялар нарығының құлдырауынан басталған қаржы-экономикалық дағдарыс бүгінде барлық мемлекеттерді қамтыды. 2009 жылдың басында әлемдік сауда көлемінің өсу қарқыны 50 пайыздық тармаққа азайды: жылына 20%-дық жылдық өсімнен 30%-дық төмендеуге дейін.

Жаһандық экономиканың дамуын бағалау, оны қалпына келтіру баяу жүреді дегенге саяды. Әлемдік сұраныстың азаюына орай экспорттық нарықтағы бәсекелестік күшейе түседі, ал тауарлардың бағасы тұралайтын болады немесе өткен онжылдыққа қарағанда ақырын өсетін болады.

Жаһандық экономиканың болжанып отырған шамалы өсімі мен экологиялық таза энергетикалық технологиялар рөлінің өсуі дәстүрлі энергия тасығыштардың әлемдік бағасының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Таяу онжылдықта азық-түлік қауіпсіздігі әлемдік қоғамдастықтың үнемі назар аударатын саласы болады. Жаһандық рецессия азық-түлік бағасының 2007 – 2008 жылдардағы жоғары деңгейімен салыстырғанда төмендеуіне алып келді. Сонымен қатар көптеген елдерде адам саны өсуінің жалғасуы және әлемдік экономиканың қалпына келуі азық-түлік тауарлары бағаларының өсуіне алып келеді деп болжанып отыр. Жер ресурстарына бай, халқы көп елдердің ортасына тұрған Қазақстан азық-түлікке өсіп отырған әлемдік сұраныстың қанағаттандыруға ықпал ету үшін отандық ауыл шаруашылығын дамытуды ынталандыруы тиіс.

Жақын болашақта денсаулық сақтаудағы жаһандық проблемалар күшейе түспек, өйткені түрлі елдердің адамдары арасындағы байланыс барынша қарқындап барады. Осының нәтижесінде түрлі аурулардың Қазақстанның аумағына тарап кету қатерлері арта түседі. Барлық елдер үшін АҚТҚ/ЖҚТБ әлі де айтарлықтай қатер төндіріп отыр. Адамдардың денсаулығы үшін жаңа А/H1N1 вирусы қауіпті болып тұр.

Ағымдағы жаһандық дағдарыс әлемдік экономикада өзара байланыстың жоғары дәрежеде болуының да өз кемшілігі бар екенін көрсетті. Дамыған елдердегі қаржы және экономикалық проблемалардың әлемдегі ахуалға әсер етуінің нәтижелері еркін нарықтың артықшылықтары мен ашықтығының кемшіліктері және құндылықтары туралы кезекті дау туғызып отыр. Жеке елдердің әлемдік сауданың дамуын шектейтін және өңірлендіру процестеріне ықпал ететін протекционистік экономикалық саясаттың түрлі үлгілеріне ұмтылыстарын күшейіп отрығандығымен есептеспеуге болмайды.

Күтіліп отырған жаһандық жылыну нәтижесінде климаттың өзгеру проблемаларымен және атмосфераға зиянды заттар шығарындыларын бақылау қажеттілігімен қатар, Қазақстанның өңірлік проблемаларды шешуге қатысуына тура келеді. Мәселен, Орталық Азия және Батыс Қытайдың ірі өзендер ресурстарын пайдаланатын елдерде экономикалық белсенділік пен халық санының өсуі жалғасатындықтан, ал климаттың өзгеруі судың қол жетімділігі мен сапасына қосымша келеңсіз ықпал ететіндіктен суды пайдалану мәселелері өткірлене түседі. Көші-қон, халықтың жұмыспен қамтылуы, сауда және қаржы қатынастары сияқты басқа өңірлік мәселелердің де өзектілігі күшейетін болады.


Қыр көрсетулер мен мүмкіндіктер
Өткен онжылдық ішінде Қазақстан экономикасы әртараптандырылған, қауіпсіздік пен демократия жағдайында өмір сүретін, өзінің табиғи ресурстарын барлық азаматтарының игілігі үшін пайдаланатын, халқы білімді әрі денсаулығы мықты елдің болашақта дамуы үшін негіз жасауды бастады. Бұған мұнай және басқа да минералдық ресурстарға баға қарқынды өсіп отырған жағдайда экспорттың ұлғаюынан түскен едәуір табыс ықпал етті. Мұндай жағдай таяудағы онжылдықта елдің одан әрі дамуына кепілдік бола алмайды.

Ағымдағы әлемдік дағдарыс жағдайында жаһандық экономиканың болашақтағы дамуы айқын емес әрі оны болжау мүмкін емес деген қорытынды барлық елдер үшін маңызды болып табылады. Бұл фактіні одан әрі экономикалық дамуды жоспарлау кезінде ескеру қажет.

Әлемнің жетекші экономикалары аса күрделі бәсекелес жағдайларда жұмыс істеп, жұмыс күшінің өнімділігін өсіруді арттыру, инфрақұрылымға және телекоммуникацияларға инвестиция салу, қаржы жүйелерін нығайту, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру, сондай-ақ бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау арқылы келесі экономикалық айналымға дайындалу жөніндегі алдын-алу шараларын қабылдайтын болады. Дәл осындай міндеттер Қазақстан үшін «Қазақстан-2030» стратегиясында берілген стратегиялық тұрақтылар болып табылады. Келесі онжылдық бойы Қазақстанда осы міндеттерге қол жеткізу жұмыстары жүргізілетін болады.

Қазақстан ірі көмірсутек шикізатын өндірушілердің бірі болып қала береді. Сонымен бірге республика энергетиканы технологиялық жаңғыртуды және энергия үнемдеуді дамытуды жеделдетіп жаһандық жылыну проблемаларын шешуге қатысады. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елдің ауыл шаруашылығы, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу одан әрі дамитын болады. Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі аурулардың жаңа түрлеріне қарсы тұруға қабілетті болады. Инфрақұрылымды жаңғырту және қоршаған ортаны қорғау міндеттері ескеріле отырып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саясатын қалыптастыру есебінен елдің табиғи ресурстарын, әсіресе су ресурстарын пайдалану тиімділігі өседі.

Қазақстан тұрақты саяси ортаға, айтарлықтай экономикалық және адами капиталға, бай табиғи ресурстарға, негізгі өндірістік инфрақұрылымға, тұрақты қаржы жүйесіне ие бола отырып ағымдағы әлемдік экономикалық дағдарыстан туындаған қыр көрсетулерді теңгерімді әрі орнықты дамуға қол жеткізу үшін жаңа мүмкіндіктерге айналдыра алады.

Ауқымды жоспарларды іске асыру бюджеттік шектеулердің күшейтілуімен соқтығысатындығын ескере отырып мемлекет инвестициялар кірістілігінің жоғары деңгейі мен қабылданып отырған бағдарламалар тиімділігінің артуы қамтамасыз етілетін болады.



  1. Стратегиялық жоспар – 2010: негізгі нәтижелер

Стратегиялық жоспар – 2010 өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік сектор сияқты әрбір басым сала бойынша күтілетін нәтижелерді айқындау жолымен «Қазақстан – 2030» стратегиясын іске асыру негізін салды.

Стратегиялық жоспар – 2010 бәсекеге қабілетті экономика құру, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту, сондай-ақ әлеуметтік саладағы, бірінші кезекте білім беру және денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің қолжетімділігін кеңейту жөніндегі міндеттерді белгіледі. Өкілеттіктерді орталықсыздандыруға екпін сала отырып, мемлекет қызметінің тиімділігін арттыру мемлекеттік қызметтер көрсетуді сапалы әкімшілендіру де өткен онжылдық кезеңдегі маңызды стратегиялық басымдық болды. Осы міндеттердің кейбірі орындалды немесе орындалуға жақын, алайда өктем талаптардың бір бөлігі келесі онжылдықта да өзекті болып қалады.
Жетістіктер

2000 және 2009 жылдар аралығында Қазақстан Стратегиялық жоспар – 2010 белгіленген кейбір түйінді салаларда айтарлықтай прогреске қол жеткізді. ЖІӨ өсуі жыл сайын орташа 8,5 %-ке жетіп, 2008 жылы өзінің алғашқы мәнінен 2,3 есе асты. 2007 жылы өнеркәсіп өндірісі екі еселеу (нақты өсім – 78 %) жөніндегі онжылдық кезеңнің мақсаттарына жетті, ауыл шаруашылығы өндірісі 1,44 есе өсті, ол 2000 жылға қарағанда 1,5 есеге өсудің нысаналы көрсеткішіне қол жеткізді деп айтуға болады. Экономиканы жедел әртараптандыру үшін берік негіз салынды. Даму институттары құрылып сәтті жұмыс істеуде, қажетті заңнама дайындалды.

Денсаулық сақтау, білім беру және халықты әлеуметтік қорғау салаларында айтарлықтай өзгерістер жасалды: туберкулез ауру 30 %-ке төмендеді, халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту ұлғайды; денсаулық сақтау мен білім беру жүйесінің инфрақұрылымы едәуір жаңарды. Ауылдық елді-мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті ұлғайды. Табысы ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2000 жылғы 31,8 %-тен 2008 жылғы 12,7 %-ке дейін қысқарды. Өмірдің күтілетін ұзақтығы 65-тен 68 жылға дейін өсті. Мемлекеттік секторда маңызды реформалар басталды. Бұл жетістіктер Стратегиялық жоспар – 2020 іске асыру үшін тұрақты негіз салды.
Өзектілігі сақталып отырған қыр көрсетулер
Стратегиялық жоспар – 2010 іске асыру кезеңінде көптеген басым салалар бойынша айтарлықтай прогреске қол жеткізілгеніне қарамастан, реформалаудың күн тәртібінің көптеген тармақтары аяқталмай қалып отыр. Бәсекеге қабілетті әрі әртараптандырылған экономиканы дамыту бағдарламасы одан әрі жалғастыруды талап етеді. Білім беру және денсаулық сақтау қызметтерін көрсету сапасы әлі де жақсартуды талап етеді. Стратегиялық жоспар – 2010 іске асыру кезеңінде басталған мемлекеттік сектордағы реформалар әлі де аяқталмай қалып отыр. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігінің ажыратылуы, мемлекеттік қызметтегі ынталандыру жүйесін дамыту, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын және оларды әкімшілендіру тиімділігін арттыру – осы мәселелердің бәрі Стратегиялық жоспар – 2020 іске асыру кезеңінде одан әрі шешуді талап етеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет