Бақылау сұрақтары:
Қырыққұлақтарға күтім көрсету ерекшеліктері қандай?
Пальмаларға күтім көрсету жолы қандай?
Бромелилерге қандай күтім керек?
Геснерилерге күтім көрсету ерекшеліктері қандай?
Аталған өсімдік топтары қалай көбееді?
Пайдаланылған әдебиеттер:
Бабина Н., Бабин Д. 600 практических советов. Цветы дома и на участке.
-М.:Континент-Пресс,1999, -480с.
Голубев В.: Экологическая культура помещений: Комнатные растения. //Флора. 2002. №4. –С.4-9.
Сквайер Д., Кроутер М. Комнатные растения: практ. Руководство. -М.: Омега, 2006. -128с.: ил.
Слюсаренко А., Румынин В. Возрождение гортензии: Комнатные растения. //Флора. -2001. -№4. –С.13-16.
11 тақырып Үйдегі гүлді алқап
Мақсаты: Гүлдердің орналасу үйлесімділігін және әр түрлі бөлмелерге сай келетін өсімдіктерді қарастыру
Жоспар:
Қонақ бөлмесін безендіру
Жатын бөлмені безендіру
Асхананы безендіру
Ас бөлмені безендіру
Кіре берісті безендіру
Керекті құрал-жабдықтар:
Бөлме өсімдіктері
Жалпы түсініктеме
Қазіргі кезде әр үйде ең аз дегенде бір бөлме өсімдігі болады. Қатты аяз, жаңбырлы күздерде, далада жапырақсыз ағаштарды, қатқан мұзды көргенде бөлме өсімдіктері өз иесін әрқашан қуантып отырады.
Бөлме өсімдіктерінің тарихы бірнеше мың жылды қамтиды және осынау уақыттар аралығында үй ішіндегі табиғаттың кішкене бұрышы адам көңіл- күйін көтереді.
Жиhаздар, суреттер және тағы басқа аксессуарлар дәл бөлме өсімдігі сияқты үй ішін жандандыра сәндей алмайды.
Бөлмеде өсірілетін өсімдіктер әр бөлменің өзіне тән функцианалдық ерекшеліктеріне тән өсірілу қажет. Мысалы, балалардың бөлмесінде еш уақытта улы шырыны бар, ашық гүл мен жемісі немесе тікенек сабақты кактустарды өсіруге болмайды. Сонымен қатар терезе алдына бірнеше гүлді қатар қоюға болмайды, керісінше бір гүл мысалы қырыққұлақ, қасқыржем гүлдері жақсы көрінеді.
Бөлме өсімдігінің барлығын терезе алдына қою міндетті емес, ол үшін қолдан арнайы подставкалар жасауға болады. Гүлдерді жете, қабырғаға ілуге де болады.
Достарыңызбен бөлісу: |