¦дебиеттер


Тiстi дөңгелектердi дайындау, консрукциясы және материалы туралы қысқаша мәлiмет



бет13/64
Дата08.12.2023
өлшемі5.14 Mb.
#485937
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   64
¦äåáèåòòåð

2.3.4. Тiстi дөңгелектердi дайындау, консрукциясы және материалы туралы қысқаша мәлiмет.
Т істі берілістердің белгілі бір жылдамдықтағы қанағаттандырарлық жұмысы тістің бүйір беттерінің дұрыс таңдалуына және жасалуына байланысты. Тістің дәл ілінісуі тістің жасау әдісіне байланысты. Жай қозғалатын берілістер үшін тістер құйма түрінде, механикалық түзетусіз жасалады. Көп жағдайда тістер механикалық түзетумен жасалады. Тісті дайындау екі этаптан тұрады кесу және түзету.
Сурет -3
Тісті кесудің екі әдісі бар:

  • көшіріп алу әдісі;

  • айналу(оралу) әдісі.

Көшіріп алу әдісі ойпат профильді құралдармен: дискілі саусақтар тәрізді
фрезамен орындалады. Бұл әдіс тіс кесетін станоктары жоқ жөндеу шеберханаларында қолданылады.

Сурет -4
Негізгі – айналу әдісі тісті берілістің дәлдікпен және жоғары өнімділікпен кесуін қамтамасыз етеді. Тісті дөңгелектерді кесу кезінде кескіш құралды оның орта сызығын шеңбердің алғашқы диаметрінен блгілі шамаға жылжытуды айтады.


Тіс профилен түзету тісті ілінісуін жақсартады. Егер кескіш рейканың орта сызығы шеңбердің алғашқы диаметрімен сәйкес келсе, түзету болмайды.
Егер кескіш құрал дайындама ортасынан сыртқа жылжыса, онда түзету коэффиценті оң таңбалы болады және тістің пішіні өзгермейді. Тіс табан жағына қарай жуандайды және тістің ұшына қарай үшкірленеді. Егер кескіш құрал орталыққа қарай ығысса, тіс аяғының қалыңдығы жіңішкереді және түзеті коэффиценті теріс таңбалы болады. Тісті берілістер белгілі бір дәлдікке сәйкес жасалуы керек.

Сурет-5

Кесу станогінде конусты дөңгелектің тісін кесу сәті 6б суретінде көрсетілген. Тісті дөңгелектердің материалдары иілуге берік мен сыртқы бетінің қаттылығы жоғары болуы қажет. Сондықтан тісті дөңгелектер болаттан қыздырып өңдеу арқылы жасайды. Болатпен қатар шойын мен пласмассадан жасалатын тісті дөгелектерде қолданылады.


Сурет-6



Тісті дөңгелектер жасау үшін қаттылығы НВ 350; жақсартылған болат, қалыпты қыздырылудан өткен соң кесіледі. Қаттылығы HB>350болаттан тісті кесіп алып, сонан соң қыздырып өңдеу қажет. Тісті дөңгелек жасау үшін:
- көміртекті болаттың Ст.5 и Ст.6 марокалары; (аз).
- сапалы болаттардың 35, 40, 50, 50Г, 50Г2 термиялық өңдеудел маркалары;
- легирленген болаттардың 12ХН3, 15Х, 20Х, 40Х, 40ХН және т.б. маркалары;
- құйма болаттардың 35Л, 45Л, 55Л, 40ГЛ маркалары.
Сұр шойынның СЧ15-32, СЧ18-36, СЧ21-40 маркалары негізінен жылдамдығы 3 м/сек. аспайтын ашық берілістерде қолданылады.
Металлемес материалдардан текстолит, ДСП, пресстелген ағаш және капрон қолданылады. Әр түрлі материалдан жасалынған тісті дөңлелектер дыбыссыз жұмыс жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет