2 - жүргізуші: 1-ші жұптың сұрақтары.
1. Қобыландының жары? ( Құртқа)
2. Қандай жілік қыз балаға берілмейді? (Кәрі жілік)
3. Үш арсызды ата? (Ұйқы, күлкі, тамақ)
4. Сыңғырлау ауылы қашан құрылды? (1984 жылы)
5. Он саусағынан өнер тамған деп қандай адамды атайды? (Шебер).
6. Жеңгеңнің сіңлісі саған кім болады? (Құдаша)
7. Бес парызды ата? (Аллаға иман келтіру, намаз оқу, ораза тұту, зекет беру,
қажылыққа бару).
8. Жас келінді барған елімен таныстыру жыры. (Беташар)
9. Төс кімге тартылады? (Күйеу балаға)
10. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз? (Қыз өссе елдің көркі, Гүл өссе жердің көркі)
1- жүргізуші: 2-ші жұптың сұрақтары.
1. Төлегеннің серігі? (Жібек)
2. Анаңның сіңлісі сізге кім болады? (Нағашы апа)
3. Қазақта мал соятын адамды қалай атайды? (Қасапшы)
4. Сыңғырлау ауылындағы шипалы су? (Ащыағар)
5. Жас босанып келген келінге шілдеханада тартылатын сыбаға? (Жақ, мойын
омыртқа).
6. Ораза кезінде әр адам басына берілетін садақа қалай аталады? (Пітір садақа).
7. Үйден ұзатылып бара жатқан қыздың айтатын әні? (Сыңсу).
8. Құдаларға малдың қандай жілігі тартылады? (Жамбас)
9. Қазақтың екі ішекті музыкалық аспабы? (Домбыра).
10. Ана туралы бір мақал айтыңыз? (Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада)
2 - жүргізуші: 3-ші жұптың сұрақтары.
1. Еңліктің серігі? (Кебек)
2. Анаңның қызы сізге кім болады? (әпке, сіңлі)
3. Қазақта үй иесін қалай атайды? (Отағасы).
4. Сыңғырлау орта мектебі қай жылы құрылды? (1987 жылы)
5. Ағаш үйдің есігі қалай аталады? (Сықырлауық)
6. Қыз баланың табағына тартылатын сыбаға? (Құйымшақ)
7. Қазақтар үшін аптаның қай күні қасиетті күн болып саналады? (Жұма).
8. Исламның Меккедегі киелі, қасиетті орны? (Қағба)
9. Бір рудан немесе бір атадан тараған ұрпақтар қалай аталады? (Әулет)
10. Бала туралы бір мақал айтыңыз. (Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада)
1- жүргізуші: 4-ші жұптың сұрақтары.
1. Адаматаның серігі? (Хауана)
2. Апалы-сіңлінің балалары? (бөле)
3. Жаңа туылған нәрестенің алғашқы көйлегі қалай аталады? (Иткөйлек)
4. Сәби өмірге келгенде жасалатын той? (Шілдехана)
5. Қазақта сәтті күн деп апатының қай күнін айтады? (сәрсенбі)
6. Қазақта көп болып, күш біріктіріп, бірлесе жасалған жұмысты қалай атайды? (Асар)
7. Сонар сөзі қай кәсіпке байланысты қолданылады? (Аңшылық)
8. Киіз үйдің шаңырағының үстінен жабылатын киіз қалай аталады? (Түндік)
9. Құдаға берілетін сый - сияпат? (Киіт).
10. Сыңғырлау орта мектебінің түлегі, ақын ағамыз? (Рақат Қосбармақов)
2 - жүргізуші: 5-ші жұптың сұрақтары.
1. Сыңғырлау ауылын мекен еткен ғашықтар? (Қайып пен Ақбөбек)
2. Айт мерекесінде айтылатын ән? (Жарапазан)
3. Атадан балаға мұра болып қалған үй қалай аталады? ( Қара шаңырақ)
4. Үшінші байлық (Ақ жаулық)
5. Қазақтың діни мейрамы ( Құрбан айт, ораза айт)
6. Ұзатылған қызға берілетін дүние – мүлік? (Жасау)
7. Кереге мен шаңырақтың ортасын қосатын киіз үй бөлігі қалай аталады? (Уық)
8. Қуанышты хабар жеткізуші адамға берілетін сый-сияпат? (Сүйінші)
9. Немеренің баласы? (Шөбере)
10. Мақалды жалғастыр. Қызым саған айтам, (келінім сен тыңда)
(Әділ қазылардан «Зерделінің – ойы озық» кезеңі бойынша беретін бағаларын сұраймыз)
Достарыңызбен бөлісу: |