2.7 Шынжырлы берiлiстер
2.7.1 Жалпы түсініктер мен шынжырлы берілістер классификациясы
Шынжырлы берiлiс иілгіш бөлшек(шынжыр) арқылы берілетін беріліске жатады. Шынжырмен қамтылған жетекшi(индекс-1) және жетектегi жұлдызшалардан (индекс-2) тұрады. Шынжырлы берiлiс үйкелспей ілінісу арқылы жұмыс жасайды. Атқаратын жұмысына байланысты машинажасау саласындағы шынжырлар төмендегі үш топқа бөлінеді:
1. Жүк шынжырлары: жүгi ауыр берiлiстерде және жүк
көтергiш машиналарда қолданылады.
2.Тарту шынжырлары: жылдамдығы V=25м/с транспорт машиналарын-
да көп қолданылады.Олар жай пластинкалардан және втулкалы- роликтi немесе
втулкасыз осьтерден құралады.
3.Жетек шынжырлар:Бұларға втулкалы , втулкалы-роликтi және тiстi шынжырлар жатады.Олар ГОСТ 13578-75 бойынша стандартталған.
Бұл топтар конструктивтік белгілеріне байланысты әр-түрлі типтерге бөлінеді.
Ал шынжырдың өзi топсалармен байланысқан бiрнеше буындардан тұрады.
Ш ынжырлы берiлiстiң басқа берiлiстерге салыстырғандағы артықшылықтары:
Тiстi берiлiстерге қарағанда шынжырлы берiлiс қозғалыс пен қуатты алыс қашықтықтарға бере алады.
Белдікті берiлiспен салыстырғанда шынжырлы берiлiстiң көлемi аз болады (бiрдей қуатты беру үшiн).
қозғалыспен күштi бiрден бiрнеше жұлдызшаларға бере алады.
Пайдалы әсер коэффициентi жоғары.
Шынжырды оңай және тез ауыстыруға болады.
Шынжырлар алдын ала тартуды қажет етпейдi, сондықтан бiлiктерге аз күш түседi.
Кемшiлiктерi:
Жұмыс кезiнде топсалардың тозуынан шынжыр қадамы ұлғаяды және осы топсаларды майлау қиын.
Белдікті берiлiске қарағанда бұл берiлiс, бiлiктердi жоғары дәлдiкпен орнатуды қажет етедi.
шынжыр қозғалысының жылдамдығы тұрақсыз, осыған байланысты онда айнымалы күштер пайда болауы мен жоғары жылдамдықта дыбыс шығаруы;
бағасы қымбат және тұрақты майлауды қажет етуі
Қолданылуы. Шынжырлы берiлiстер станоктарда, тасмалдау машиналары мен машиналардың барлық саласында осьтері паралелл болған біліктерде қозғалысты белгілі бір қашықтыққа беру үшін қолданылады. Шеңберлік жылдамдығы 15м/сек болған берілістер, 120квт-қа дейінгі қуатты беру үшін кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |