5.2. Муфталар классификациясы
Техникада механикалық муфталар өздерiнiң iшкi құрылысына және атқаратын қызметіне байланысты үш түрге бөлінеді:
Басқарылатын;
Басқарылмайтын;
Автоматтандырылған( өзін-өзі басқаратын).
Басқарылатын муфталарға:
Тұйық муфталар;
Теңелту муфталары;
Серпiмдi муфталар жатады.
Тұйық муфталар біліктердің біртұтас етіп байланыстыруға арналған. Тұйық муфталар төмендегі түрлерге бөлінеді:
Втулкалы муфта
Фланецті муфта
Теңелту муфталары айналу момнетін берген кезде соққы және діріл күштерін азайтуға, жалғастырылатын біліктердің геометриялық осьтерінің қиғаш және аздаған ығысып орналасуын қамтамасыз етуге арналған. Теңелту муфталарының негізгі түрлері:
Тісті муфталар
Жылжымалы муфталар
Айқас муфталар
Басқарылатын муфталарға:
фрикциялық,
жұдырықша муфталар жатады.
Автоматтандырылған муфталар, яғни басқаратын муфталар жұмыс режимдерінің өзгеруіне байланысты, әдеттегі жұмыс істеу шарты бұзылған жағдайда біліктерді автоматты түрде ажыратуға арналған:
Автоматтандырылған муфталарға:
центрден тепкiш,
қорғаушы(сақтандырушы),
еркiн қозғалыс муфталар жатады.
Қатаң муфталар тұрақты муфталар қатарына жатады. Олардың ең көп тараған түрлері втулкалы және фланецті муфталар. Втулкалы муфта (1-сурет) 1 және 2 біліктердің ұштарына отырғызылған втулка тәріздес. Втулкалы муфталар біліктердің диаметрі болған жағдайда, жай айналатын, жауты емес машиналардың тораптарында қолданылады. Муфтаның құрылысы қарапайым көлемі шағын, құны да төмен.
Втулкалы муфтаның негізгі кемшілігі, құрастыру барысында білік өз осьтерінің бойымен ығысуы, оларды втулкалы муфта арқылы жалғастырғанда және ажыратқанда ыңғайсыздық тудырады. Втулкалы муфтаны болаттан жасайды(маркасы сталь 45).
Фланецті муфта (2-сурет) екі жарты муфталардың 1 мен 2 және олардың бір-біріне осьтері сәйкес келу үшін, бір жарты муфтаның қабысу бетін шығынқы, ал екінші жарты муфтаның бетін дөңгелек ойыс қылып жасайды.
Фланецті муфталар машина жасау саласында кең тараған, құрылысы қарапайым, жұмыста берік және сенімді. Біліктердің диаметрі болғанда, біршама айналу моментін жеткізуде ғана қолданылады. Фланецті муфтаның кемшілігі: жалғасатын біліктердің осьтерінің сәкес және жарты муфталардың қабысатын беттерінің білік осьтеріне перпендикуляр болуын қажет етуінде. Фланецті муфтаны болаттан (сталь 40) немесе шойыннан (СЧ-18-48) жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |