«Дарындылық картасы» әдістемесі. «Дарындылық картасы»



бет12/22
Дата30.10.2023
өлшемі122.86 Kb.
#481958
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Дарындылық картасы

Интерпритациясымына төмендегі кестеге әр сұрақтың бағасын толтырып шығыңыз. Жеке әр қабілеттегі бағаларды косып шығып, жалпы корытынды ұпайын жазыңыз. Әр қабілет қанша сұрақ бойынша бағаланды, сол санға бөліңіз. Мысалы: Интеллект бойынша жалпы қорытындысы 45 болса, оны 12-ге бөлеміз, сонда жауабы 3,75% болады. Осылай 8 қабілетті жеке-жеке шығарып, алған соң диаграмма сызамыз.

ЖАУАП ПАРАҒЫ
Оқушынын аты-жөні......................................................
......................................................................................................
Сыныбы...............................Жүргізілген уақыт........................

Жүргізілген әдіс:


«Баланың профильдік қызығушылығын анықтау» сауалнамасы.




Қабілеттің түрлері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Жалпы қор-ды

%

1

Интеллект











































2

Көркем шығ.











































3

Музыка











































4

Ғылыми жұм.











































5

Әдеби шығ.











































6

Әртістік











































7

Техника











































8

Спорт











































«Графикалық тест»
баланың өзін-өзі бағалауын анықтайды

Жүргізілу барысы: мына төмендегі 8 шенбердің біреуін тандап ішін бояныз немесе белгі қойыңыз.



жоғары адекватты немесе дәл төмен

Интерпритациясы:
• Алғашқы екі шенбердің біреуін тандаған бала өзін жоғары бағалайды.
• Ең сонғы екі шеңбердің біреуін тандаған бала өзін төмен бағалайды.
• Ортасындағы төртеуінін біреуін тандаған бала өзін адекватты немесе дәл бағалайды.

И. Панарин тесті
- таңдаған лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қабілеті басым жандар.

- таңдаған өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.




- таңдағандар жаңа идеяға жақын, білуге құмар, ізденгіш жандар.

- осы 5 фигураның ішіндегі өте мейірімді, басқаның қайғысын да, қуанышын да бөлісуге даяр тұрған жандар.

- таңдағандар, шығармашылық қабілеті басым, үнемі ізденіс үстінде жүретін жандар.


Темпераментті анықтау тесті

Берілген пікірлердің ішінен өзіңізге тән дегенін белгілеңіз.


1. а) Мазасыз, күйгелексіз.
б) Көңілді, ақжарқынсыз.
в) Сабырлы, байсалдысыз.
г) Ұялшақ, қысылып-қымтырыласыз.
2. а) Ұстамсыз, қызбасыз.
б) Белсенді, істе ширақсыз.
в) Ретті, нақтысыз.
г) Жаңа ортада ыңғайсызданасыз.
3. а) Шыдамсыз.
б) Бастаған беті аяқсыз қалдырасыз.
в) Сақ, парасаттысыз.
г) Жаңа адамдармен тіл табысу сізді қиналдырады.
4. а) Қарым-қатынаста бірбеткей, тік мінездісіз.
б) Өзіңізді асыра бағалайсыз.
в) Шыдамсыз.
г) Өз кушіңе сенбейсіз.
5. а) Батыл, белсендісіз.
б) Жаңашыл нәрсені тез қабылдайсыз.
в) Үндемейтін, көп сөйлегенді жек көресіз.
г) Жалғыздықты ұнатасыз.
6. а) Бірбеткейсіз.
б) Ықылас бейімділігіңіз тұрақсыз.
в) Аспай-саспай бір қалыпты сөйлейсіз.
г) Сәтсіз жағдайларда үнжырғаңыз түсіп, сасасыз.
7. а) Дау-дамайда тапқырсыз.
б) Сәтсіздік, көңілсіздікті тез жеңесіз.
в) Ұстамды, шыдамды.
г) Өз ойыңызбен отырғанды қалайсыз.
8. а) Тәуекелге бейімсіз.
б) Әр түрлі жағдайларға тез бейімделесіз.
в) Бастаған істі аяғына дейін бітіресіз.
г) Тез шаршап қаласыз.
9. а) Іске анда-санда ғана араласасыз.
б) Кез-келген жаңа іске қызығушылықпен кірісесіз.
в) Күшіңізді бекерге жұмсамайсыз.
г) Тым әлсіз сөйлейсіз, кейде тіпті естімей қалады.
10. а) Қайтымы жылдам, секемшілсіз.
б) Тартымсыз болса, көңіліңіз тез қалады.
в) Қойылған күн тәртібін ұстанасыз.
г) Еріксіз әңгімелесушінің мінез-құлқымен үйренесіз.
11. а) Шапшаң, әсерлі, бірақ жиі тоқтап сөйлейсіз.
б) Жаңа іске тез кірісесіз, басқа іске де араласып кетесіз.
в) Шапшаңдығыңызды басып отырасыз.
г) Істе шапшаңцық танытпайсыз.
Темпераментті анықтау тесттің кілті.
Әр нұсқаға «1» ұпай беріледі.
А) холерик — (ыстыққанды)
Б) сангвиник — (жеңілқанды)
В) флегматик — (суыққанды)
Г) меланхолик — (ауырқанды)
Қай нұсқаның балы көп болса, сол темперамент иесінің көрсеткіші.
Темперамент — жүйке саласының тума қасиеттерін туындайтын адамның жеке-дара өзгешелігі. Мәселен, қимыл-қозғалысы шапшаң, ұстамсыз, ылғи да күйіп пісуге дайын тұратын күйгелек адамдар болады. Мұндайлар істі бұрқыратып істейді, кейде қолын бір сілтеп сылқ түседі. Еті тірі, ойнақы, тынышсыз, шамданғыш, көңіл-күйі аумалы-төкпелі, жұртпен қарым-қатынаста тұрақсыз, пысық, бірақ бейқам келеді. Ғылымда бұлар холерик деп аталады.
Адамдардың енді бір тобы кісімен тез тіл табысады, өзін көңілді ұстайды, бұл ақкөңіл қызу істің адамдары. Қысылып-қымтырылмайды, кісіге қайырымды, еті тірі, бірақ істі бастап, кейін тастап кетеді. Мұндай адамдарды сангвиник темпераментінің өкілі дейді.
Енді біреулер сақ, байыпты, байсалды, ынтымақшыл келеді. Әр ісін ойлап істейді, тұрақты, бірқалыпты жүреді, орынсыз асып-саспайды. Бір істі бастаса, оны аяқсыз қалдырмайды. Мінезі ауыр, көрсеқызар емес, қимыл-қозғалыстары баяу. Бұл флегматик темпераментінің өкілі.
Меланхолик темпераиментіне жататындар сәл нәрсеге ренжитін, өкпелегіш, тұйық, көп сөзі жоқ, пессимист,өте баяу қозғалатын жайбасар адам. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, өте ынжық кісі «мен» деп ешқашан ұмтылмайды, өте ұялшақ, тартыншақ, жұрттан аулақ жүргенді жаны сүйеді.


Американдық мамандар Ф.Татл және Л. Беккердің балалардың бейімділігінің мүмкіншілігін және дарындылығын анықтау тест-сауалнамасы

Әрбір сұраққа "иә" немесе "жоқ" деп жауап беру қажет.



  1. Менің балам қозғалғыш, тынымсыз, ынталы.

  2. Оның қызығатын және айналысатын ісі тұрақты.

  3. Оның қызығушылығы байсалды.

  4. Құрдастарымен салыстырғанда оның қызығушылығы артықтау: өнерде, әдебиетте, спортта, табиғатта, құрастыруда, техникада (астын сызу керек).

  5. 2-ден артық емес жақын досы бар, тіпті өзінен үлкен.

  6. Оны жұмбақты, құпиялы және тіпті түсініксіз жайттар қызықтырады.

  7. Көп сұрағанды қалайды, сұрақ жауабына жетуге тырысады.

  8. Тілі жақсы дамыған. Сөздік қоры көп, оны жақсы пайдалана алады.

  9. Әр түрлі ситуацияларда өзіндік шешім қабылдауға тырысады.

  10. Өзінің сұрақтарына дұрыс жауап алмайынша тынышталмайды.

  11. Еш жағдайға және уәдеге қарамастан осы және басқа да іс-әрекетке өзіндік көзқарасын ұстауға тырысады.

  12. Міндетті түрде барлық жаңалыққа ұмтылады.

  13. Бастаған ісін соңына дейін аяқтайды.

  14. Басқалармен қарым-қатынаста өзінің жеке ойын іркіп қалады. Көпшіліктің пікірін қабылдағысы келмейді.

  15. Қиын жағдайларда өзіне көшбасшы рөлін алады.

  16. Қандай да бір іс-әрекетке немесе затқа (кітап пен ойыншық) бейімділігі байқалады.

  17. Мақсатқа жету барысында бірбеткей, айтқанынан қайтпайтын, шешім қабылдағыш.

  18. Үлкендердің көмегі қажеттілігін ашық айтады.

  19. Өзіне достарды оңай таба алады..

  20. Өзін қызықтыратын орта туралы көптеген сұрақтар қояды.

  21. Сырт көзге қарағанда өзінің жасынан үлкенірек көрінеді.

  22. Өзімшілдік мінез бітісін жиі көрсетеді және еш сылтаусыз да.

  23. Өз бағасын біледі (жас ерекшелігіне сәйкес)

  24. Бастаған ісінен тез және үнемі ауытқиды және тастап кетеді.

  25. Гуманитарлық және техникалық сұрақтар жайында қызығушылығы бірдей.


Қорытынды: егер сіз 1,6,18,24 сұрақтарға «иә» деп жауап берсеңіз, сіздің балаңыз негізінде қабілетті. Тек жағымсыз сұрақтардың жауаптары жағдайында: 2,3,7,10,11,13,16,17,19,20,22. Егер барлық сұраққа «иә» деп жауап берсе, онда оқушы шынымен де "дарынды" деп аптуға негіз бар. Егер қалған сұрақтардың - 4,5,8,9,1 - 4,15,21,23,25 жауаптары дұрыс болса, бұл баланың дарындылығын, тіпті талантты екендігін айқындайды.
Қорытынды диагноз қою үшін мүмкіндігінше арнайы маманның көмегімен қайтадан тексеру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет