6.1.3 Пiсiрiп қосудың түрлерi
Технологияға байланысты пiсiрiп қосуды екi түрге бөлуге болады.
1.Бөлшектердiң шамалы ауданын қыздыры арқылы балқытып қосу.
Оған: электр доғасымен, электр шлакпен, электрон сәулесiмен, газбен, флюс қабатының астында автоматты, аргонды доғасымен пiсiру және.т.б. жатады.
Электро доғамен пісіру бiрнеше әдiстермен орындалады:
қолмен пiсiру
флюс қабатының астында автоматты пiсiру
жұқа металдар мен түстi металдар қорытпаларын қосу үшiн қорғаныш газ бүркемесiмен пiсiру әдiсi кеңiнен қолданылады.
2.Пiсiрiп қосу технологиясының екiншi түрi- металдарды пластикалық күйге жеткiзiп, қосылатын бөлшектердi күшпен қосу арқылы пiсiру. Бұған тоғыстырып пiсiру,нүктелi және роликтi пiсiру әдiстерi жатады.
Сонымен қатар пiсiрумен қосу бөлшектердiң өзара орналасуына байланысты мынадай түрлерге бөлiнедi: түйiстiрiп қосу, айқастырып қосу, бастырмалы қосу және перпендикуляр қосу.
Егер қолмен пiсiрiлетiн бөлшектердiң қалыңдығы 5-8 мм және автоматты пiсiрiлетiн бөлшектердiң қалыңдығы 15 мм дейiн болса, жиектерiн өңдеудiң қажетi жоқ.
Қалың бөлшектердi пiсiрiп қосу үшiн олардың жиектерiн өндеген жөн.
Егер жапсар бiр жақ бетте ғана болса, бөлшектердiң жиегiн “V”түрлi етiп, ал жапсар бөлшектердiң екi жағынан да жасалса, олардың жиектерiн “X” түрлi етiп өндеу керек.
Бұл әдiспен қалыңдығы 40 мм дейiнгi бөлшектердi пiсiрiп қосуға болады.
Сурет-1
Түйiстiрiп пiсiрiлген жапсарлар сызбада С3, С4,С11,С15, С20, С22, С23 деп белгiленедi.
6.1.4 Пiсiрiп қосудың берiктiгiн есептеу.
Iс жүзiнде түйстiрiп пiсiрiлген қосылыс жапсар аймағындағы қауiптi қиманың берiктiгiн табу арқылы есептеледi.
Егер қосылыс созылуға немесе иiлуге жұмыс iстесе, онда пайда болатын кернеулердiң шамасы былай анықталады:
1. Ұштарды қосу
Егер қосылыс созылуға және иілуге жұмыс жасаса, онда пайда болатын кернеудің шамасы:
Мұнда: - қосылыстағы тік кернеу;
Р - жүктеме;
S – бөлшек қалыңдығы;
l – жапсар ұзындығы;
[] - пiсiру қосылыстарындағы мүмкiндiк кернеуi.Бұл мүмкiндiк кернеудiң негiзгi материал үшiн берiлген мүмкiндiк кернеуге қатынасын қосылыстың берiктiк коэффициентiдеп атайды.
Мұнда:[] -негiзгi материалдың мүмкiндiк кернеуi.
Сурет-2
Достарыңызбен бөлісу: |