Дарындылық бұл адамның басқа адамдарға қарағанда бір немесе бірнеше қызметтегі жоғары нәтиже мүмкіндіктерімен анықталатын психикалық сапа, біріккен қабілеттіліктің көрсеткіші. Дарындылықтың 100-ге жуық анықтамасы бар


ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫҢ ТИПТЕРІ ЖӘНЕ ОҚУ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ СӘЙКЕС ТҮРЛЕРІ



бет4/7
Дата17.07.2016
өлшемі0.65 Mb.
#205781
1   2   3   4   5   6   7

ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫҢ ТИПТЕРІ ЖӘНЕ ОҚУ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ СӘЙКЕС ТҮРЛЕРІ

Өзіндік жұмыстың типтері

Оқушылардың танымдық әрекеттерінің ерекшеліктері

Оқу тапсырмаларының түрлері

1. Үлгі бойынша өзіндік жұмыстар (репродуктивті ойлау)

Тану, білу, анықтау, ұқсасты нақтылау, мәтіндік қайталау, белгілі түсініктің аясында жаңа факторды ұсыну.

– үлгі бойынша типтік тапсырмаларды орындау;

– үлгі немесе алгоритм бойынша жаттығуды орындау;

– үлгі бойынша талқыланатын мәселеге иллюстрация жасау;

– үлгі және нұсқаулық бойынша бақылау, тәжірибе, зертханалық жұмыс жүргізу;

– үлгі және нұсқау бойынша пәндерді, олардың бөліктерін жасау;

– сөзбе-сөз түсінгенін айту;

– фактілерді, белгілерді, сапаларды атап беру;

– мәтіннен дайын жауапты табу;

– үлгі және мысалдар бойынша материалдарды топтастыру, таңдау;

ұғымға нақты мысалдар келтіру, берілген үлгі бойынша ережелер құрастыру.



2. Трансформативті (реконструктивті) жұмыстар, шығармашылықтың І деңгейі

Нысанның ішкі құрылымын ой елегінен өткізу және түрін өзгерту, суреттеу және әрекетті талдау, мүмкін жолдарын көре білу.

– мәтіндік құрылымдарды басқа үйлесімде қолдану;

– мәтінді логикалық тұрғыдан өңдеп қайталау;

– түрлі ақпарат көздерінің негізінде сауалға жауап құрастыру;

– материалдағы негізгіні қосымшадан бөліп алу (мәтін түрінде немесе сызба түрінде);

– тақырып бойынша жоспар құру;

– конспектілеу;

– дәстүлі емес жағдаятта белгілі ережелер мен заңдылықтарды өзгерте отырып, тапсырманы орындау;

– тапсырма, тезис құрастыру;

– толық емес нұсқаулық бойынша тәжірибе, бақылау, зертханалық жұмыс жүргізу;

– өтілетін материалды иллюстрациялаудың жаңа құралдарын табу, іздестіру;

– сызба, кестелерді интерпретациялау (түсіндіру);

– салыстыруға тапсырмалар.



дарынды балаларды оқытудағы қосымша білім берудің ролі

Қосымша білім беру әр балаға білім саласын, бағдарламалар профилін, оларды меңгеру уақытын еркін таңдауға мүмкіндік береді. Осындай мақсатпен оқушылардың қосымша білім беру жүйесіндегі көптеген шығармашылық бірлестіктері мынадай бағыттарды қамтиды:

Қосымша білім берудің бағыттары

Ұйымның атауы мен түрі

Көркем-эстетикалық

«Балалықтың ырғақтары» хореграфия

«Балауса» спорттық балдық би

«Ғажайып гүл шоғы» бисер тоқу

«Эдельвейс» вокальды ансамбль

Театрлық

Көркем сөз

Классика (ағылшын)

Қуыршақ театры (орыс)

Эстрадалық миниатюралар театры

КВН

Ермек саз анимациясы




Қуыршақтар әлемі («Ғажайып қима» үйірмесі)

Көркем-қолданбалы шығармашылық

Ғылыми-техникалық

Техникалық үлгілеу

Дене-спорттық

Аэробика

Баскетбол

Таэквондо

Туристік-өлкетану

Саяхат

Мәдениет

танымдық


Тілші

Ағылшын секциясы

Неміс секциясы

Француз секциясы

Испан секциясы

Қытай секциясы

Әлем тану (ағылшын)

Әлем тану (неміс)

Техникалық аударма (ағылшын)

Техникалық аударма (нем.)

Француз әдебиеті

Цицерон (риторика)

Әлеуметтік-педагогикалық

Әлеуметтік жоба

«Өтпелі жас» балалар ұйымы

Баспасөз орталығы «Айқын»

Шығармашылық ойлауды дамыту

Әскери-патриоттық

«Әскери даңқ» ғылыми-ізденіс орталығы

Мектеп мұражайының қызметі

Жаратылыстану-ғылыми

Эврика

Интернет

Компьютер әлемі

ОҒҚ

Филология бағыты

Этнография

Әдебиет

Тарих , т.б.

Қорытынды









ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
Дарынды балалардың ата-аналарының проблемалары өте ауқымды және әр түрлі болады. Мысалы: 10 ата-ананың 9-ы дарындылықты анықтауды және оларды психологиялық-педагогикалық тұрғыда қолдауды біле бермейді, ал 10 ата-ананың 7-і дарындылықты анықтауды өз құзырларына жатқызбайды, сондықтан да қазіргі уақытта 100 баланың тек 2-6 ғана дарындылығы анықталып, жұмыс жүргізілуде. Дарынды балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыс жүйесінің қалыптасуы ата-аналардың оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімдермен тең құқықты екендігін айқындайды.

Дарынды балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыс жүйесі мұғалім мен ата-аналардың біріккен жұмыстарының тәсілдері мен формаларын құруға бағытталған.



  1. Түрлі жаңалықтар ашуда табысты оқу еңбегін қамтамасыз ету;

  2. Даусыз қарым-қатынас, жағымды адами көзқарас қалыптастыру;

  3. Баланың өзін ұнаған ісімен айналасуына, сонымен қатар, қолданбалы біліктілік пен дағдының кең аспектісін алуына жағдай жасау.

Негізгі мақсат – дарынды балалардың ата-аналары мен балаларының ынтымақтастығын қалыптастыра отырып, олардың жеке өзіндік қасиеттерімен танысу.

Дарынды балалардың ата-аналарымен ынтымақтаса жұмыс жүргізудің негізгі міндеттері.



  • Баланың дамуына қолайлы жағдай жасау үшін ата-ана мен мұғалімнің біріккен жұмыс әрекеті.

  • Отбасы тәрбиесінің пайдаланылмаған ресурстарын орнату;

  • Баланың отбасы тәрбиесіндегі жақсы жақтарымен танысу, тәжірибе алмасу.

  • Ата-аналарының сыныппен мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесімен, оның балаларға қоятын талап-тілектерімен танысу.

  • Ата-аналарды сынып өміріне қатыстыру.

Осы міндеттерді шешуде мұғалімнің қызметі төмендегі принциптерді ескергенде ғана жүзеге асады.

  1. Ашықтығы.

  2. Бірлескен шығармашылық қызмет.

  3. Жеке және жас әрекшеліктерін есепке алу.

  4. Серіктестік қатынас.


Мұғалімнің дарынды балалардың ата-аналарымен жұмысының құрылымы.

Ұйымдастыру жұмыстарына ата-аналармен ынтымақтаса жүргізетін жұмыстар жатады. Олар ата-аналар жиналысы, ата-аналар комитеті және т.б. Ата-аналар жиналысы – мұғалімнің ата-аналармен бірлескен қызметінің ең қажетті бөлігі. Кез келген педагогикалық іс-шаралар сияқты ата-аналар жиналысын өткізудің де өзіндік тәртібі бар. Яғни ата-аналар жиналысы ой-пікірлері бір жерден тоғысатын, серіктестер кездесуі сияқты болып өту керек. Мысалы, ата-аналармен өткізген ең бірінші жиналыстың құрылымын атап өтейік:



  • сәлемдесу;

  • өз балаларын осы мектепке оқуға бергені үшін ата-аналарға алғыс білдіру;

  • ата-аналарға ескертумен емес, ұсыныстармен шығу;

  • әр түрлі педагогикалық проблемаларды еске сала кету. Мысалы: «Ия, бұл кез-келген жанұяда кездесетін жайт...» «Осы жастағы балаларда болатын қасиеттер...» т.б. яғни, мұғалім өз тәжірибесінде әр түрлі қиындықтармен кездескенін, бұл қиындықтарды оңай жеңе алатындығын айта кеткені жөн.

  • тәрбиелеуде әр түрлі қиындықтардың кездесетінін, оған мұғалім өз көмегін аямайтындығын атап өткені дұрыс.

  • жиналыстың соңына таман мектеп бойынша немесе сыныпта қандай іс-шаралардың белгіленгенін, оған ата-аналардың қатысуы қажет екендігін де еске сала кеткен жөн.

Ата-анамен ынтымақтастық, түсінушіліктің, келісушіліктің өте маңызды негізі – диалогтық қарым-қатынас. Мұғалім оқушының жанұясына аса құрмет көрсетуге, онымен сөйлесуге дайын болу керек. Мұғалімге де, ата-анаға да бала тәрбиесі туралы біліммен қарулану керек. Ата-аналармен кездесуде оқушының тәртібі, оның мінез-құлқындағы өзгерістерді талқылап, бір шешімге келе керек. Мұғалім ата-аналарды баласының жеке даму картасымен таныстырып, кейбір мәселелерді шешу жолдарын іздестіру керек.

Диагностикалық-аналитикалық жұмыс ата-аналармен байланысудағы басты бағыт. ата-аналардың пікірі, оны талқылау ата-аналардың оқу-тәрбие процесіне, мұғалімге деген көзқарастарының қандай екендігін көрсетеді.

Жұмысты ұйымдастырудың формалары:


  • анкета, тест жүргізу, сұрақ-жауап алу.

  • Ата-ана туралы шығарма жазғызу, сурет салу.

  • Бала даму картасы бойынша жұмыс.

  • Баланың ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынасын қадағалау, оның әрекетін қадағалау.

Ақпараттық-әдістемелік жұмыс, ата-аналарды сыныптан тыс іс-шараларға қатыстыруға бағытталған. Егер ата-аналар мұғалімнің берген тапсырмасын тек орындаушы ғана емес, әртүрлі идеялар ойластырып соны мұғаліммен бірге талқылап, қолданса тиімді болады. Мысалы: ата-аналар «Білім күні», «Соңғы қоңырау», «Наурыз мейрамы», «Әкем, шешем және мен» сияқты іс-шараларға ғана қатыспай, басқа да музыкалды, интеллектуалды ойындарға, мысалы: «Білгірлер клубы» немесе «Классикалық музыканы ұнатушылар клубына» қатысса, оның берері мол болар еді.


Дарынды балалардың ата-аналарымен ынтымақтаса

жұмыс жүргізу жоспары.




Іс-шаралар

Жұмыс түрлері

Қызметі

Мақсаты мен міндеті

Мерзімі

І. Ұйымдастыру жұмыстары

1

«Сіздер туралы және сіздерге арналады, ата-аналар».

Ата-аналар жиналысы.

«Ата-аналарға жарнама» дайындау.

Табысты ынтымақтастық

орнату.


Қыркүйек

2

Өзгермелі өмірдегі әкелер мен балалар.

Әкелер жиналысы.

«Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі» атты семинар дайындау.

Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі.

Қараша

3

Жанұя – бұл махаббат.

Ойлану, қиялдау сағаты.

Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді іріктеу. Талқылауға арналған сұрақтарды анықтау.

Бала сезімін дамытуды қалыптастыру.

Ақпан

4

Жанұялық сенбі.

Мектептегі ата-аналар күні.

Сабақтарға қатысу.

Балаларды бақылау, қадағалау.

Жыл бойы

ІІ.Диагностикалық-аналитикалық жұмыс

1

«Мен және балам».

Сауалнама жүргізу.

Ата-аналарға сауалнама жүргізу.

Ата-аналардың өз балаларын қаншалықты білетіндігін және түсінетіндігін анықтау.

Қазан

2

«Әкем менің досым немесе...».

Шығарма.

Балалардың шығармасы.

Шығарма жазғызу арқылы әкелердің бала өміріндегі ролін анықтау.

Желтоқсан

3

«Менің жанұям».

Суретті тест.

Балалардың шығармасы.

Балалардың салған суреті арқылы жанұя жағдайын анықтау.

Қаңтар

4

«Мен және менің бойым».

Даму және тәрбиелілік картасы.

Ата-аналардың, оқушының және мұғалімнің картасын толтыру.

Балалардың дамуын және тәрбиелілігін қадағалау.

Жыл бойы

ІІІ. Ақпараттық-әдістемелік жұмыс.

1

«Сіздер туралы және сіздерге арналады».

Ақпараттық стенд.

Стендінің безендірілуі.

Мектеп өміріндегі балалардың іс-әрекеті туралы мағлұмат беру.

Қыркүйек

2

«Мектептегі менің табыстарым».

Ақпараттық бүктеме. (буклет)

Бүктемелерді безендіру.

Балаларды ізденуге үйрету, баулу.

Жыл бойы

3

«Бала мен ата-аналардың қарым-қатынасы».

Дөңгелек стол.

Ғылыми-әдістемелік жұмыстарды іріктеу.

Ата-аналарға әдістемелік көмек көрсету.

Наурыз

IV. Танымдық-зерттеу жұмыстары.

1

«Кітап – жан азығы».

Кітаптар мерекесі.

Кітаптарды іріктеу, рольдерді бөлісу.

Балаларды кітапты сүюге баулу. Балалардың дүниетанымын кеңейту.

Сәуір

2

«Интеллектуалды мозаика».

Ойын.

Жетондар, мозайка қағаздарын дайындау.

Оқушылардың интеллектуалды дамуын анықтау.

Қараша

3

«Интеллектуалды жанұя».

Марафон.

Материалдар дайындау.

Интеллектуалды даму.

Жыл бойы

4

Дарынды балалар және оның ата-аналары.

Жанұялық мереке.

Сценарий.




Мамыр


АҚЫЛ-ОЙ ДАРЫНДЫЛЫҒЫ,
ОНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АЙҚЫНДАЛУЫ


Балалардың дарындылығы ұғымы және оны анықтау

ДАРЫНДЫЛЫҚ – жас ерекшелігімен салыстырғанда ақыл-ой дамуындағы нормадан асып кететін даму немесе арнайы қабілеттерінің (музыкалық, көркем, т.б.) ерекше дамуы. Баланың дарындылығы тек оқу, тәрбиелеу процесінде, бала белгілі бір мазмұндық іс-әрекет жасау барысында ғана нақтыланып, зерттелуі мүмкін. Баланың бойындағы ақыл-ой дарындылығының байқалуы кіші жастағы ерекше мүмкіндіктерімен тығыз байланысты. Кіші жаста ақыл-ой дамуына назар аудару баланың интеллектік тұрғыдан қалыптасуына ерекше ықпал етеді.

Дарынды балалар, біріншіден, жоғары қызығушылықтары және зерттеушілік белсенділігімен ерекшеленеді. Психофизиологиялық зерттеулер көрсеткеніндей, мұндай балалардың миының биохимиялық және электрлік белсенділігі көтеріңкі болады.

Дарынды балалар кіші жастарында себеп-салдардың байланысын қадағалап отыруға және сәйкес қорытынды жасауға бейім болады; олар әсіресе балама модельдер мен жүйелер құруға құмар болады.

Көбіне дарынды балалардың сөздік қоры бай, олар күрделі сөздік құрылымдарды еркін қолдана алады. Олардың көбі анықтамалықтарды, энциклопедияларды көп оқиды, ақыл-ойды белсендіретін ойындарды жақсы көреді.

Дарынды бала – бұл жасына сәйкес өсіп келе жатқан интеллектінің дербес байқалуының жеткілікті дәрежедегі тұрақты ерекшеліктері.

Дарындылықтың түрлері

Дарынды балалар дарындылықтарының түрлеріне қарай бір-бірінен ерекшеленеді. Дарындылықтың мынадай түрлері болады:



Көркем дарындылық

Дарындылықтың бұл түрі арнайы мектептерде, үйірмелерде дамытылады. Музыка, бейнелеу өнері, орындаушылық, әртістік, сәулет өнері саласындағы жоғары жетістіктерінен көрінеді.



Жалпы интеллектуалдық және академиялық дарындылық

Мұндай дарынды балалар негізгі ұғымдарды тез есте сақтап, жылдам меңгереді. Ақпаратты өңдеу бейімділігі аса зор. Барлық пән бойынша үздік көрсеткіштерге қол жеткізеді.



Шығармашылық дарындылық

Шығармашылық бағытта дарынды балалар:

• шарттылықтар мен беделге көнбейді;

• пікір айтуда еркін әрі тәуелсіз;

• әзіл, қалжыңды жақсы көреді;

• жұмысты ұйымдастыру мен тәртіпке көңіл бөлмейді;

• жарқын темперамент.

Әлеуметтік дарындылық.

Лидерлік дарындылықтың мынадай белгілерін атап өтуге болады:

• интеллекті ортадан жоғары;

• шешім қабылдай алады;

• дерексіз ұғымдармен, болашақ жоспарлармен жұмыс жасауға қабілеттілік;

• мақсатты, қозғалыстың бағытын сезіну;

• ілкімділік, бейімделгіштік;

• жауапкершілік сезімі;

• өз біліміне сенімділік;

• талапшылдық;

энтузиазм;

• ойын анық жеткізе білу.

Аталған дарындылық түрлері әр балада түрліше байқалады.

БАЛАҒА ӨЗІНДІК ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ «МЕНІН» СЕЗІНУГЕ ЖӘНЕ ӨЗІНІҢ БОЙЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫЛЫҚТЫ КӨРЕ БІЛУГЕ ҚАЛАЙ ЖӘРДЕМДЕСУГЕ БОЛАДЫ?

Оқытуды дербестендіруде тәлімгер маңызды рол атқарады. Мұғалім тұлғасы кез келген оқытудың жетекші факторы болып табылады.


Кіші жастағы барлық бала – туа бітті құрылысшылар, ғалымдар, музыканттар мен ақындар. Дегенмен ерте жастан бастап, біз өзіміздің шығармашылық шабыттарымызды тежей бастаймыз. Дәстүрлі сабақ беру үдерісі шығармашылыққа көп жағдайда тұсау болады. Көптеген адамдар өздерінің шығармашылық әлеуетін ешқашан толыққанды жүзеге асыра алмайды, себебі оларға ешкім ешқашан туа бітті шығармашылық дағдыларын қалай пайдаланып, қалай дамытуға болатыны жайлы түсіндірмеген. Американдық психолог Джордан Айян шығармашылықты дамытудың мынадай жолын ұсынады:

1. Өзге адамдармен байланыс ұстаңыз.

2. Айналаңызда бай өмірлік орта құрыңыз.

3. Өз қорабыңыздан шығыңыз, саяхат жасаңыз.

4. Көңіл көтеріңіз, ойнаңыз және қалжыңдаңыз.

5. Өз дүниетанымыңызды кеңейтіңіз, оқыңыз.

6. Өнерге жақын болыңыз.

7. Қазіргі технологияларды пайдаланыңыз.

8. Сананың ғажап мүмкіндігін пайдаланыңыз.

9. Өзіңіздің балама санаңызды іске қосыңыз.

10. Өз жаныңыздың тереңіне үңіліңіз.

Осы он стратегияны шығармашылық өмірде кәсіби, мұғалімнің тіліне ауыстырыңыз. Кейбір мінез-құлық ережелерін өз қалауыңызға орай, оқушыға шығармашылық орта туғызатындай өзгертіңіз.


ҚОРЫТЫНДЫ

Тұлғаның бойында дарындылықты қалыптастыруда өзін-өзі дамыту әрекетінің психологиялық механизмін жоққа шығара алмаймыз.

Бала дарындылығы тек мектептегі жетістіктерімен ғана емес, мектептен тыс шаралар негізінде де анықталуы тиіс.

Біз баланың дарындылығы мен оқуға бейімділігін әрқашан айыра бермейміз. Әлеуеттік мүмкіндігі бірдей, бірақ әлеуметтік-экономикалық жағдайы әр түрлі отбасындағы балаларды салыстырғанда, әлеуметтік-экономикалық жағдайы жоғары отбасындағы бала өзге құрбыластарына қарағанда анағұрлым жоғары жетістіктерімен көрінуі мүмкін. Балалық шақтағы анықталған қабілеттері адамның болашақта жетістікке жетуіне толық негіз бола бермейді. Олар біртіндеп немесе тез арада жойылуы мүмкін немесе өркендеп дамуы мүмкін. Бұл жағдайды практикалық жұмысты ұйымдастыруда есепке алу өте маңызды.


Дарындылық және шығармашылық

(негізгі көрсеткіштер)

А.М.Матюшкин

І. Жалпы дарындылықтың бес факторы:

1. жалпы танымдық мүмкіндіктер (сенсорлық процестер, назар, ес, ойлау)

2. арнайы қабілеттер (ғылыми, көркем, техникалық, спорттық, әлеуметтік/лидерлік)

3. интеллект(IQ) – ақыл-ой мүмкіндіктері және сөйлеу

4. креативтілік зерттеушілік мүмкіндік

5. жағымды «Мен» - концепциясы
ІІ. Креативтіліктің бес факторы


  1. зерттеушілік мүмкіндік (белсенділік), қызығушылық.

  2. когнитивті проблемалылық.

  3. интуитивті мүмкіндік (ұғымпаздық).

  4. ойлау тілі (бай әрі сауатты сөздік қор).

  5. ойды анық жеткізе білу мүмкіндіктері.

ІІІ. Шығармашылықтың негізгі типтері



  1. «Мен» бейнесі («Мен» - шығармашылық).

  2. өнер

  3. әлеуметтік мінез-құлық

  4. ғылым

  5. техника

ІҮ. Шығармашылықты жүзеге асыру формалары



  1. дербес

  2. сұхбат үстінде

  3. топта

  4. дау-жанжалда

  5. жетекшілікте

Ү. Дарындылықтың тұлғалық факторлары

1. шығармашылық белсенділік

2. зерттеушілік (танымдық) мотвацияның басымдығы

3. жағымды өзіндік баға

4. өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылу

5. бәсекеге қабілеттілік

ӘДІСТЕМЕЛЕР




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет