Нәтижелерді өңдеу.
Бірінші сұрақтың жауаптарын талдау үшін топтағы тұлғаарлық қатынастар мен серіктестіктің жағдайын айқындайтын социометриялық матрица құрады.
Өзара тандауларының санын білу арқылы микротоптарды анықтайды. Бұл жағдайда тандаудың бірінші, екінші, я болмаса үшінші екендігінде айырмашылық болмайды. Микротопқа бірін-бірін өзара тындаған топ мүшелері кіреді. Соңғы нәтижені кесте түрінде көрсетуге болады.
Сурет 1. Социометриялық зерттеу деректері бойынша құралған топ кестесі.
Шартсыз лидерді анықтау 2-сұрақтың жауаптарындағы таңдау сандарын санау арқылы жүргізіледі. Қосымша фактор ретінде таңдау дәрежесі де орын алады (бірінші, екінші, үшінші).
Топ мүшелерінің социометриялық статусын (St) 3-сұрақтың жауаптарын төмендегі формулаға салу арқылы анықтайды:
(4),
мұндағы: — топтың бір мүшесінің жинаған ұпай саны.
n — топ мүшелерінін саны.
Өзара байланыстың топтық коэффициентін (Кв) өзара тандаулар матрицасынын мәліметтерін төмендегі формулаға салу арқылы анықтайды:
(5),
мұндағы: — топтағы өзара таңдаулар саны.
n — топ мүшелерінің саны.
Коммуникативтіліктің топтық коэффициентін (Кк) өзара таңдаулар матрицасының мәліметтерін төмендегі формулаға салу арқылы анықтайды:
Кк = nк/n (6),
мұндағы: nк — микротопқа кірген топ мүшелерінің саны.
n — топ мүшелерінің саны.
Оқшауланғандардың жеке меншік үлесін (Кu) өзара таңдаулар матрицасынын мәліметтерін төмендегі формулаға салу арқылы анықтайды:
Кu= n ү /n (7),
мұндағы: n ү — оқшауланғандар саны, яғни, бірде-бір тандау алмаған топ мүшелері.
n — топ мүшелерінін саны.
Психологиялық климаттың қолайлылық коэффициенті (Кбnк) Кв және Кк коэффициенттеріің орташа мәні арқылы анықталады:
(Кбnк) = Кв+Кк/2,
мұндағы: Кв — өзара байланыстын топтық коэффициенті;
(5) формула арқылы анықталады,
Кк — коммуникативтіліктің топтық коэффициенті;
(6) формула арқылы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |