Дәл осы күні Қазақ тіліндегі киім атауларының этнолингвистикалық



Дата03.04.2023
өлшемі19.02 Kb.
#471650
түріДиплом
практикаааау


Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынабарып,Фазылжанова Анар Мұратқызы мен Маралбек Ермұхамет Маралбекұлы мен ашық жиналыста болып,өз дипломдықтақырыптарымызға сәйкес бөлімдерге бөліндік.

Бөлінген бөлімдер аясында "Лексикология"бөлімі бойынша жетекшім,филология ғылымдарының докторы , профессор, ҚР БҒМ ҒК А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, лексикология бөлімінің меңгерушісі- Манкеева Жамал Айтқалиқызынан тапсырмаларды қабылдап алдым.

Жалпы 1500 беттен тұратын түсіндірмелі сөздікті қайта қалпына келтіру және түзету жұмыстарын бастадым.

Аталған түсіндірмелі сөздік аясында кітапханадағы компьютерлік және сканерлік құрылғының арқасында ақпарат алмасып, 800-ден аса сөзге апайымның нұсқауымен түзетулер енгіздім.

"Қазақ мақал-мәтелдердің гендерлік сипаты"жайында ашық ізденістер жасап,кітапханада жұмысымды жалғастырдым.Қайдар Ә. "Этнолингвистика" және Мамаева Г.Б. Ерлер мен әйелдердің сөз қолданысындағы ерекшеліктер (гендерлік зерттеу) еңбектеріне шолу жасап,ақпараттық ізденіс жұмысымды бастадым.

Дәл осы күні "Қазақ тіліндегі киім атауларының этнолингвистикалық


табиғаты." атты Аймауытова Ә.Б.-дың еңбегімен танысып, жалпы атаулардың этнолингвстикалық сипатын қарадым.

Күнделікті келіп,қосымша тапсырмалармен қатар,лексикология бөлімі бірлестігімен ашық жиналыстарға қатыстым.

Бөлім жұмыстарына байланысты уақытыл атқарып жүрген жұмыстар аясында , офлайн талқылаулар жүргіздік.

Қазақ мақал -мәтелдеріндегі этнолингвистикалық атаулардың сипаты жайындағы тапсырманы зерделеп, кітапханада зерттеу жасадым.


Жанпейісов Е. "Этнокультурная лексика казахского языка" еңбегімен танысып, ашық зерттеу жүргіздім.

Тіл білімі институтындағы қазақ тілінің құрылымы мен тарихы, диалектологиясы, ономастика мен терминологиясы, қоғамдық қызметі, туыстас және өзге де тілдермен байланысы, мәдени өміріне кеңінен зерттеу жасадым.


Дата: 07.02.2023
Қазақ пунктуациясының ережелері. (Қ.Неталиева, т.б.). Алматы, 1961.
И.Ұйықбаев. Қазақ тілі орфографиясын оқыту жөніндегі методикалық нұсқаулар. Алматы, 1962.
М.Балақаев. Қазақ тіл мәдениетінің мәселелері. Алматы, 1965.
М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1966, 1974, 2005.
И.Ұйықбаев. Тіл мәдениетінің кейбір мәселелері. Алматы, 1969.
И.Ұйықбаев. Синтаксисті оқытқанда орфографияны үйрету жөнінде. Алматы, 1963.
М.Балақаев. Қазақ тілінің мәдениеті. Алматы, 1971. 2-басылуы сынды кітаптармен жұмыс жасадым.

Ж.Есеналиева араб, қазақ тілдік жүйелерін жалпы тіл білімінде қалыптасқан тұжырымдар, ұстанымдарды пайдалана отырып, жалпы тіл білімінің позициясынан кең тұрғыда қарастырдым.


Тіл мен таным сабақтастығының жалпы теориялық негізі қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалымдарымыз А.Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов еңбектерінде тілдің танымдық қасиеті жайлы пікірлері мен тұжырымдарын сараладым.

Жанпейісов Е.Н. Қазақ прозасының тілі. – Алматы, 1968.


Жанпеисов Е.Н. Этнокультурная лексика казахского языка (на материалах произведений М.Ауезова). – Алма-Ата, 1989.
Хусаин К.Ш. В.В.Радлов и казахский язык. – Алма-Ата, 1981.
Хусаин К.Ш. Звукоизобразительность в казахском языке. – Алма-Ата, 1988.
Хұсайын К.Ш. Дыбысбейнелеуіштік теориясының негіздері. – Алматы, 2009.
Манкеева Ж.А. Реконструкция первичных корней глагольных основ казахского языка. – Алма-Ата, 1991. өз бөліміме қатысты еңбектермен кітапханағабарып, таныстым.

