3.3 Бiлiктер мен осьтер материалдары
Бiлiктер мен осьтер материалы берік, жақсы өңделетін және серпімділік модулі жоғары болуы керек. Түзу білектерді көбiнесе көмiртектi және лигерленген болаттардың Ст. 40, Ст. 45, Ст. 5, 12XН3А және т.б. маркаларынан, ал жоғары жылдамдықпен айналатын сырғанау подшипниктеріне орналастырылатын біліктерді болаттың шынықтырылған 10, 20Х, 41Х,40ХН және 40ХНМА маркаларынан жасайды.
Цапфлар материалын цементтеу арқылы төзімділігін жоғарылатады. Біліктер мен осьтер токар станоктарында өңделіп, одан кейін олардың беттерін шлифовка жасайды.
3.4 Бiлiктер мен осьтердiң жұмыс жасау критериясы
Біліктер мен айналмалы осьтер жұмыс барысында цикликалық айнымалы кернеулер әсерінде болады. Бiлiктер мен осьтердiң жұмыс жасауының негізгі критериясы төзімділік пен қадаңдық болып табылады. Білік айналмалы осьтің төзімділігі беріктік коэффицентімен, ал қатаңдығы көлденең иілуі мен бұралуын есептеу арқылы іске асырылады.
3.5 Бiлiктер мен осьтерді жобалау
Статикалық беріктіктен жобалау, яғни білік диаметрін анықтау іске асырылады. Біліктерді жобалау айналу моменті арқылы жүргізіледі. Білік диаметрі бұралудағы беріктік шартынан анықталады.
(1)
Мұнда: Т – білік қимасындағы айналтырушы момент;
- бұралудағы мүмкін болған жанама кернеу; Болаттар үшін =10...20 МПа.
Диаметрдің табылған мәні МЕСТ 6636-69 (СТ СЭВ 514-77) бойынша жуықталып, таңдалады.
Диаметрдің номиналь сызықтық өлшемдері мм
16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 24, 25, 26, 28, 30, 32, 34, 36, 38, 40, 42, 45, 48, 50, 52, 60, 63, 65, 70, 75, 80, 85, 90, 95, 100.
Біліктердің беріктігі төмендегі өрнекпен есептеледі. (2)
Редукторов диаметрін жобалағанда муфтамен жалғанатын жітек білік диаметрін, электродвигатель білігінің диаметріне тең етіп жасайды.
3.6 Бiлiктер мен осьтерді берiктiкке есептеу
Біліктерді жобалау төзімділік пен статикалық беріктікке және қатаңдыққа есептеу арқылы іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |