2. Оттегі топшасы элементтеріне эксперименттік тәжірибе жүргізу
№ 1 Демонстрациялық тәжірибе. а)Ауаның құрамын фосфорды жағу арқылы анықтау
Тәжірибе мақсаты: Ауаның құрамындағы оттегін анықтау
Тәжірибе барысы. Асты ашық аузы жіңішке шыны ыдысты (колокол) алып, оны бірдей көлемде 5 бөлікке бөліп, ыдыстың сыртынан белгі қоямыз. Асты ашық ыдысты суы бар басқа ыдысқа саламыз. Ол ыдысда қалытқыға бекітіп орналасқан темір қорапшада фосфор бар. Темір корапша колокол ыдыстың ішінде болады. (1-сурет) Ыдысты ішіндегі сумен сыртындағы судың деңгейлері бірдей болуы керек. Қыздырылған темір сымды шыны ыдысты ішіндегі фосфорға аппарып оны тұтатамыз. Сонда фосфордың жануына ыдыстағы бір көлем оттегі жұмсалып, оның орнына судың көлемі бір сатыға көтеріледі. Ыдыстың тығының ашып оған шыраны енгізсек шыры жаңбайды. Бұл жануды қолдамайтын газ- азот.
Қорытынды. Фосфор жанған кезде ыдыстағы беске бөлінген ауаның бір бөлігі фосфордың жану реакциясына жұмсалады. Қалған ауаның төрт бөлігі азоттан тұрады. Ауаның құрамы 78 % азоттан, 21 % оттегінен және 1% инертті газдан тұрады.
№2. Демонстрациялық тәжірибе. б)Ауаның құрамын күкіртті жағу арқылы анықтау
Тәжірибе барысы:Көлемі 6 бөлікке бөлінген ыдысқа бір бөлігіне дейін 10 % КОН немесе NаОН ерітіндісін құямыз.(2-сурет) Ыдысқа салынған темір қасықтағы күкіртті жағамыз. Күкірт жанып болғаннан кейін, салқындатамыз.Тығынның екінші бөлігіне салынған түтікшелердегі қыспаны(зажим) ашамыз. Стакандағы су ыдыстын ішіне ағып, сілтінің денгейін 1/5 бөлікке көтереді. Стакандағы ауаның көлемі бір бөлікке азаяды. Күкірттің жануына оттектің бір көлемі жұмсалады, ал қалған газ- азот.
Қорытынды: Күкірт жанғанда ыдыстағы оттектің бір бөлігімен әрекеттесіп, күкірттің диоксидін түзеді. Күкірттің диоксиді суға нашар сіңеді, ал сілтіге оңай сіңеді. Сондықтан бөлінген күкірттің диоксиді ыдыстағы сілті ерітіндісімен әрекеттесіп қосылыс түзіп, жұмсалған оттектің орнын, судың арқасында ерітіндіні бір деңгейге көтереді. Ыдыстағы ауаның бір бөлігі оттегі де, қалған төрт бөлігі азот болып саналады. Азот екенің шыра жағу арқылы анықтаймыз
№3 Зерханалық тәжірибе. Аузы бекітілген екі пробиркада оттегі мен көмірқышқыл газы берілген. Пробиркадағы газдарды анықтаңдар.
Шешуі: Оқушыға жұмыс реті көрсетілген нұсқау қағазы беріліді.
1.Есептің шартын талдаңдар
2. Табиғаттанудан оттегі мен көмірқышқылы газы туралы білетіндеріңді еске түсіріндер
3.Физикалық қасиеттері бойынша берілген газдарды табуға бола ма?
4 Қандай тәжірибелер жасау керектігін ойластырындар
5. Тәжірибе жасаңдар
6.Жазбаша есеп беріндер
Достарыңызбен бөлісу: |