Л.Г.Матвееваның әдісі
«Баланың профильдік қызығушылығын
анықтау» сауалнамасы
Жүргізілу барысы: Бұл сауалнаманы ата-анасы мен сынып жетекшісі баланы бақылау үшін жүргізеді.
Мына берілген мінездемелерге шынайы жауап беріңіз. Жеке әр мінездемені 2,3,4,5- деген бағамен бағалайсыз. Бағаңызды төмендегі кестеге толтырып отырыныз.
Интеллект қабілеті
Сабақты тез және женіл қабылдайды.
Салауатты ойлайтын қасиеті бар және білімін күнделікті жағдайларда қолданады.
Жақсы және ашық ойлайды, ойында шатаспайды. Бір оқиға мен келесі оқиғаның байланысын сезеді, себеп-салдарын түсінеді. Егер де үлкен кісі ойын аяқтап айтпаса да, ол кісінің ойын түсініп қояды. Басқа адамдардың жасаған іс-әрекеттерінің себебін сезеді, тәртібін түсінеді.
Естігенін және оқығанын тез есіне сақтай біледі. Жаттауға, қайталауға көп уақыт бөлмейді.
Өзімен жасты балалардың білмейтін мәселелері мен жаңалықтары жайлы көбірек біледі.
Сөз қоры бай, жаңа таныс сөздерді әңгімесінде женіл қолдана береді.
Кітаттты жақсы көреді. Өзінен бір-екі жас үлкен балалардың оқитын кітаптарын қызыға оқиды.
Күрделі есептерді жақсы шығарады.
Көп сұрақтар қояды. Көп нәрсеге қызығады, жасы үлкендерге сұрақтарды еркін қояды.
Өзімен жасты балалардан бір-екі жылға қабілеті озық. Ондай балалардың сабақта іші пыспауы үшін жоғары сыныпқа ауыстыру керек. Себебі: журнал, кітап арқылы үлкендердің әңгімесінен бәрін біледі.
Ойы қызық, күтпеген жерден шешім және жауаптар ұсынады.
Тез байқағыш, қабылдағыш. Ойламаған жаңа нәрселерге тез көніл бөліп, ойланады.
Көркемдік шығармашылық қабілеті
Өзінің суреттерінде көп заттарды, жағдайларды, адамдарды шынайы келбетте салады. (Суреттің көрінісінде бір қалыптылық жоқ).
Өнер шығармаларына өте байсалдылыкпен қарайды. Егер жақсы суретті, дәстүрлі емес скульптураны көрсе, сазды әуенді естісе, ойы сезімге бөлініп, байсалды болады.
Сюжет тандауда өзгешелік білдіреді (суретті шығармада, бір оқиғаны суреттеген кезде гүлдерден, суреттерден, тастардан, маркалардан өзгеше комгтозициялар жасап көрсетеді).
Ойыншық, сурет, композицияларды жасау үшін жаңа материалдарды пайдаланады. Балалардың үйін құрастырғанда, қайшымен, желімдегішпен жұмыс істейді.
Бос уакытында сурет салады. Ермексазбен (пластилинмен) көркем мағыналы ерекше композициялар жасайды (үйді, киімді безендіру, әсемдеу үшін).
Өзінің ойын, көңіл күйін көрсету үшін сурет салады, пластилинмен жұмыс жасайды.
Басқа адамдардан шыққан қол өнер туындыларына қызығу танытады.
Пластилинмен, балшықпен жұмыс істегенді жақсы көреді.
Достарыңызбен бөлісу: |