3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚО және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде шағым көрсетілетін қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не Астана қаласы, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, Орынбор көшесі, 8-үй, 15-кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы бойынша Министрліктің басшысына беріледі, байланыс телефондары:
8 (7172) 740429, 740454.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні).
ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым ХҚО филиалының, бөлімінің басшысына www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы беріледі.
ХҚО кеңсесіне қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО мекенжайына келіп түскен шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының: 1414 телефоны немесе портал арқылы алуға болады.
Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» оны өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Жеке тұлғаның шағымында, оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіледі.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда және ХҚО арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Заңнамамен белгіленген тәртіппен көрсетілетін қызметті алушыларға толық немесе ішанара қабілетін жою немесе өзіне-өзі қызмет көрсету, дербес жүру, құжаттарды қабылдауға бағдарлау мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефонына жүгіну арқылы көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне шыға отырып, ХҚО қызметкерлері жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің 8 (7172) 741394 телефоны арқылы не Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының: 1414 телефоны бойынша анықтамалық қызметтен алуға болады.
«Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Кiмге ________________________________
(дене шынықтыру және спорт саласындағы
________________________________
уәкiлеттi орган басшысының лауазымы,
________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
кiмнен __________________________
(өтiнiш берушiнiң тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________ (болған жағдайда)
_______________________________ ______мекенжайы бойынша тұратын
өтініш берушінің ЖСН ______
Өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеуге
ӨТІНІШ
Сiзден маған _________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(себебi көрсетiледi)
байланысты өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыру төлемін төлеуiңiздi сұраймын.
Маған тиесілі соманы (банктiң аты, банктiң МФО-сы, өтініш берушінің есеп шотының нөмірі немесе ақша пошта арқылы аударылған жағдайда, оның мекенжайы көрсетiледi) аударуыңызды сұраймын.
Өтiнiшке мынадай құжаттарды қоса беремiн:
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
3. ____________________________________________________________
4. ____________________________________________________________
5. ____________________________________________________________
«Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісем беремін.
Өтiнiш берушiнiң қолы______________
«Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
__________________________________
(Көрсетілетін қызметті алушының
__________________________________
тегі, аты, әкесінің аты(болған жағдайда)
__________________________________
не ұйымының атауы)
________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
________________________________________
мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы
15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
-
_______________________________;
-
_______________________________;
-
....
ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
ХҚО қызметкері: _______________________________ ________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Орындаушы: _____________________________ _______________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Телефоны: ____________________
Алды: ________________________________ ________________
(көрсетілетін қызметті алушының (қолы)
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
20__ жылғы «___» _________
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы « » сәуірдегі
№ бұйрығына
4-қосымша
«Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтары және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтары және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішті қабылдау және нәтижесін беру:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
«электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын ХҚО тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн.
ХҚО жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ХҚО жолдайды;
2) құжаттар топтамасын ХҚО тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;
3) ХҚО жүгінген кезде рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорттық атақ беру туралы куәлік, біліктілік санаттын беру туралы куәлік немесе спорттық атақты, біліктілік санатты беру туралы бұйрықтың көшірмесі болып табылады.
Порталда –мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ХҚО алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің әзірлігі туралы хабардар ету.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығын қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден
20.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» күту тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндерінде, көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшiн жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
ХҚО:
1) «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атақтарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныс;
спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясының мөрімен және оның басшысының қолымен куәландырылған жарыс хаттамаларының көшірмелері;
3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;
2) «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атақтарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныс;
спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерациясының мөрімен және оның басшысының қолымен куәландырылған жарыс хаттамаларының көшірмелері;
3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;
3) «біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы», «біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы» біліктілік санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
кәсіптік білімі туралы диплом;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірмесін, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтамасы;
спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен және оның басшысының қолымен куәландырылған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
4) «біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер», «біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер» біліктілік санатарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органының қолдаухаты;
кәсіптік білімі туралы диплом;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
5) «біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы» біліктілік санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтініш;
білімі туралы диплом;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттың анықтамасы;
спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен куәландырылған, спортшының соңғы 2 жылдағы жетістіктері көрсетілген санат беру туралы қолдаухат;
6) «жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi», «ұлттық спорт төрешiсi» біліктілік санаттарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес ұсыным;
спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерация өткізетін төрешілердің республикалық семинарынан өткені туралы анықтама;
төрешілік туралы анықтамасы немесе өтініш берушінің төрешілік растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі
3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін шығарады, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
ХҚО дайын құжаттарды жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде қолхат негізінде (не оның нотариалдық куәландырылған өкілі бойынша) береді.
ХҚО мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін бір ай бойы өзінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, ХҚО сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілген қызметті берушіге беру үшін бір жүмыс күн ішінде дайын құжаттарды ХҚО жібереді;
порталға:
1) «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атақтарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы ұсыныс;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерацияның мөрімен және оның басшысының қолымен куәландырылған жарыс хаттамаларының көшірмелері;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;
2) «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атақтарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы ұсыныс;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен және оның басшысының қолымен куәландырылған жарыс хаттамаларының көшірмелері;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;
3) «біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы», «біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы» біліктілік санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы кәсіптік білімі туралы диплом;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасы немесе еңбек шарты, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтамасы;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы анықтамасы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен және оның басшысының қолымен куәландырылған жарыс хаттамаларының көшірмелері;
4) «біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер», «біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер» біліктілік санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы қолдаухаты;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы кәсіптік білімі туралы диплом;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасы немесе еңбек шарты, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтамасы;
5) «біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы» біліктілік санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы білімі туралы диплом;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасы немесе еңбек шарты, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтамасы;
спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен куәландырылған, спортшының соңғы 2 жылдағы жетістіктері көрсетілген санат беру туралы құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы қолдаухат;
6) «жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi», «ұлттық спорт төрешiсi» біліктілік санаттарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы ұсыныс;
спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерация өткізетін төрешілердің семинардан өткені туралы құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы анықтама;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы төрешілік туралы анықтама немесе көрсетілетін қызметті алушының төрешілігін растайтын жарыс хаттамалары;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы қызмет алушының жүгіну тарихындағы «жеке кабинетінде» мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, хабарлама көрінеді.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
Достарыңызбен бөлісу: |