Декоративті гүлдендіру


тақырып Өсімдіктерді үйлестіру. Балконды көгалдандыру Мақсаты



бет22/26
Дата09.05.2023
өлшемі249 Kb.
#473429
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
ДЕКОРАТИВТІ ГҮЛДЕНДІРУ

12 тақырып Өсімдіктерді үйлестіру. Балконды көгалдандыру
Мақсаты: Өсімдіктерді үйлестіру жолдарын білу. Балконды көгалдандыруда қолданатын өсімдіктер түрлерімен танысу және агротехникасын білу
Жоспар:

  1. Өсімдіктерді үйлестіру жолдары

  2. Балконды көгалдандыруда қолданатын өсімдіктер түрлері, агротехникасы

Керекті құрал-жабдықтар: Бір жылдық өсімдіктер, екі жылдық өсімдіктер, көпжылдық өсімдіктер


Жалпы түсініктеме

Әрқашан ақ композициялар жақсы. Оларды жасыл түспен немесе онсызда құрауға болады. Мысалы, ақ қалампыр қояншөппен.


Үйлесімділіктің күрделі түрін құруда гүлдердің түрін, түсін есепке алу керек. Ақ түс ашық, жайлы болып табылады, басқа түстермен жақсы үйлеседі. Оларды күлгін түспен қызыл түстің арасына, көк пен күлгін түстің арасына қоюға болады.
Жасыл түс – жапырақ түсі. Ол әр түрлі үйлесімді рең түс беріп, барлық бояулармен үйлеседі. Айналадағы ортаны безендіруге ең жақсы материал сәлдегүл жапырақтары болып табылады.
Қызыл түс - кең тараған, қызықтыратын, сүйкімді белсенді түс. Ақ және сары түстермен үйлеседі. Сұрғылт және күлгін түске жақындай түсетін қызыл түсті реңдер жиі кездеседі. Қызыл түсті раушан гүлдер, қалампыр және тағы басқа гүлдер үйлестіруде кеңінен қолданылады. Қызыл түс бостандықтың, оттың, мейрамдардың махаббаттың белгісі болып табылады.
Қызыл сары және сары түс - өте ашық түс. Алтын күздің жылылығын шашады. Бұл түс қуаныш сыйлайды. Қызыл сары және сары түсті өсімдіктер өте көп. Олар: барқытгүл, гелениумдар және тағы басқа. Олардың реңдері көкшіл, көк, күлгін түстермен жақсы үйлеседі.
Көк түс - сабырлы түс. Ол ақ, ашық қызыл, қызыл-сары, от түсті қызғылт сары түстермен үйлеседі.
Күлгін түс – жабырқаулы түс, ақ түспен ашыла түседі. Сары, қызғылт сары түспен үйлесім табады. Бірақ сирек қолданылады. Мысалы: күлгін аконит пен қояншөптің жапырақтары жақсы үйлесмді көрінеді.
Балконды көгалдандыру. Өзіңіздің балконыңызды гүлдендіргіңіз келсе, әр түрлі өсімдіктермен әдемі кішкентай бақшаға айналдырып жіберуге болады. Айта кету керек өзінің пішінінің кішкентайлығына қарамастан балкондар әдемілілік сыйлайды. Өсімдіктердің әр түрлі түрлері өте көп. Мысалы, бір жылдықтар, екі жылдықтар, көп жылдықтар балкондарды өте сәнді күйге келтіреді. Гүлдендіруге кірісе бастағанда өсімдіктің түр түсінің үйлесімділігі мен пішінін анықтап алған жөн.
Егуге арналған жәшіктерді емен немесе шырша ағаштарынан жасаған дұрыс болады, өйткені олар шірімейді және мықты болып келеді. Қолайлы болып табылатын келесі мөлшердегі ыдыстар: биіктігі 25-30 см, ені 20-25 см, ұзындығы сіздің балконыңыздың ұзындығына байланысты болып келеді. Ыдыстар бұрыштарын арнайы темірмен немесе басқа металдармен жауып қойса мықтылық қасиет береді. Түбінде арнайы тесік қалдырады, яғни судың оңай ағып кетуі үшін. Ыдыстың сыртын көкшіл немесе қоңыр түспен бояған дұрыс болады, қара түс керек емес, өйткені мұндай ыдыста топырақ қызады. Ыдысты толтырғанда да арнайы ережелерге жүгінген дұрыс. Ыдысқа алдымен екі сантиметрдей қиыршық тастар салынады. Үстінен құм себеді, ол үш сантиметр маңайында болу керек. Содан кейін шымтезек себуге болады, ол топырақтың ылғалдылығын сақтайды. Ең үстіңгі қабатына қара жер салады, ол үш-төрт сантиметрге ыдыс қабырғасынан төмен болуы керек.
Бір жылдық өсімдіктер балкондар мен лоджияларды гүлдендіруде өте көп қолданылады, өйткені олар климаттық өзгерістерге мән бере қоймайды, сондықтан да оларды егу оңай болып келеді, сонымен қатар олар өте әсемді көрініс береді. Балконда өсіруге ыңғайлы бір жылдық өсімдіктерге агератум, қырмызыгүл, иберис және тағы басқалары болып табылады.
Екі жылдық өсімдіктер балкондарды сәндендіруге ерте көктемде қолданылады, өйткені олар өте ерте гүлдейді. Оларды көбіне көшет арқылы көбейтеді. Өсіп шыққан көшеттерді наурыз-сәуір айларында еге бастайды. Бұл өсімдіктер тобындағы негізгілері: дәстүргүлдер, құралайгүлдер, хейрантустар болып табылады.
Көп жылдық өсімдіктер. Жалпы балкондарды гүлдендіру үшін көп жылдықтар да көп өсіріледі. Олардың негізгі ерекшелігі бірақ рет егеді және күтім қажет етеді. Балкондарды көгалдандыруда мына гүлдерді өсіруге болады: нәркес, көктемгі наурыз шешек, флокс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет