Декоративті гүлдендіру



бет14/26
Дата09.05.2023
өлшемі249 Kb.
#473429
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
ДЕКОРАТИВТІ ГҮЛДЕНДІРУ

Бақылау сұрақтары:
1. Астильбаның ерте көктемде көктеуі үшін жылы жайдың температурасы қанша болу керек?
2. Астильбаны қыс айларында көктету үшін жылыжайдың температурасы қанша болу қажет?
3. Өсімдікті көктету алдында қандай жұмыстар жүргізіледі?
4. Өсімдікті жылы жайда қандай жерде ұстау керек?
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бабина Н., Бабин Д. 600 практических советов. Цветы дома и на участке.

-М.:Континент-Пресс,1999, -480с.

  1. Голубев В.: Экологическая культура помещений: Комнатные растения. //Флора. 2002. №4. –С.4-9.

  2. Соколова Т.А., Бочкова И.Ю. Декоративное растениеводство. -М.: Изд. Центр «Академия», 2004. -432с.

  3. Тавлинова Г.К. Цветы в комнате и на балконе. -Л.: Агропромиздат. 1990. -352с.

  4. Чуб В.В., Лезина К.Д. Полная инциклопедия комнатных растений: Справочные издание. -М.: ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. -415с.: ил.



8 тақырып Тамырсабақты өсімдіктерді көктету
Мақсаты: Тамырсабақты өсімдікті көктету ережелерін білу
Жоспар:

  1. Тамырсабақты өсімдіктерді көктету

  2. Тамырсабақты өсімдікті көктету ережелері

Керекті құрал-жабдықтар:
Тамырсабақты өсімдіктер
Жалпы түсініктеме


Меруертгүл. Меруертгүлді қыста көктету үшін бақта өскен үлкен гүлді, 2-3 жылдықтарды плантациядан алуға болады. Өсіруге бірінші өскіндерді алады, яғни жоғарғы жағындағы бүршіктері бар жақсы дамыған тамырлар.
Қазып алынған, сұрыпталған тамырсабақтарды жәшікке немесе тоқылған қорапқа салады. Әр қатарды ұсақ шымтезекпен жабады, және булағышта сақтайды. Қазылған шұңқырда немесе қар астында 1-30С температурада сақтайды. Көктету кезінде желтоқсанда немесе қаңтардың басында жылы ванналарды қолданады, яғни тамырсабақтарды 12-15 сағатқа түгелдей 30-340С жылылықта ұстайды. Сондай-ақ, тамырсабақты салқындатқышта -20С-да 20 күн бойы ұстауға болады. Бұл тыныштық кезеңнің аяқталуы мен гүлденуін 5-8 күнге жылдамдатады. Көктеткенде 15 қаңтардан кейін жылы ванна қолданылмайды. Тамырсабағын көктету үшін жәшікке немесе құмыраға ара қашықтығын 3 см-ден отырғызады. Топырақ қоспасын шымтезектен, мүктен, шым топырақтан жасайды. Топырақтың бетін шымтезекпен жабады. Жиі-жиі жылы су сеуіп тұрады. Гүл бүршіктері білінгенше жәшіктер мен құмыраны қараңғы жерде 24-280С-да ұстайды. Өскіндер пайда болған соң жәшіктер мен құмыраны 16-180С жылылықта жарыққа шығарады. Көктету уақыты 25-30 күнге созылады. Жақсы гүлдеу мен неғұрлым күшті гүл сабақтары жарық шашыраңқы түскен жерде жақсы өседі. Таратуды, гүл сабағынан гүлдің үштен бірі ашыла бастағанда бастайды. Кесілген өсімдіктер кішкене корзинкаларға немесе тағы басқа ыдыстарға арналған шағын гүл шоғын жасау үшін қолданылады. Гүлдерді суға салып қойса 6-8 күнге дейін сақталады.
Тапсырма:

  1. Тамырсабақты өсімдіктерді көктету жолдарымен танысу

  2. Тамырсабақты өсімдікті көктету ережелерін білу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет