Ас бөлмені безендіру.
Ас бөлме – үй иесінің ең қасиетті бөлмесі. Ол жерде көп уақыт өткізеді және оны безендіруге аса көңіл бөледі.
Үлкен емес ас үйге гүлді терезенің алдына қояды. Ол жерден шегіргүл, қынагүл, бегония, зебрин, кактус, қырыққұлақ, жасыл жуаны кездестіруге болады.
Ас үйге гүлді белгілі-бір өзіне тән қасиеттері бойынша қояды. Бөлме өсімдіктері, әсіресе ас үй гүлдері температура тұрақсыздығынан қиналады. Сондықтан да аса күтім керек ететін гүлдерді қою керек емес. Бәрінен де сенімді гүлдер: бегония, зебрин, плющ, хлорофитумды қолдануға болады.
Қазіргі кезде дүкен сөрелерінен көптеген жеміс-жидектердің муляждарын кездестіруге болады.
Кіре берісті безендіру.
Кіре беріс бөлмені үйдің бет әлпеті деп атауға болады. Үйге келген адамдар дәл сол кіре берістен үйдің жай күйін, үй иелері туралы біле алады. Сондықтан кіре беріс басқа бөлмелерге қарағанда сәндеуді аса қажет етеді.
Көбінесе кіре беріс бөлмеде үстел, оның үстіне телефон, газеттер және де кішкене бөлме өсімдіктері қойылады. Егер бөлмеге үстел қоюға келмесе, онда қабырғаларға аспалы өсімдікті кашпо ілуге болады. Кіре беріске киім ілетін болғандықтан ол жерге ілінгіш және тікенекті гүлдер қоюға болмайды.
Тапсырма:
Үйдегі гүлді алқапқа анықтама беру
Гүлдердің орналасу үйлесімділігін және әр түрлі бөлмелерге сай келетін өсімдіктерді қандай ерекшеліктеріне байланысты екенің айтындар
Бақылау сұрақтары:
Қонақ бөлмесін безендіруге әсемді көрік беретін өсімдіктерді ата?
Асхананы безендіруге қандай өсімдіктер қолайлы?
Ас бөлмені безендіруде өсімдіктердің қандай қасиетін ескерген жөн?
Кіре берісті безендіруде қандай мәселелерді ескеру қажет?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бабина Н., Бабин Д. 600 практических советов. Цветы дома и на участке.
-М.:Континент-Пресс,1999. -480с.
2. Тавлинова Г.К. Цветы в комнате и на балконе. -Л.: Агропромиздат. 1990. -352с.
Достарыңызбен бөлісу: |