Мәтін лингвистикасына қатысты жалпы тіл білімінде И.Р. Гальперин, С.И. Гиндин, З.Я. Тураева, Л.Г. Бабенко, А.А. Залевская, Г.Я. Солганик, Ю.А. Левицкий, Л.В. Поповская т.б шет ел ғалымдарымен отандық ғалымдардың еңбектерін салыстырдым.

Мерей тойлар мен әдеби кештерге қатысып,жас ғалымдарға арналған нұсқаулықпен таныстым.

Маралбек Ермұхамет Маралбекұлымен ашық жиналыс болып, бөлімдердегі кітаптарға оптимазация жасауды бастадық.


Екі апта уақытқа белгіленген отимазация күнінінің алғашқы күндерінде -ақ күнініне10 кітап жасадым.

Бұл бір тамаша жұмыс болды.Себебі осы күндері жалпы тіл біліміне қатысты бұрын соңды көрмеген, естімеген кітаптарға шолу жасап, тіл біліміне қажетті әрі қызықты тарихпен таныстым.


Қазақ тіл біліміне қатысты алғашқы зерттеулер лексикографиялық сипатын анықтап, 60 тан астам кітапты оптимизациядан өткіздім.

Тағы бір мәрте кітапханада отырып,Тілтанымдық зерттеулер (2003-2005 жж.)ді қарастырдым.

Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі жарық көрген ғылыми еңбектермен танысып, бұрыңғыеңбекермен салыстырмалы түрде талдау жұмыстарын жасадым.

Әр апталық қорытындыға сәйкес жақсы нәтиже көрсетіп,бөлім қызыметкерлерімен кері байланыс жасадық.

Хұсайын К.Ш. Дыбысбейнелеуіштік теориясының негіздері. – Алматы: Жібек жолы, 2009. ¬– 368 б.


Бизақов С. Сөз нұсқалары және балама атаулар. – Алматы: Самара-Принт, 2008.
Ғабитханұлы Қ. Қазақ мифологиясының тілдегі көрінісі. – ҚХР, Пекин, 2011.
Әмірбекова А.Б. Қазіргі қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар. еңбектерімен таныстым.

І.Кеңесбаев, Ә.Қайдар, Н.Уәлиев т.б ғалымдар еңбектерінде жан-жақты зерттеу жасадым.

«Тіл - халық мұрасы» танымдық дөңгелек үстелдің сценарийін жасап бөлім студентерімен пікір алмастық.

Когнитивті лингвистиканың зерттеу нысанына байланысты ақпараттарды зерттеп,кітапханада уақыт өткіздім.

«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінде оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру әдістерін пайдалану ерекшеліктерін талқылап, түсіндіру жұмыстарын жасадым.

Қазақ тіл білімінде жарнама саласы соның ішінде қазіргі таңдағы жарнамаларға мән беріп, айрықша қателерді таптым.

Бостандық ауданындағы 100-ге жуық жарнаманың маңызды бөлімдеріндегі қателіктерді жинап,топастырдым.

Қазақ тілінің тарихи лексикографиясы: құрылымы мен ұстанымдары жайлы бөлімдегі студенттермен ақпарат алмастым.


Мерекелік көңіл күймен кітапханада уақыт өткіздік.

Соңғы уақытта тарихи лексикографияның теориясы мен практикасы перифериялық аймақтан орталыққа ауысып, әр тілдің тарихына қатысты жалпы лингвистикалық күрделі мәселелерді қарастырдым.

Тарихи лексикографияның тарихымен танысып, кітаптармен жұмыс жасадым.

Апайымның нұсқауымен зат есімдерге байланысты "Зат есімнің семантикалық белгілінімі" тақырыбында 20-беттік кесте құрастырдым.

Зат есімге байланысты: сөздердің морфемалық құрамы мен сөзжасамдық құрылымы, сөзжасамдық тәсілі,тұлғалық құрамдарын бөліп қарастырдым.

Нақтылық,лексикалық және стилдік ерекшеліктеріне назар аударып, жұмысымды жалғастырдым.



Стильдік реңктері мен терминдік қолданыстарын зерттеп,тақырыптық семантикалық топтарға бөлдім.

Жұмыстарымды сәтті аяқтап,апайыма көрсетіп,тексеру жұмыстарынан сәтті өттім.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет