Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқулық.-А.:1997, 313 б.
2.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Студентердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау.- А.:1993, 50 б.
3.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқу құралы.- А.: 1992, 65 б.
4.Мұстафина Т.Қ. Валеология негіздері: оқулық.- А.: 2001, 176 б.
5.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Спорттық медицина (спорттық аурулар мен жарақаттар): оқу құралы. – А.: 1993, 65 б.
6.Мұстафина Т.Қ. т.б. Врачебно-педагогические наблюдения при занятиях физической культурой и спортом: учебное пособие на каз. и рус. языках. – А.: 1990, 75 с.
Қосымша әдебиеттер:
1.Ильющенко К.В. Баскетбол в Казахстане: учебное пособие по истории баскетбола Казахстана. – Алматы:, 2019
2.Баскетбол: Учебник для институтов физкультуры /под общ. ред. Ю.Н. Клещева, А.Г. Айриянца. Изд. 3-е, испр. и доп. – : «ФиС», 2015
3.Ильющенко К.В. Обучение и тренировка в баскетболе. – Алматы: «Кітап», 2016
Дәріскер ____________________
Оқытушы ______________
№16. Тақырып. Әйелдер спортындағы медициналық бақылаулар
Жоспар:
1. Әйелдер спортының көкейкесті медициналық проблемалары
2. Спорттың овориальды-менструальдық циклге, екіқабаттылыққа т.б. биологиялық қызметтерге әсері және осы кезеңдерге жүктемені шектеу принциптері
Дене тәрбиесінің сауықтыру әсері ерте кезден бері мәлім. Ол аурулардың алдын-алуға көмектеседі. Көп ауруларда ем ретінде қолданылады. Дене тәрбиесі адам өмірін ұзартады. Оның сыртқы ортаға бейімделу мүмкіншілігін кеңейтіп, жұмыс қабілетін арттырады.
Қазіргі ғылыми-техникалық даму заманында дене тәрбиесі мен спорттық сауықтыру әсерін кеңінен пайдалана білген жөн. Өйткені, көптеген ауру- сырқаттар қимыл-қозғалыстың тапшылығынан гипокинезия, гиподинамиядан пайда болады. Бұл себептен дамитын аурулардың ішінде ең көп тарағаны жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары (жүректің инемиялық ауруы, стенокардия, жүрек инфаркты аторосклероз, қан тасуы, миға қан құйылуы т.б).
Қимыл-қозғалыстың тапшылығынан пайда болатын аурулардың бірі-дене салмағының артықтығы, семіздік: біріншісі адамдардың 35-40%, екіншісі 25% кездеседі, 30-43% жағдайларда жүрек ауруларының пайда болуына семіздік себеп болады.
Халық арасында жиі кездесетін омыртқа аралық шеміршегінің мүжіліп тозуы, жұқаруы (остеохондроз)да қимыл-қозғалыстың тиімсіздігінен болуы мүмкін. Бұл себептен туатын аурулар саны жоғарыда көрсетілген түрлерінен тәмәмдалмайды.
Әрине, адам тек қимыл-қозғалыстың кемдігінен ғана ауырмайды. Ауруға әр түрлі сыртқы және ішкі ықпалдар себеп болады. Олар тұқым қуалаушылық, сыртқы ортаның ластығы, құнарсыз тамақ, гигиеналық тәртіп ережелерін сақтамау т.б.
Жаттығудың сауықтыру әсері организмнің сыртқы және ішкі ықпалдарға бейімделу мүмкіншілігін кеңейту. Оның ауруға қарсы туру қабілетін көтеру арқылы қамтамасыз етіледі. Мұндай әсерлер тек жаттығуды дұрыс қолданып, қимыл-қозғалыс деңгейі әр жаттығушының жастық жыныстық ерекшеліктеріне, қызметтік мүмкіншіліктеріне денсаулықтарына т.б. өзіндік ерекшеліктеріне лайықты болғанда ғана мүмкін. Сондықтан жаппай ден шынықтыру жүйесіндегі медициналық байқаудың спорт жүйесіндегі жүргізілетін бақылаудың ерекшеліктері бар.
Орта жастағы және егде тартқан адамдарды жаттықтыру жүйесін медициналық тұрғыдан қамтамасыз ету.Ересек адамдар жасына қарай бірнеше топқа бөледі: 34 жасқа дейінгі әйелдерді, 39 жасқа дейінгі ерлерді – жасы толған немесе жас адамдар дейді, 35-54 жастағы әйелдер мен 40-59 жастағы ерлерді – орта жастағылар, 55-74 жастағы әйелдер мен 60-74 жастағы ерлер – егде адамдар, 75-89 жастағыларды кәрілер деп атайды, 90 жастан асқандарды – ұзақ өмір сүрушілер деп атайды.
Адамның жасы ұлғайған сайын, оның организмдегі қартаю барысы айқынырақ біліне бастайды. Ортаның жүйке жүйесіндегі қозу және тежеу қызметтерінің тепе-теңдігі бұзылуына байланысты олардың күйі жылжымалылығы, байсалдығы нашарлайды. Ішкі бездер қызметі өзгереді. Зат алмасуы бұзылып, тіндерде құрылымдық және қызметтік өзгерістер пайда болады. Ішкі ағзалардың бейімделу мүмкіншіліктері төмендейді. Мысалы, 55 жастағы ер адамдарның оттегін тұтыну шегі 20-25%ке кемиді. Бұлшық еттердің көлемі 43-45%-тен 20-26% ке – дейін азаяды. Сүйектердің ішінде бос кеңістіктердің пайда болуынан / остеохондроз / олар күйрек келеді. Буындардың қозғалмалылылығы кеміп, қимыл-қозғалыстар қиындайды. Бұл өзгерістердің даму қарқыны қартаюдың түріне байланысты. Қартаюдың физиологиялық және сырқаттық түрлері болады.
Физиологиялық қартаюда жүйке жүйесіндегі ішкі ағзалар мен тірек-қозғалыс жүйесіндегі т. б. Өзгерістер біртіндеп адамның жасына сәйкес қалыптасады. Адамның сыртқы әсерлерге бейімделу мүмкіншілігі де біртіндеп төмендеп, ұзақ уақыт жұмыс қабілеті мөлшері бір деңгейде сақталады. Қартаю барысын, оның даму себептері мен қолдарын зерттейтін саласын геронтология дейді.
Сырқаттық дегеніміз – жасына жетпей, ерте қартаю. Оған себеп әртүрлі аурулар, жағымсыз сыртқы және ішкі әсерлер, зиянды әдеттер т.б. кәріліктің ауруларын зерттейтін ғылым саласын – гернатрия деп атайды. Орта және егде жастағы адамдардың денсаулықтарын, қызмет мүмкіншіліктері мен жұмыс қабілетін көбінесе олардың құжаттық жасы емес, биологиялық жасы қартаю барысының қарқынына байланысты пайда болатын өзгерістер анықтайды. Сондықтан қимыл-қозғалыс деңгейі әр адамға лайықты болуы керек. Сонымен қатар тиімді қимыл- қозғалыс қартаю қарқынын тежеуге қолғабыс етеді. Бұл жастағы адамдардың организмінде әртүрлі өзгерістер, тіпті аурулар кездеседі. Сол себепті жаттығуға жіберер алдында олар дәрігерлік бақылаудан өтіп, жаттығуға қайшылығы бар аурулары жоқ деген рұқсат қағаз әкелулері керек / жергілікті поликлиникадан немесе жұмыс орындағы дәрігерлік мекемеден / Дәрігердің бақылау жаттығудың алғашқы жарты жылында әрбір 3 ай сайын, одан кейін 6 айда бір жүргізіліп тұруға тиіс. Бақылаудың кешенді болғаны тиімді. Организмнің қызметтік мүмкіншілігін, жұмыс қабілетін аяқтау үшін қарапайым сынамалар қолданса жеткілікті - / 30 сек – 20 сек арттыру, сол уақыт ішінде 60 рет секіру. 1-2 мин. Бір орында тұрып жайлап жүгіру т .б. / Орта жастағы және егде адамдар денсаулығына жұмыс қабілетіне қарай 3 медициналық топқа бөлінеді. 1 топқа – дені сау, жұмыс қабілеті сақталғандар кіреді. 2 топқа – жасы ұлғайған кісілерге тән өзгерістер мен болымсыз сырқаттары бар, жұмыс қабілеті төмендегендер жатады. 3 топқа – денсаулығы мен жұмыс қабілеті нашар, созылмалы аурулары барлар. Егер бірінші және екінші топтардың ішінде жұмыс қабілеттері бірдей кісілер болса, оларды бірге жаттықтыруға болады.
Орта жастағыларға, егде және кәрі адамдарға жалпы дене шынықтыру, жүгіру т.б. топтарында жаттығуға болады. Жас адамдардың оған қоса ырғақты гимнастика, спорт ойындары, жеңіл атлетика, т.б. жаттығу түрлерімен шұғылдануға еріктері бар. Тек жаттығуды дұрыс тиімді мөлшерлеу керек.
Жүктемені мөлшерлеудің ең бір оңай жолы – ТСЖ арқылы. Ол үшін ТСЖ шөгін анықтау керек. ТСЖ 220 – адамның жасы.
Жаттығудың машықтандыру әсерін қамтамасыз ету үшінсабақ кезіндегі ТСЖ / тиімді ТСЖ / оның шегініп 60-85% шамасыда болуы керек. Мысалы, жаттығушының жасы 60-та демек ТСЖ шегі минутына 160 рет / 220-60=160 /; ал тиімді ТСЖ минутына 112 реттен / ТСЖ шегінің 70% /136 ретке / 85% / дейін.
Аптасына жүргізілетін жаттығу сабағының саны 3-5 реттен ( бірақ 3-тен кем болмауы керек ), әр сабақтың ұзақтығы 20-60 минут (20 минуттан кем болмағаны тиімді ) болғаны ұтымды. Жасы ұлғайған кісілерге аэробты жұмыс қабілетін арттыратын жаттығулар пайдалы ( мөлшерлі жүріс, жүзу, шаңғы тебу т.б. Олармен қатар тірек-қозғалыс жүйесінің күйін жақсартатын, бұлшық еттерді нығайтатын жаттығуларды да тиімді қолдана білу керек. Жаттығудың қолайлы жүйесінің бірі – К. Купер ұсынған тәсіл. Ол жаттығудың мөлщерін ұпай жинағы арқылы анықтауға негізделген; 1 ұпай 1 кг дене салмағы тұтынатын 7 мл оттегіне тең. Дені сау ерадам аптасына өткізілетін 4-5 жаттығу сабақтарында ең кем дегенде 30 ұпай, ал әйелдер 24 ұпай жинауы керек.
Дененің шынығуы мен адамның жұмысқа қабілетінің артуы оның қайратының қалыпқа келуіне ғана емес, сонымен бірге оның артуына да байланысты. Қалыпқа келу толық болмаса, жаттығуға кеткен қуаттың көлемі орнына келмеген болса спортшы шаршап, қажып жұмысқа қабілеті төмендейді. Бірақта, қайта жаттығуды тек толық қалыпқа келгенде немесе қайраттың тасыған жағдайында бастау керек деген түсінік орынды емес. Спортшының жұмысқа қабілетінің артуы үшін кей кезде жаттығуды толық қалыпқа келмеген жағдайда да жалғастыру керек. Осы жағдайдағы жұмысқа қабілеттіліктің жоғарылауы, ішкі ортадағы өзгерістердің әсерінен туады. Организмнің жоғарыдағы айтқандай жауабы тек қана ауыр жаттығудан соң «тыныштық» кезеңі ұзартудан немесе арнайы медициналық және биологиялық заттарды қолданудан пайда болады.
Дене тәрбиесі сабақтарын, спорттық жаттығуларды жоспарлау және жүргізу барысында алдын ала қалыпқа келу жолдарын есепке алу керек.
Дене тәрібиесі сабақтары мен спорттық жаттығуларды өткізуде мына жағдайларды есепке алады:
Күнделікті қызметтегі және үй жұмысындағы дене тәрбиесінің алатын орны күн ережесі, ұйықтау ұзақтығы; тамақтану, оның қуаттылығы, витаминнің көлемі, тамақтану ережесін жаттығуға үйлестірілуі; қоршаған ортаның табиғи жағдайларыін қолдана отырып денені шынықтыру;спорттық базалардың ауасын шынығуға пайдалану;оқуды және жаттығуды дұрыс жоспарлау, әртүрлі қолайлы жағдайлар мен әдістерді жаттығуға орынды қолдана білу.
Спорттың ең биік дәрежесінде қолданылатын шамадан тыс ауыртпалықтарды жүргізгенде, жоғарыда аталған жағдайлар жеткіліксіз болады. Жаттығуды одан ары жылдамдатын жұмыс істеу қабілетін көтеру үшін, жүйелі түрде араны қалыпқа келтіретін әдістерді қолдану керек. Ол әдістер бірнеше түрге бөлінеді: педагогикалық, психологиялық және медициналық. Тек қана осы аталған әдістерді дұрыс үйлестірген жағдайда жақсы көрсеткіштерге жетуге болады. Қалыпқа келтірудің педагогикалық жүйесі — негізгі әдіс болып есептеледі. Қандай да бір күшті қалыптастыру тәсілін қолданғанмен, жаттықтыру дұрыс ұйымдастырылмаса, спорттың жетістіктері көтерілмейді. Қалыпқа келтірудің педагогикалық жүйесіне жаттығудың жылдамдығын, ұзақтығын, демалу кезеңін дұрыс жоспарлау, жаттықтыру тәсілдерін белгілеу, арнайы жаттықтыру әдістерін ұйымдастыру, аурулардың және жарақаттардың алдын алу шаралары жатады.
Қалыптастырудың психологиялық тәсіліне — спортшының психикасын қорғау және оны уақтылы емдеу арқылы көңіл күйін қалыпты жағдайда сақтау жатады. Нерв жүйесінің жұмысын реттеуге жасаңды жолмен ұйықтатып демалдыру, аутогендік жаттығулар, өзін-өзі реттеу жаттығулары кіреді. Оған қосымша бұлшық еттерді босаңсыту, тыныс жүйесінің жаттығулары, әртүрлі демалыс жұмыстарын ұйымдастыру жатады. Оған сонымен қатар, спортшыға жайлы психологиялық жағдай жасау да кіреді. Қалыптастырудың медициналык және психологиялық тәсілдеріне:
Витамині жеткілкті тамақтандырулы ұйымдастыру, белогі көп және микроэлементтерге бай жеңіл қорытылатын қосымша тамақтандыруды пайдалану жатады
Физиотерапевтік әдістерімен әсер етуге;булы монша мен сауна қолдану;қолмен және арнайы аппаратпен жасалатын спорттық массаж;
судың емдік әртүрлі дәріден жасалған ванналарын, себелеген суларды пайдалану; физиотерапевтік ультрадыбыс, УВЧ, диатермия, электростимуляция, электрофарез, соллюкс, кварц және т. б. қолдану;
— ауаның теріс қысымын дененің әр мүшесін емдеуге пайдалану;аэроионизацияны қолдану, жатады.
Таза оттегімен, оттегі палаталарымен демалу, оттегіден жасалған сусындар қабылдау кіреді. Дәрігерлердің көмегімен қалыпқа келтіру синтетикалық және өсімдіктің құрамынан алынған препараттармен жүргізіледі. Спортшыларды қалыпқа келтіру тәсілдерінің ішіндегі ең жиі қолданылатыны физикалық әдістер. Олардын маңыздылығы адам организміне зиянсыздығында және тез қалыпқа кетуге көмегін тигізуінде жатыр. Физикалық әдістерді қолданбас бұрын организмнің жалпы жағдайын, шаршаудың өзіндік белгісін, нерв пен психика жүйесінің жағдайын анықтайды. Физикалық әдістердің жалпы жергілікті әсерлерін белгілейді. Әрібір фиотерапевтік емдеу адамның биологиялық энергиясының шығуымен жалғасады. Соңдықтан қатарынан бірнеше физиотерапевтік емдеу шарасын қолдану денсаулыққа өте зиянды.
Бір күннің ішінде электр жарығының, уқалаудың, судың емдік әсернің бір түрінен артығын қолдануға болмайды. Әр-түрлі емдік шаралардың бір-біріне тигізетін әсері жақсы зерттелген Соллюкспен қыздырғаннан кейін электрофорездін көмегімен денеге дәрі айдау жеңіл жүреді.
Сонымен қатар, дененің бір жерін қыздырғаннан кейін суық себелеген судың астында тұруға болмайды. Күнделікті екі рет жаттығудан кейін көібінесе жергілікті жерге әсерін тигізетін физкотерапевтік шаралар қолданады.
Оған вибромассаж, электростимуляция, электрофорез, соллюкс, гальванизация жатады.
Физиотерапевтік емдік шараларды - жаттығудан кейін 1 сағаттан соң немесе түскі тамақтан кейін 1,5 сағат өткен соң жүргізеді. Әрбір емдік сеанс 30 минуттан аспауы керек. Екінші жаттығудан кейін денеге жалпы әсер өтетін-физиотерапевтік шаралар колданады. Оған жалпы массаж, ванналар, булы монша және сауна жатады. Бір түрлі емдік шараларды колданған кезде оған организм тез бейімделеді де, оның әсері азаяды. Сондықтан физиотерапевтік шараларды өзгертіп тұру керек.
Қалыпты жағдайға келтіру организмдегі зат алмасу процесін тездету аркылы іске асырылады. Оны дәрі-дәрмектер колдаяу арқылы жүргізеді. Дәрілерді қолдану үшін дәрігерлердің рұқсаты керек.
Оларды өз бетімен колдау организмге көп зиянын тигізеді.
Спортшыны қалыпты жағдайға келтіру үшін жаттығудың жылдамдығын азайтып, ырғағын өзгертіп, жеке гигиенаны, тамақтану ережесін қатаң сақтау керек.
Жаттығуларды жаксы жабдыкталған спорттық базаларда өткізіп, калыпқа келтіретін медициналық және биологиялык әдістерді уақытысында пайдалану, спорттык жетістіктердің тез өсуіне және спортшының бабының бір қалыпты сақталуына үлкен әсерін тигізеді.
Жарыстың басталар алдында қолдану аркылы, спорттық жетістіктерді жоғарылататын фармакологиялық заттарды допингтер деп атайды.
Спортшыны допинг қабылдаған деп тек қанының және зәрінің -кұрамынан ояың бөлшектері табылса ғана айтады. Байлық пен атақ қуудан, спортшылар әртүрлі қоздырғыштарды қабылдайды. Қоздырғыштардың әсерімен организмінің соңғы жасырын резервтегі куатын шығарып, қолдануға әкеледі. Зат алмасуды шамадан тыс жылдамдату — спортшының жұмысқа қаібілетін көтергенмен, оның ауруға қарсы тұрақтылығын азайтады. Соған байланысты өте ауыр кеоелдер пайда- болады. Францияның белгілі ғалымы Шайе-Беренің айтуынша «допинг — бұл жаңа әлеуметтік кесел, ол катерлі ісікке ұқсап спорттың дамуына касірін тигізеді».
Допингті қабылдағанда спортшыға қабілетінің артуы сияқты ой туады. Организмнің шаршағаңдығы туралы орталық нерв жүйесінің хабар түспеуінен, спортшы шамадан тыс жұмыс атқарады. Соған байланысты оның организмінде өте ауыр өзгерістер жүреді, қажиды және өлімге алып келеді.
Басқаша айтқанда допинг қабылдаған спортшы өз шамасынан тыс жұмыс істейді. Сонымен катар, спортшыларда допингтерді қабылдау әдетке айналады.
Бұл, іс жүзінде наркомания деп есептеледі де, спортшы заң жүзінде жазаланады. Допингті қабылдаудан, спортшының өзін-өзі тежеу, бакылау, токтату сияқты қасиеттері кеміп, жарақат алуға себеп көбейе түседі. Осыған байланысты жер жүзінде допингтерге қарсы күрес күшейе түсуде. Халықаралық (ХОК) Олимпиадалық комитеттің жағында арнайы допингке қарсы медициналық комиссия құрылған. Оның құрамына спорттық дәрігер, токсикология және фармокология саласынын кызметкерлері кіреді. Ойың ішінде әртүрлі елдердің кызметкерлері бар. Осындай комитеттер баска да халыкаралық ұйымдардың құрамына кіреді. Допингтерге қарсы күрес 1968 жылы Гренобль мен Мехикодан басталды. Содан бері допингтерге қарсы күрес барлық халықаралық жарыстарда жүргізіледі. Осындай жұмыс біздің республикада да қолға алынған, допингке қарсы күрестің салалы жүйесі құрылған. Сондыктан оқытушылар, жаттықтырушылар допингтер туралы жақсы хабардар болуы керек.
«Халықаралык олимпиадалык комитеттің шешімі бойынша допинг дөп кез келген жолмен (тері астына, бұлшық етке, қан тамырларына, аспен бірге және т. б.) жарыс алдында спортшының өз көрсеткішін көтеру үшін колданған фармокологиялык заттарды айтады. Спортшыны жарыстан шығарып тастау үшін осы заттар канның және зәрдің құрамынаи табылуы керек.
Халыкаралық Олимпиада комитеті допингтерге мынадай фармокологиялық заттарды жатқызады.
1. Орталық нерв жүйесінің жұмысын жандандырып-қозғалысты күшейтетін симатомиметикалық, аминдер (эфедрнн, метрксифталамин). Олар организмнің барлық ішкі резервтерін шығарып, адамның жұмысқа қабілетін күшейтеді.
Тыныс және қан айналу жүйесінің мидағы басқару орталықтарының жұмысын жандандаратын заттар-аналыетиктер (стрихнин, секуренин және т. б.).
Морфин, героин, промедол, амнопон, дроперндол, галоперидол сияқты наркотикалық дәрілер.
Орталық нерв жүйесінің жалпы қоздырғыштары (кофеин, корелин және т. б.). Өсімдіктерден алған қоздырғыштар (жень-шень, қытай лимоннигі, элеутерёкокк және т. б.) допингтерге жатпайды.
Көңіл-күйді орнықтыратын заттар — транквилизаторлар (әртүрлі ұйқтататын дәрілер, седуксен, элениум және т. б.) тек қана бессайыс және спюрттық оқ ату жарыстарында допинг деп есептелінеді.
Аты аталған фармокологиялык заттар кейбір жағдайларда емдеуге колданылатындықтан оларды А және Б деген - екі группаға бөледі. А группасына таза допингтер кіреді. Олар медициналық емдік заттар ретінде өте керекті жағдайда ғана қолданылады. (Мысалы, морфий, стрихнин және т. б.) немесе мүлдем колданылмайды, (Мысалы, героин).
Б группасына күнделікті дәрігерліік жұмыста кеңінен колданатын дәрі-дәрмектер кіреді. Оған кордиамин, седуксең, эфедрин дәрілері жатады. Допингтерді осылайша бөлудің маңызы өте үлкен. Допингтерге қарсы тексеру барысында канның немесе зәрдіұ құрамынан А группасының дәрілері табылса, оны сөзсіз допинг деп есептейді.
Егер, дәрігер алдын ала допингке қарсы комиссияны кұлақтандырып, спортшыны: Б группасының дәрілерімен емдесе, қанңың және зәрдің құрамынан табылған ондай заттан допинг деп есептелмейді.
Организмдегі допингті анықтамау үшін адамның қаныи, зарін және сілекейін тексереді. Тексеру барысында қателік жібермеу үшін, зерттеулер арнайы нұскауларға жүргізіледі.
Зерттеуді жүргізуге әдепкіде екі сынақ алады және лаборатория қызметкерлері тексерілетін спортшылардың аты-жөнін білмейді. Сынақтар әртүрлі номерлермен келіп түседі. Допингке қарсы зерттеуді жарыс өткізетін ел жүргізеді. Комиссия құрамы өз жұмысын жақсы білетін қызметкерлерден тұрады. (Спорттык дәрігерлер, химиктер, фармокологтар, спорттық медицина қызметкерлері және т. б.). Оған төрешілер алқасынын бір мүшесі кіреді. Халыкаралық олимпиада комитетінің медецина комиссиясының мүшелері лабораторияның дайындығын, сынакты жүргізу сапасын тексереді.
Жарыстың басталар алдында жаттықтырушыларға, дәрігерлерге және төрешілерге мынадай анықтамалар беріледі.
Допингтерге кіретін заттардың аттары.
Биологиялык сұйыктарды алу барысында сақталатын ережелер, жолдары (қанды, зәрді, сілекейді).
Допингке қарсы медициналык комиссииның құрамы
Допингке қарсы медициналық комиссия кандай спортшыны тексеру керектігін шешеді. Қашықтықты толық аяқтамаған барлық спортшылар сөз жоқ допингке тексерілуден өтеді. Егер спортшы допингке қарсы тексеруден қашқақтаса, оны допинг кабылдаған деген шешім қабылданады.
Лаборатбриялық зерттеу барысында допинг анықталса, ол туралы ХОК-тың медицина комиссиясының төрағасына хабарланады. Ол өз кезегінде спортшының басшыларына хабарлайды.
Қарсы жақ осындай шешіммен келіспеген жағдайда, зерттеу қайта жүргізіледі. Допинг қабылдаған спортшыны жарыстан аластатумен қатар, өмір бойы спорттан аластату туралы шешім қабылдануы мүмкін. Қазіргі кезде зерттеулердің қорытындысының туралығына шек келтіруге болмайды. Себебі, дәрінің емдеу үшін қолданған 1-2 тамшысы, бір тәуліктен кейін өзгеріссіз зәрдің кұрамынан табылады. Допингтердің ішінде анаболикалык гормондардың орны өзгеше. Олар стероидтык гормондарға жатады, бүйрек үсті және жыныс бездерінен бөлінеді. Анаболикалыіқ гормондар белоктардың бөлшектенуін (қорытылуын) тоқтатады, олардың пайда болуын күшейтеді және зәрмен бірге азоттың, фосфордың, калийдің бөлінуін аэайтады. Олар денеге уландырғыш және гормоналды әсерлер тигізеді. Уландыру әсері бауырдың жұмысын бұзып, канның кысымын төмендетіп, жалпы улану туғызады.. Гормоналдык әсер өсудің токтауына, жыныстық қатынастың кемуіне, бала туу қасиетінен айырылуға әкөп соқтырады. Осындай әсерлер анаболикалык гормоидарды да допингтерге жаткызуға мәжбүр етті.
Ресей халықаралық жарыстарда допинг-бақылау жүргізілетіні мәлім. Допинг дегеніміз спортшының септілк, оның жұмыс қабілетін жұрт өсіру үшін тура жарыс қарсаңында қолданылатын дәрі-дәрмектер мен әдістер. Олардың кейбіреулері организмге жат, бөгде заттар екіншілері физиологиялық заттар болғанымен тым көп мөлшерде немесе сорақы әдістер арқылы қолданылады. Допинг организмге зияны зор. Олардың көбі орталық жүйке жүйесін қоздырып, ондағы тежеу барысын әлсіретіп, жалған жұмыс қабілетін арттырады. Спортшы шаршағанын сезбейді, сондықтан олрадың зорығуы мүмкін. Кейде оққыстан өліп те кетеді. Допинг өте үлкен мөлшерде қолдануда әсер етеді. Бұл денсаулыққа қауіп тудырады, жиі қолданудан норкаманиялық дамуы да ықтимал. Допингтегілерді пайдалану тиім салу туралы шешім халықаралық олимпиадалық комитетінің сессиясы 1962 жылы қабылданды. Алғаш рет ішінара допинг-бақылау 1967жылы өткізілген олимпиадалық жарыста жүргізілді,міндетті тексеру 1972 жылдан бері өткізілді.
Допинг- бақылау халықаралық олимпиадалық камитетінің медициналық комиссиясының басқаруымен жарысты ұйымдастырушы елдің допинг-бақылау қызметі жүргізеді.
Допинг- бақылау тәртібі:жарыс аяқталысымен спортшының несебін жинап, оны екі ыдысқа тең бөледі. Ыдыстарды мұқият бекітіп, арнайы белгілер қояды. Бірінші ыдыс лабораторияға жіберіледі де, екіншісі сейфке салынады.
Допингті анықтау үшін хромотография, спектрофотометрия т.б. әдістер қолданылады.
Допинг-бақылаудан жарыс жеңімпаздары мен 2-4 орындағылар өтуі керек. Спорттық ойындарда команданың мүшелерін жеребе арқылы таңдайды. Медициналық комиссиясының ұйғарымымен басқа да спортшыларды тексеруге болады. Допинг-бақылаулан бас тарту оны қолдануға пара-пар болып саналады. Допинг қолданған спортшыларға әр түрлі жазалау шаралары қолданылады.
Халықаралық олимпиадалық комитеттің 1984 жылғы шешімі бойынша 5 түрлі заттар допинг деп есептеледі.
Психомоторлы стимуляторлар(серпілтушілер)амфетамин және оның туындылары;кокаин т.б.
Симпатомиметикалық аминдер (эфедрин, корамин, адреналин)
Орталық жүйке жүйесінің әр түрлі серпілтушілері
Анаболиктік стероидтар(ретаболил, нерабол, станазолол)
Кейбір спорт түрлерінде допинг деп саналатын қосымша заттар бәрі жүректің соғуын реттеп, қолдың дірілін басатын (анаприлин атыста, биатлонда,қазіргі бессайыста, ауыр атлетикада, бокста, күресте)қолдану мөлшеріне шек қойылған заттар да бар.
Допингтің ішінде жиі қолданылатындары –ер адамның жыныс гормоны-тестостеронның жасанды туындылары-анаболиктік стероидттер. Олардың серпілту әсері организмде белоктың жинақталуын арттырып, азот, тұзды, суды ірку арқылы бұлшық еттердің көлемін өсіруге негізделген.
Допингтерге қарсы күрес жылдан жылға күшейіп келеді. Бірақ оған қарамастан оны қолданудың тәсілдері үздіксіз жаңартылуда. Сондықтан, бұл- әлі күнге дейін толық шешімін таба алмай келе жатқан күрделі әлеуметтік, медициналық, спорттық мәселе.
Жыныстық бақылау. Олимпиадалық, дүниежүзілік және ұлттық жарыстарға қатысатын әйел спортшылар жыныстық бақылаудан өту керек.Бұл бақылаудың мақсаты- құжатта көрсетілген жынысы мен генетикалық жынысының сәйкестігін анықтап, соңғы көрсеткіші ер адамдардіңкіндей спортшыларды әйелдер жарысына жібермеу.
Бала туғанда оның жынысы қосымша сыртқы жыныстық белгілеріне қарап анықталынатындығы белгілі. Мұны сыртқы бейне-фенотип дейді. Бірақ сыртқы бейненің адамның нақты жынысымен бірдей болмауы мүмкін. Нақты генетикалық жыныс клеткаларының ядросындағы хромосомалардың түріне байланысы: ер балалардың жыныстық клеткаларында екі түрлі ХУ хромосомдары бар, әйел балаларда екі хромосом да бір түрлі-ХХ1. Хромосомдар ерекшелігіне байланысты әр жынысты адамдарға өзіндік гормондық пішін тән.
Сыртқы жыныс белгілері әйелдерге тән, бірақ хромосомдық ерекшеліктері ерлерге тән болса, ол қос жыныстылықтың, не қызтекеліктің бір түрі деп саналады. Мұндай әйелдердің күш- қуаты, жұмыс қабілеті жоғары болатындықтан олардың әйелдер жарысына, қатысуына тиім салынады.
Қызтекелік екі түрлі болады:нақты және жалған еркектік. Нақтысы бір адамға ерлерге де, әйелдерге де тән жыныс бездерінің болуы. Олардың сырқы жыныс мүшелері де аралас болады.Қызтекеліктің бұл түрін анықтаудың әдістемелік қиындығы жоқ.
Жалған еркектіктің түрінде сыртқы жыныс мүшелері мен қосымша жыныстық белгілері әйелге тән болғанмен, жыныстық гормондары ер адамдарға пара-пар. Олардың аталық жыныс бездерінің аналық басым келеді. Мұндай өзгерістердің себептері көп: аяғы ауыр адамдардың, болашақ ата-ананың әр түрлі вурулармен ауруы, арақ-шарапқа құмарлығы, сәулелі радиация т.б. кесірлі әсерлер.
Клетканың хромосомдық жиынтығын анықтау үшін өте күрделі әдістер қолданылады. Сондықтан спорттық тәжірбиеде жыныстық хроматин, немесе Барр заттарын анықтау әдісі қолданылады.
Хроматиннің мөлшерін анықтау үшін ауыз қуысының ішіндегі жақтың шырышты қабығының қырындысын алып, ондағы жыныстық хроматиннің мөлшері есептеледі. Күдік туған жағдайларда оны басқа әдістермен толықтыруға болады.
Зерттеу нәтижесіне байланысты спортшының қолына арнайы куәлі-сертификат беріледі. Жыныстық бақылауды спортшы бір-ақ рет өтеді. Сертификатты ХОХ медициналық комиссиясы немесе спорт түрінің федерациясы береді.
Достарыңызбен бөлісу: |