Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.
Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…
(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып жүргізушілер сахнаға шығады).
Қыз: Жеңеше, көктем келді, күн жылынды, айнала шуаққа бөленді. Мінеки, аналар мерекесі де келіп қалды. Осы аналар мерекесіне орай біз неге мерекелік шара ұйымдастырмаймыз?
Жеңге: Иә, Сырғалым, дұрыс айтасың. Бір мерекелік шара ұйымдастыруымыз керек. Көктем келді, жер аяғы кеңіді. Қыс қыспағынан құтылған адамдар көңілдерін көтерсін. Ендеше, халықты жинайық.
Қыз: Мә, жеңеше, залға қараңыз, халық жиналып қалыпты. Әлде сіз маған айтпай шара ұйымдастырып қойдыңыз ба?
Жеңге: Иә, Сырғалым, тауып қойдың. Көктемнің алғашқы мерекесі «8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» орай «Сырғалым - сырласым» атты қайын сіңлісі мен жеңгесі арасында өтетін сайыс ұйымдастырған едім. Залда отырған халық осы шараны тамашалауға келіп отыр. Ендеше, осы шараны екеулеп жүргізсек қайтеді? Бұл ұсынысыма қалай қарайсың?
Қыз: Әрине, жеңеше сіз қолқа салып тұрғанда мен қалай жоқ деп айтайын. Олай болса халықпен амандасайық!
1-жүргізуші: Армысыздар, ағайын! Қайырлы күн, қымбатты жиналған қауым! Құрметті ақ жаулықты аналар мен әжелер, кер маралдай керілген әпкелер, сіңлілер, құрбылар, ұстаздар! Қыз бала ата - ананың, ауылдың сүйікті баласы, мақтанышы, сәні, базары, көркі. Қыз – ел, ауыл еркесі, үлпілдеткен үкісі, алақандағы аяулысы басқа елдің болашақ келіні, анасы. «Қыз – өріс, қыз қонақ» деп туған - туыстары оларды аялап мәпелеп өсірген. «Кімде кім үш қыз өсіріп, тәрбиелеп, бой жеткізіп, құтты орнына қондырса оның сыйлығы – жаннат» деген Мұхаммед пайғамбар. Қазақта қыз тәрбиесі мен оны құрметтеудің жолдары өте көп. Осыған байланысты бүгінгі «8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» орай мектебіміздің 8-11 сынып аралығындағы оқушы қыздар мен олардың жеңгелерін қатыстырып өткізгелі отырған «Сырғалым – сырласым» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Наурыз айының басында біздің еліміздің көп аймағында әлі де қар жатады. Қыстағыдай ызғарлы, бірақ көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей, себебі, көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе? Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлеуден шаршамаңыздар! Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!
1-жүргізуші: Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар
Ана деген – тіршіліктің тірегі,
Мерекеңмен, қасиетті Аналар! – дей отырып, алғашқы құттықтау сөз кезегін мектебіміздің береміз.
2-жүргізуші: Той пердесін ашайық,
Жырдан шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық – деп мектебіміздің жас маманы Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Сүлейменов Таңбайдың мерекелік ән шашуын қабыл алыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |