«Дене шынықтыруды оқыту әдістемесі» пәнінің дәріс тезистері


Дәріс 7: Орта сынып оқушыларының дене тәрбиесі



бет6/15
Дата11.10.2024
өлшемі192 Kb.
#504589
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Дәрістік кешен (5) 2

Дәріс 7: Орта сынып оқушыларының дене тәрбиесі
Тақырыптың сұрақтары:
1. Орта сынып оқушыларының дене тәрбиесінің міндеттері
2. Орта сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері
3. Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері
1. Орта сынып оқушыларының дене тәрбиесінің міндеттері
Орта сынып оқушылары қатарына 5-8-сыныпта оқитын 12-15 жастағы оқушылар жатады. Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:
денені жан-жақты, үйлесімді дамыту, дұрыс дене түзулігі мен сыртқы ортаның жағымсыз әсеріне қарсылық әдеттерін, жеке бас гигиенасы мен салауатты өмір салтын сақтау әдеттерін қалыптастыру;
– негізгі базалық спорт түрлері жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суға жүзу жаттығуларын ары қарай үйрену, жетілдіру.
– дене қуаты қасиеттерін, кеңістікте үйлесімді, епті қозғалуды, жылдамдықты, күш-жылдамдығын, күшті, төзімділікті, икемділікті ары қарай дамыту;
– жеке бас гигиенасы, дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаның негізгі жүйелеріне әсері, өнегелілік және жігерлілік қасиеттерін дамыту, өзін-өзі бақылаудың тәсілдері туралы білім мағлұматтарын беру;
2. Орта сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері
Орта мектеп жасындағы оқушылардың бойлары, денелері жылдам өседі. Бойларының ұзаруы негізінен аяқтары өсуіне байланысты болып жылына 4-7 см. өседі. Салмақтарына жылына 3-6 кг. қосылып отырады. Ұл балалардың ең тез өсетін кезі 13-14 жас, ол кезде бойлары жылына 7-9 см өседі. Қыз балалардың бойларының тез өсетін кезі 11-12 жас, ол жастарда қыздар орташа 7 см өседі.
Жасөспірім кезде аяқтың және қолдың ұзын сүйектері, омыртқа сүйектерінің биіктіктері жылдам өседі. Жасөспірімдердің омыртқалары өте жылжымалы болып келеді. Көп, жоғары жүктемелер сүйек қатаюларын тездетеді де қол, аяқтың ұзын, ортан жілік сүйектерінің өсуін азайтып жібереді.
Осы жас кезінде бұлшық ет жүйесі де жылдам дамиды. 13 жастан бастап бұлшық еттердің көлемдері үлкейе бастайды. Көлемдерінің үлкейуі олардың бұлшық ет талшықтарының жуандауына байланысты өседі. Бұлшық ет көлемінің дамуы әсіресе ұлдарда 13-14 жаста, қыздарда 11-12 жастарда көбірек болады.
Орта мектеп жасындағы оқушылардың кеңістікте үйлесімді, епті қозғалу қабілеттіліктері жақсы дамиды. Ол қасиеттер кіші доптарды дәлдікке лақтырулар, доптарды, гранаталарды алысқа лақтырулар, спорттық, қозғалмалы ойындардағы әрекеттер, 10 метрге 3 рет қайта жүгірулер т.с.с. әрекеттер кездерінде дамиды. Сонымен қатар осы жас кезеңінде күш, күш жылдамдығы қасиеттері, бірқалыпты жылдамдық және төзімділік қасиеттері жақсы дамиды. Икемділік қасиетінің аз дамуы байқалады.
3. Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері
Орта мектеп жасындағы оқушылармен дене тәрбиесі сабақтарын жүргізу әдістемесі негізгі базалық спор түрлерінің (жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суға жүзу) жаттығуларын тереңдете үйрету, жетілдіруге бағытталған.
Орта сыныпта оқушылардың жеке қасиеттері айқындала бастайды. Олардың дене қуаты қасиеттерінің даму деңгейлері, қимыл-қозғалыс мүмкіншіліктері, психикалық қалыптары мен қасиеттері, ағзаларының физиологиялық даму деңгейлері әртүрлі болып келеді. Дене тәрбиесі мұғалімі, спорт бапкері осы ерекшеліктерді жақсы білуі, балалардың бойынан осы қасиеттерді көре, тани білулері қажет. Өздерінің сабақ, жаттықтырулар жүргізу барысындағы жаттығулар техникасын үйрету, жетілдіру, дене қуаты қасиеттерін дамыту кездерінде осы ерекшеліктерді ескере жұмыс жүргізу керек. Әсіресе дене қуаты дайындығы жоғары және төмен оқушылармен жұмыс жүргізгенде жекелік, даралық әдістерді, қағидаларды қолдану қажет болады. Оларға сабақ кездерінде жеке тапсырмалар беру, үй тапсырмаларын бергенде ерекшеліктерін ескеріп басқадай тапсырмалар беру секілді жұмыстарды дене тәрбиесі мұғалімдері ескерсе дұрыс болады.
Орта мектеп жасындағы оқушылармен жұмыс жүргізудің тағы бір әдістемелік ерекшеліктері – олардың жыныс ерекшеліктерін ескеру. Қазіргі кезде ол ерекшеліктерге өте жоғары деңгейде мән берілуде. Қазақстан республикасы Білім және ғылым министірлігінің 21 маусым 2002 жылғы №506 -шы бұйрығында «5-сыныптан бастап дене тәрбиесі сабақтары қыздар мен ұлдар арасында бөлек жүргізілуі керек», – деп жазылған. Осы министрлік бұйрығы жалғасын тауып, жергілікті және ауылдық жерлердегі мектептердің спорттық базалары жақсарып, құрал жабдықтары көбейіп, жыныс ерекшеліктері ескеріліп дене тәрбиесі сабақтары ұлдар мен қыздар арасында бөлек жүргізіп жатса өте дұрыс болар еді.

2

8



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет