¦дебиеттер


Шынжырлы берілістің пайдалы әсер коэффициентi



бет32/64
Дата08.12.2023
өлшемі5.14 Mb.
#485937
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64
¦äåáèåòòåð

Шынжырлы берілістің пайдалы әсер коэффициентi
Шынжырлы берілістің пайдалы әсер коэффициентi жұлдызшалар мен шарнирдегі үйкелске кеткен және май ванналарында майды араластруға жұмсалған күштерге байланысты анықталады. Бірқалыпты жұмыс жағдайында берілістің п.ә.к. орташа мәні: =0,92…0,97
2.7.2 Жетек шынжырлары
Шынжырлы берілістің негігі түрі – жетек шынжырлары, бір - бірімен шарнир арқылы қосылған буындардан тұрады. Бұл күндері жетек шынжырларының екі түрі кеңінен таралған:

  • втулкалы(төлкелік);

  • роликті;

  • тісті.

Барлық шынжырлар әлемде деңгейде стандартталған. Шынжырлы берілістің негізгі параметрі шынжыр қадамы - t болып табылады, ол миллиметр немесе дюймдерде өлшенеді. МЕСТ-терде шынжыр ені, жұлзызшаның ең кіші тістер саны, айналым саны мен мүмкін болған жүктеме мен салмағы келтірілген.

Сурет-2
Роликті шынжырлар (сурет-3а) сыртқы және ішкі пластинадан тұрады. Пластиналарды жалғастырушы білікке роликтер кигізілген. Бұл роликтер ілінісуде айналуы арқылы жылдам ілінісуді қамтамасыз етеді.
Втулкалы(төлкелік) шынжырлар роликті шынжырларға конструкциясы бойынша ұқсас, ролигі жоқ. Втулкалы және роликті шынжырлар бір немесе көп қатарлы болып келеді. Олардың жылдамдығы болуы мүмкін.
Тісті шынжырлар пластинасының профилі өзгеше болып келеді. Жұлдызша тістерінің профиліне сәйкес, олардың ішкі және бүйірлік бағыттаушы пластиналары болуы мүмкін. (сурет-3б)

Сурет -3



Шынжырлар материалы
Шынжырлар төзімді және берік болуы керек. Шынжыр пластиналарын қаттылығы HRC 38-45 дейінгі орташа көміртекіті немесе легирленген болаттың 40,45,50,30ХНЗА маркаларынан жасайды. Ось, втулка, роликтер,– цементтелген болаттың қаттылығы HRC52-60 маркаларынан 10,15,20,12ХНЗА және т.б. жасайды.
Жұдызшалар жасау үшін орташа көміртекіті немесе легирленген болаттың 40,45,40Х,50Г2,40ХН және т. б. маркалары, ал жай қозғалатын берілістерде сұр шойынның СЧ 18, СЧ 21, СЧ 28 және т. б. маркалары қолданылады.
Шынжыр қадамы
Шынжыр қадамы t берілістің негізі параметрі болып МЕСТ бойынша таңдалып алынады. Қадам үлкен болған сайын оның жүк көтергіштік қабілеті жоғарылайды, бірақ жұлдызшаларда шынжыр буыны мен жұлдызша тісі арасындағы соққы күші ұлғаяды. Бұл берілістің жұмыс мерзімінің азаяуына және дыбыстың шығуына алып келеді. Жоғары жылдамдықтарда майда қадамды шынжырлар қолданылады. Шынжыр қадамының ең үлкен мәні кіші жұлдызшаның бұрыштық жылдамдығымен шектеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет