Негізгі әдебиеттер
1.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқулық.-А.:1997
4.Мұстафина Т.Қ. Валеология негіздері: оқулық.- А.: 2001
5.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Спорттық медицина (спорттық аурулар мен жарақаттар): оқу құралы. – А.: 1993
6.Мұстафина Т.Қ. т.б. Врачебно-педагогические наблюдения при занятиях физической культурой и спортом: учебное пособие на каз. и рус. языках. – А.: 1990
7.Мустафина Т. К., Амангельдиева Р. Р., Дунаева З. К. Методические указания к лабораторным работам по определению и оценке физического развития спортсменов: учебное пособие. – А.: КазИФК
8.Мустафина Т. К., Амангельдиева Р. Р., Дунаева З. К. Патологическое состояния и заболевания у спортсменов: учебное пособие. – А.: КазИФК, 1986.
Қосымша әдебиеттер
Граевская Н.Д.,Долматова Т.И. Спортивная медицина : Курс лекций и практические занятия: в 2-х частях – М.: Сов. Спорт, 2004. – 299
2.Дубровский В.И. Спортивная медицина: учебник. – М.: 2002.
3.Кулиненков О.С. Фармакология спорта: учебник . – М.:2001.
Дәріскер ____________________
Оқытушы ______________
№2Тақырып. Дененің дамуы, денсаулық және жұмыс қабілеті
Жоспар:
1.Дененің дамуы туралы ілім
2.Спорттағы антропологиялық зерттеу көлемін айқындаушы факторлар
3.Антропологиялық зерттеу нәтижелерін спорттық тәжірибеде қолдану мүмкіншіліктер
Денсаулыққа және дененің өсуіне дұрыс баға берген соң спорттық дәрігер спортшының организмінің қызмет істеу қабілетін анықтап , оған дұрыс баға беріп, жаттықтырушы мен оқытушыға оның дайындығын сараптауға көмектеседі. Осы мәселені дұрыс шешу, дене жаттығуларының организмге әсерін зерттеуге және спорттағы жетістіктерді одан әрі дамытуға ғылыми медициналық тұрғыдан жол көрсетуге септігін тигізеді. Спорттық жетістіктердің өсуі, жаттығулардың көлемі мен жылдамдығының артуы организмнің өз қызметін атқару қабілетін өзгертіп, оны бағалаудың күрделенуіне байланысты , бұл міндетті атқару жылдан жылға қиындай түсуде. Бұрынғы кезде қолданылған медициналық көрсеткіштердің , қазіргі жағдайдағы көрсеткіштердің қойған талаптрына сай келмеуде. Әртүрлі жастағы дене тәрбиесімен айналысатын, денсаулығында кемістігі бар адамдардың организмінің қызмет ету қабілетін анықтауда, медициналық көрсеткіштердегі жеткіліксіздіктер қиындықтар туғызады. Сонымен қатар, спорттың әр түрімен айналысатын адамдардың, вегативтік қызметінң айырмашылығы әртүрлі екендігі тағы бар. Бұл айқындықтардын шығатын қорытынды спортта жоғарғы дәрежелегі көрсеткіштерге жету үшін барлық органдардың қызмет істеу деңгейінің жоғары болуы мүмкін емес. Бұл деңгейлер спорттың түріне байланысты , морфологиялық өзгерістердің ерекшеліктеріне сай әртүрлі болуы мүмкін.
Шындығында ауыр атлеттердің, гимнастардың, жүзгіштердің, баскетболшылардың және коньки тебушілердің морфологиялық құрылысы мен организмнің қызмет ету қабілеті әртүрлі ғой. Спорттың әр түрімен айналысушылардың дене құрылысы және мүшелерінң қызмет ету қабілеті әртүрлі болады. Бұл міндетті шешуде, педагогтар мен дәрігерлердің жаттығу барысындағы спортшылардың жағдайын зерттеуі үлкен көмегін тигізеді. Зерттеулер барысында жаттығушыларға жеке жоспар мен арнайы жаттығу ережелерін жасаудың жағдайф туады.
Спорттық медицинада кейінгі кезде, жаңа бағыт пайда болды. Оның міндеті, дене тәрбиесі жаттығуларының шамадан тыс қолданылуына байланысты туатын зиянды әсерін зерттеу. Сөз болып отырған мәселе ішкі органдар мен жүйелерде шамадан тыс және жөнсіз қолданылатын ауыртпалықтан туатын зақымдар мен аурулар туралы болып отыр. Ерте кезде дәрігерлердің негізігі көңілі спорттық жарақаттарға бөлінген еді. Қазіргі кезде жаттығулардың ауыртпалығының шамадан тыс өсуіне байланысты организде туатын ауытқулар мен ауруларды зерттеудің маңызы өсе түседі. Спорттық жарақаттар мен ауруларға диагноз қойып, дұрыс емдеу жүргізу олардың ерекшеліктеріне байланысты, дәрігерлерге қиын да жоғары талап қойып отыр. Спорттық медицинаның осы тармағы жеке аурулар туралы ілімге жатады. Спортпен айналысу аурудың тууына себеп болмау керек. Бірақ спортшылар да ауырады. Оның себебі, олар да басқа адамдар сияқты ортаның әртүрді зиянды әсерлеріне шалдығады. Мысалыға, олар жұқпалы инфекциялық аурулармен ауыруы мүмкін. Біздің зерттеуімізде анықталғандай спортшылар және дене тәрбиесімен айналысқандар басқа адамдарға қарағанда кем ауырады. Ауруға қаосы тұрақтылығы жоғары болуына байланысты олардың сырқаттары 1,52 есе қысқа болып, жеңіл өтеді.
Жалпы аурулар туралы ғылымының негіздері.
Достарыңызбен бөлісу: |