Демокрит бойынша "ең жақсылар" байлар немесе текті жерден шыққандар емес, ақылды және мәдениетті адамдар. Мемлекетті басқару өнерін өнердің ең жақсысы, ал ақымақ азаматтар құрметті қызметтерді істеуге тиіс емес деп есептеген Платон



бет2/6
Дата26.03.2024
өлшемі55.03 Kb.
#496581
1   2   3   4   5   6
уй жумысы 07.03.2024 (3)

Рабле Франсуа - француз жазушысы, Қайта өркендеу дәуірі әдебиетінің өкілі. Ауқатты адвокат отбасында дүниеге келген. Монастрьда көне тілдер мен заң ғылымдарын оқып, жоғарғы дін кызметшісі болған, Бакалавр, докторлық дәреже алған. Әдеби шығармашылығын 1532ж. Лионда жариаланған Гиппократтын "Афоризмдерінен" басталған. Рабле " Гаргантюа мен Пантагрюэль" атты 5 бөлімнен тұратын фантастик романында мейірімді Гаргантюа туралы аңызды негізге ала отырып схоластик. тәрбие жүйесін сынады. Ол орта ғасыр әкімдері мен сот жүйесін сынға алып, адам баласы ақыл-ой тұрғысынан дамуы үшін гуманистік тәрбие үлгісін ұсынды. Монастырьдағы темір тәртіптен теперіш көрген Рабле кітаптын 1-бөлімінде тәртіп бостандығын, еркіндікті сөз етеді, оның ұраны "не істесең де шектеу жоқ" сипатында көрініс тапты. Рабле мантиялары мысық терісімен көмкерілген сот қызметкерлерін сықақ етіп, олардың сатқындығы мен қатыгездігін сөзбен түйреді. Рабле туындысында фрацуз ренессансының шынайы манифесі саяси ағарту ісінің жана тәсілдері көрініс тапқан. Рабле шығармалары дүние жүзінде әдебиеттің дамуынына ықпал жасады.

  • Томас Мор көптеген моральдық-философиялық трактаттар қалдырған. Өзінің “Утопия” (1516) деген негізгі шығармасында жеке меншікке негізделген қоғамды, өз тұсындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды сынға алып, қоғамдық меншікке негізделген қоғамдық құрылысты суреттеді. Қоғамдағы кемшіліктердің негізі жеке меншікте, ал оның өмір сүру негізі – адамдардың теріс әрекеті, менмендік, мансапқорлық дейді. Ол алғаш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде баяндап, оны еңбекті ұйымдастыру және бөлісу идеяларымен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиялдағы “Утопия” мемлекетінің негізгі шаруашылық ұясы – отбасы қолөнер өндірісіне негізделген. Ондағы адамдар демократиялық басқару, еңбектің теңдігі жағдайында өмір сүреді. Адамдар күніне 6 сағат жұмыс істеп, қалған уақытында ғылым, өнермен шұғылданады.

    Адамның жан-жақты дамуына, оқуды еңбекпен ұштастыруға үлкен мән берілген. Мор жаңа қоғамға өтуді бейбіт жолмен іске асыруды армандады. Оның “Утопиядағы” қиялдары утопия социализмнің бастамасы болды. Мордың “Утопиясы” кейінгі реформаторларға, басқа да утопия социализмнің өкілдеріне зор әсер етті.

    Бұл философтордың жарқын көрген кітаптарынан оқып білгенде, барлық адамдарды ілімге шақыруды шақыратыны жайында айтылған, еркіндікке шақырған, әр адам өзіне жауапкершілікті алуын, дін жолына ниет ету керек екені жайында айтылған – бұл қиындықтан шығудың негізгі жолы екені. Байлар мен кедейлердің арасындағы тепе – теңдікті қалыптастыру қажет екені жайындағы көзқарастары ұқсас айтылған. Айырмашылығы біреулері білімге шақырады, әріп тануға, өзінің құқығын тануға. Ал кейбіреулері діни жолға түсу қажет жайында айтып кеткен.


    Узнать больше

    2) Педагогиканың негізгі компоненттері ретінде тәрбиелеу,
    білім беру, оқыту, дамыту, қалыптастыру.
    Педагогикалық жүйенің негізгі компоненттері: оқытушы, білім алушы, білім беру мазмұны, материалдық-техникалық база. Педагогикалық жүйедегі оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарын жүзеге асыру үдерісі – педагогикалық үдеріс деп аталады. Педагогикалық үдеріс – арнайы ұйымдастырылған педагогтар мен білім алушылардың (педагогикалық әрекеттестік) бірлескен іс-әрекеті, ол мәдениеттілікті меңгеруден, еңбекке, қоғамдық өмірге оқытушының басшылығымен даярланудан тұрады.
    Педагогикалық үдерістің тұтастығы – «білім беруші - білім алушы» мақсатының бірлігінде. Педагогикалық үдеріс компоненттері: мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістері, құралдары, формасы, нәтижелері. Педагогикалық үдеріс оқытудан, тәрбиеден, дамудан тұрады. Жоғарғы оқу орнында педагогикалық үдеріске аталғандармен қоса ғылыми іс-әрекет қосылады.
    Жоғары мектеп педагогикасы – кәсіби мамандарды даярлау туралы ғылым. Жоғары мектеп педагогикасы – жоғары мектептегі тәрбие, білім беру және оқыту мәселелерімен айналысады. Жоғары мектеп педагогикасы ‒ ЖОО жағдайында маман даярлау туралы ғылым. Жоғары мектеп педагогикасы ғылым ретінде ХХ ғ. ортасында анықталды. Жоғары мектеп педагогикасының нысаны – жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдеріс. Жоғары мектеп педагогикасының пәні: біліктілігі жоғары болашақ маманды даярлау. ЖМП ғылыми әлеует факторымен түсіндіріледі, ол біліктілігі жоғары мамандар даярлауда меңгеріледі.
    2 тапсырма

    1. Тәрбие теориясы педагогиканың ажырамас бөлігі ретінде.
      Тәрбие түрлері мен тұжырымдамалары. Әлеуметтенудің жетекші компоненті ретінде
      тәрбиелеу.

    Тәрбиенің принциптпері
    Принцип дегеніміз - адамның іс-әрекетінде басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережесі.
    Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің іргетасын қалайтын негізгі қағидалар:
    1. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы.
    тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ождан мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
    Мектептің бүкіл іс-әрекеті, қоғамдық өмірі осыған қызмет етуі керек.
    2. Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу - балаларды ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру, өнімді еңбек етуге бейімдеу, ата-ана мен бала, Тәрбиеші мен тәрбиеленуші, үлкен мен кіші арасынғы қарым-қатынасты өзара сенімге, қайырымдылыққа, имандылыкқа, бір-біріне сый-құрметпен қарауға негіздеу, тәрбие барысында психологиялық жайдарылық, үйлесімділік ахуал туғызу, жас азаматтың өзіне сенімін арттыру, қамқоршылық сезімін дамыту.
    3. Тәрбие барысында жеке тұлғаға қойылатын талап пен көрсетілетін құрметтің бірлігі.
    Жаңашыл ұстаз Құмаш Нүрғалиев "Мұғалім мен оқушы арасында үзілмейтін алтын желі болуы тиіс. Ол баланың ұстазына деген сенімі, мұғалімнің баланы сүюі" - деген болатын.
    Тәрбиеленушіні құрметтеу және оған талаптар қою - баланың мықты және нашар жақтарын біліп, оның өсуіне қажетті жағдайлар жасау. Талап қоюдан оқушыға құрмет, күші мен қабілетіне сенім көрінеді. Мұғалім оқушы бойынан рухани қасиетті жобалап, оған сүйеніп, оқушының өз тәжірибесін дамытуына көмектесу керек.
    4. Тәрбиелік ықпалдардық тізбектестігі, жүйелілігі, үздіксіздігі.
    Тәрбие тәжірибесі балаларға қойылатын талап пен педагогикалық ықпал бірлігі қажет екенін дәлелдеді. Ұрпақ тәрбиесінің нәтижелілігі - тәрбие мекемелеріндегі талаптың бірлігі, іс-әрекеттің сабақтастығы.
    5. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін есепке алу.
    Оқушылардың жеке ерекшелігі - денсаулығы, ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы әсерлерге жауабы, қабылдауы, т.б. Біреулері өзінің байсалдылығымен ескертулерді дұрыс қабылдаса, кейбіреулеріне керісінше әсер етуі мүмкін, сондықтан оқушылардың тәрбиелік дәрежесін дер кезінде анықтап отыру қажет. Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі негізінде құрылады.
    Бала - педагогикалық қамқорлықтың ең жоғары мақсаты. Баланың ішкі мүмкіндіктерінің ашылуы адамдардық сүйіспеншілік сезімі мен қарым-қатынасына байланысты. Баланы тең адам санап, оған еркіндік бергенде ғана ол өз пікірін ашық айта алады, үлкендердің балаға деген құрметі олардың сенімін арттырады.
    Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік санасы жаңа қалыптасып келе жатқандықтан, олар негізінен мұғалімнің ықпалында болады. Жасөспірімдер жедел дамып келе жатқандықтан тәрбиесі бірқалыпты жағдайға ауысып, өзін-өзі тәрбиелеуге қажеттілігі артады.
    6. Баланы ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу - тәрбие жұмысындағы жетекші принциптердің бірі. Мұны екі түрлі көзқарас тұрғысынан қарау керек. Бірі - ұжымдық тәрбие қоғамның негізгі қаруы. Бала берік ұйымдасқан, ынтымақты, өлеуметті, рухани таза ұжымда болуы қажет. Екіншісі - тәрбиеленушінің педагогтың ықпалымен, көзқарасымен шектеліп қалмауы.
    Педагог - тәрбиеші қосарланған ұғымына А.С.Макаренко қарсы болып, оны ұжымның жан-жақты тәрбиелік әсерімен бекітуді ұсынған.
    Бірлескен іс-әрекетте, орынды ұйымдастырылған ұжымдық жұмыстарда өзара тәуелді, жауапкершілікті қатынастар туындайды, баланың тәжірибе және ұжымдық өмір дағдыларын жинау процесі жүреді.
    7. Тәрбие процесінде мұғалім, мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардық күш-қуатын үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау.
    Тұлға өзін өмірде сирек кездесетін ерекше феномен деп қарайды. Бұл принцип мектеп мұғалімдерінің, отбасының және қоғамның педагогикалық күш-жігерінің бірлігі мен қызмет етуін қажет етеді.
    Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа әлеуметтік қатынастарға байланысты. Ол ата-аналар мен мектептің және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек жағдайында қатасады. Отбасындағы тәрбиеге көмек ретінде елімізде демеушілер мен қайырымдылық жасаушылар, әлеуметтік құқық қорғау бөлімдері мен қамқорлық қорғау кеңестерінің жұмысы да ұмытылуда.
    Тұлғаның сапаларын қалыптастыру бір мезгілде, кешенді түрде жүргізілетіндіктен, педагогикалық ықпал да кешенді сипатқа ие болуы тиіс.
    Жасөспірімдердің өздеріне сын көзбен қарамауы, жауапкершілік сезінбеуі ата-аналары мен мұғалімдерді босқа мазасыздандырып отырған жоқ.
    Мектеп пен отбасындағы балалар тәрбиесінің ең маңызды міндеті - оларды қажетті өмір сүру процесіне дайындау.
    8.Өзін-өзі тәрбиелеуді көбіне ұнамсыз жайды сезініп, сонымен күресуден бастайды. Біреуі - бойындағы берекесіздіктен, екіншісі - дөрекіліктен, үшіншілері - тұйықтықтан, ұялшақтықтан арылғысы келеді.
    Мақсат қою, күш-жігер жұмсау, өзін-өзі бақылау мен өз ісіне талдау жасап отыру - өзін-өзі тәрбиелеудің міндетті элементтері.
    Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын қалай жасауды жақсы елестете алмайтындықтан, оларға жиі-жиі көмек көрсетуге тура келеді. Олар өзінің ойлау ерекшелігі мен мінез-құлңына талдау жасауға қиналады. Тәрбиешілер оқушыларға өзін-өзі тәрбиелеудің маңыздылығын түсіндіретін арнаулы әңгімелер немесе пікіртапастар өткізеді.
    Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері:
    • Жеке міндеттеме - бел гілі мерзім аралығында өзі атқаратын міндеттерді таңдап алып, есеп жүргізу, өзіне-өзі қызмет көрсету. Иландыруға ұқсас өзін-өзі міндеттеу әдісі. Оны бала өз кемшілігін жою үшін қолданады. Үй тапсырмасын әркез орындауға, таза жазуға, оларды байсалдылықпен ойланып істеуге жаттығып, оны әр уақытта қайталап, орындауға күш-жігерін жұмылдырады. Оқушы белгілі бір міндетін орындауда енжарлық көрсеткенде өзін-өзі міндеттеу, өзіне-өзі бұйыру әдісін қолданады.
    • Өзіндік есеп беру - қоғамдық жұмысты атқару, баланың өз іс-қылығына жауаптылығы, жолдастарымен тәжірибе алмасуы.
    • Өз іс-қылығына талдау жасау - өзінің кейбір қылықтарына сын көзбен қарап, себебін білгісі келуі, оны жоюға тырысуы.
    • Өзін-өзі бақылау - кемшіліктерін болдырмау үшін жағымды мінез-құлықтарын дамыту мақсатында күнделік жүргізу.
    Өзіне баға беру - мінез-құлықтарының кемшіліктерін жою үшін баланың өзін-өзітәрбиелеуі. К.Д.Ушинский жасаған өзін-өзі тәрбиелеу ережелері:
    • Өте сабырлылық, тіпті болмағанда, сыртқы сабырлықты сақтау.
    • Турашылдық.
    • Ойлы әрекет.
    • Шешімділік.
    • Өзің туралы қажет болмаса, бір сөз айтпау. Санасыз бос уақыт өткізбеу.
    • Не істесең де еріктісің, бірақ, кездейсоқ істен сақ бол.
    • Қажетті немесе керекті іспен ғана айналыс, көрсеқызар болма.
    • Бітірген ісіңе еш уақытта мақтанба.
    • Әркез ағыңнан жарылма, өз ісің туралы өзіңе жауап беріп отыр.
    • Бұл журналды ешкімге көрсетуші болма.
    Бұл ережелерді байытуға болады. Көп ретте адам өз алдына ислгілі бір биік мақсат өойып, өз бетімен ізденіп, өзін-өзі тәрбиелеп жетілдірудің жолдарын өзі қарастырады. Содан әсерленіп қанатталған ішкі сезімдері арқылы білімді қажетсініп, нәтижесінде мақсатына жету үшін табандылықпен ізденеді.
    Адам баласының тарихында ондай мысалдар баршылық. Демосфен жас кезінен шешендік өнер меңгеруді армандайды. Аляйда, көпшілік алдындағы алғашқы сөзінде-аң сәтсіздікке ұшырайды. Оның дауысы тым бәсең, сөздері үйқаспай, тілі « күрмеліп, шәлкем-шалыс келе береді. Соны сезген қауым оны ' тыңдамай, ысқырып, тыжырынады. Оның орнында басқа біреу болса, бұл масқарадан кейін тауы шағылып, қолын бір-ақ сермеп ' жайына кете барар еді. Демосфен өйтпеді. Ол елден оқшауланып, теңіз жағасынан үй салып, дауылды күндері, бүрқ-сарық, болып жағаны ұрып жатқан толқынға қарап, сағаттап,сұырып салма сөздерін қарша боратып, бар дауысымен сөйлейтін. Тіліндегі кемістігін жою үшін, тілінің астына малта тастарсалатын болған. Сондай жан қиярлық табандылық пен ерік-қайрат Демосфенді дегеніне жеткізді. Ол әлемнің айтулы ұлы шешеніне айналады.
    Талай ұлы адамдар өз мінездерін жаман әдеттерден арылтып, жақсы қасиеттерді дарыту мақсатымен жұмыс істеген. Соқтықпалы соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алысқан ұлы Абай өзін-өзі тәрбиелеп,өзін-өзі білімдар еткен адам.С.М.Торайғыров " Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін, болмасам толып тұған толық айдай" немесе "Қараңғы қазақ көгіне күн болмағанда кім болам", - деген романтикаға толы батыл жолдарды өзіне және болашақ жастарға арнап айтқан .
    Профессор С.Я.Долецкий айтқандай, біз өз қателігімізді ойша айтамыз да өзімізге өзіміз кешірім жасап, кейін оны ұмытып кетміз Егер біз оны дауыстап айтатын болсақ, онда өзіне-өзі кешірім жасау қиынырақ болады, - дейді.
    Тұлғаның әлеуметтенуі оның ана тіліне, күнделікті тұрмыс жағдайындағы мінез-құлқына, шығармашылыққа деген ынтасы мен өз халқының мәдениеті қабылдау қабілетіне байланысты. Оқушының қалыптасуы қоршаған ортасын танумен, өмір сүру барысында кездесетін жақсылық пен жамандықтардан тұрады. Сондықтан, сыртқы орта баланың әлеуметтік тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін басты фактор. Әлеуметтендіру дегеніміз – қарым-қатынас жасай білетін, өмірлік мақсатына жете білетін, өмірлік және адамгершілік құндылықтарды ұстанатын, өзінің қажеттілігі мен қызығушылықтарын қоғам талаптарына сәйкес шектей білетін тұлғаның қалыптасуы. Жеке тұлғаның әлеуметтік топқа, қоғам өміріне араласуы, әлеуметтік тәжірибені меңгере дамуының әлеуметтік кезеңдерін қамтитын және әрбір кезеңі белгілі бір анықталған мәселелерді шешу мақсатына жауап беретін, өмір бойы созылатын үздіксіз процесс. Әлеуметтік тәрбиенің мазмұны жеке тұлғаны қалыптастырудың барлық жүйесін қамтиды. Қоғамдық мәдениет (адамзат жинақтаған мәдениет мұрасы) адамдардың әрекетін үйлестіру мен интеграциялау үшін үлкен маңызды шара, іс-әрекет, сонымен қатар, тәрбие мақсатын айқындаушы. Жалпы адамды тәрбиенің әлеуметтік негіздерінін, мәдениеттің өзіне тән ерекшелігі, тұлғаның жан-жақты дамуының басты шарты адамшылық мәдениеттің барлық мұратын игеру болып табылады. Екіншіден, тәрбиенің мақсаты әрбір адамды тәрбиелеу. Үшіншіден, тәрбиенің әлеуметтік мазмұнының ерекшеліктері диалектиканың материалистік тұрғыдан адамның іс-әрекетінің белсенді-жасампаз санасы жеке тұлғаның үйлесімді қалыптасуы іс-әрскет үстінде адамшылық мәдениетке үйренеді.
    Әлеуметтендіру процесі тек қоғамдық мекемелер қызметіне ғана емес, онда өмір сүретін жекелеген адамдарға, тіпті ұйымдарға өзіндік талап қояды. Әлеуметтік-психологиялық міндеті - жеке адамның өзін-өзі танып білуi немесе өз идеяларын болашақта жүзеге асыруға қабілетті бола білуi арқылы анықталады.


    2)Отбасылық
    тәрбие. Отбасындағы өзара әрекеттесу түрлері. Артықшылықтары мен кемшіліктерін
    талдау.
    Отбасылық тәрбие дегеніміз – ата-аналар мен туыстардың күшімен нақты отбасындағы қалыптасатын тәрбие мен білім берудің жүйесі.
    Отбасылық тәрбие – күрделі жүйе, ол әртүрлі факторға байланысты (тұқымқуалаушылық, табиғи және материалдық-экономикалық әлеуметтік, ұлттық дәстүрлерге, отбасының мүшелері т.б.).
    Отбасының негізгі міндеттері:

    • баланың өсіп, дамуына толық жағдайлар жасау;

    • балаға әлеуметтік-экономикалық және психологиялық қорғаушы болу;

    • өз халқының этно-мәдениетінің тәжрибесін ауыстыру;

    • баланың адамгершілігін дамытуға мүмкіндігін жасау.

    Отбасылық тәрбиенің негізгі принциптері:

    • өсіп келе жатқан адамға қайырымдылық және мейрімділік көрсету;

    • балаларды семья өміріне енгізу, ақылшы ретінде қарау;

    • балалармен ашық және сенімділік қарым-қатынас жүргізу;

    • талап қоюда жүйелік жасау.

    • өзінің баласына шамасына қарай көмек жасау, сұрақтарға жауап беруге дайын болу.

    Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан да ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады. Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейрімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке-бірлікті, түсіністікті сақтауды, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқы қорғалуы тиіс. Отбасы тәрбиесі – ата-аналар ықыласымен жүзеге асырылғанмен қоғамдық тәрбиемен сабақтасып отырады. Отбасындағы адамдар белгілі бір дәрежедегі дербес, қандас туыстар тобы болғанымен өзі өмір сүріп отырған қоғаммен, ондағы бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесімен тығыз байланысты өмір сүреді. Отбасы өмірі материалдық және рухани үрдіспен сипатталады. Табиғи биологиялық шаруашылық, тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құраса, рухани жағын құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды. Отбасында баланы еңбекке баулуда ата-аналар мына төмендегі жайларды ескеруі тиіс:

    • еңбек әрекетінің негізгі мазмұнын айқындап алу;

    • еңбектің қай түрімен айналысатынын алдын ала жоспарлау;

    • еңбек етуге қажетті құрал-жабдықтарды дайындап, жұмыс жасауға қолайлы жағдай туғызу;

    • шұғылданатын еңбек түріне сәйкес бағыт-бағдар беру, көмектесу, басшылық жасау;

    • еңбек түрлеріне байланысты әдістемелік әдебиеттермен танысу;

    • еңбек әрекетінің әдіс-тәсілдерін меңгеру; балаларға үйретудің тиімді жолдарын қарастыру;

    • еңбек етуге баланың ынта-ықыласын, қызығушылығын үнемі арттырып отыру;

    • баланың еңбек нәтижесіне назар аударып, мадақтап оны сыйға тартуға немесе пайдаға жаратуға бағыт беру;

    • еңбектің бала жасына лайықты болуын, шектен тыс күш түсірмеуін қадағалау;

    • күнделікті тұрмыспен, салт-дәстүрмен сабақтастыра отырып баланы еңбекке тәрбиелеу.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет