«Дене шынықтыруды оқыту әдістемесі» пәнінің дәріс тезистері


Дәріс 9: Күн тәртібі ішіндегі дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру»



бет8/15
Дата11.10.2024
өлшемі192 Kb.
#504589
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Дәрістік кешен (5) 2

Дәріс 9: Күн тәртібі ішіндегі дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру»
Дәрістің мақсаты: студенттерді күн тәртібі ішіндегі дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыруға үйрету.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Күн тәртібі ішіндегі сауықтыру шаралары.
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Оқушылармен оқу күні ішінде жүргізілетін дене тәрбиесі – сауықтыру шаралары: сабаққа дейінгі гимнастика, сергектік сәттер, ұзартылған үзіліс кезіндегі дене тәрбиесі жаттығулары мен қозғалмалы ойындар.
Бұл жұмыстарды атқару мынандай міндеттерді орындауға көмектеседі: оқушылардың қозғалыстары белсендіріледі, денсаулықтарын нығайтылады, қимылдары жетілдіреді, әдемілендіреді, жаттығулардың керектігі туралы ұғынады, ақыл – ой және ағзаның жұмыс қабілеттіктері жақсарады, тәртіпке және ұйымшылдыққа деген дағдылары қалыптасады.
Сабаққа дейінгі гимнастика. Күнделікті бірінші сабақтың алдында 8-10 жаттығудан құрастырылып, төменгі сыныптарда 4-6 минут, жоғарғы сыныптарда 12-15 минут уақыт ұзақтығында жүргізіледі.
Жаттығу жасайтын топтарды ұйымдастырғанда жас ерекшеліктеріне байланысты 1-2, 3-4, 6-8, 9-11 сыныптар деп, жастары жуық сыныптардың оқушыларын бірге топтастырған дұрыс. Жаттығулар 2-3 жеті орындалғаннан соң балалар жалығып кетпеуі үшін өзгертіліп отырылуы керек.
Сергектік сәттері. 3, 4-ші теориялық сабақ өткізіліп жатқан кезде, 4-6 жаттығулардан тұратын, 2-3 минутта орындалатын қимыл әрекет түрлерін сергектік сәттері деп атайды.
Сабақ өтіп жатқан кезде, 20 минут пен 30 минут аралығында, сабақ ортасында жүргізіледі. Жаттығулар парталардың ортасындағы аралықта орындалады. Бір-бірлеріне қолдары, аяқтары тиіп кетпеу үшін қимыл амплитудасы азырақ жаттығулар беріледі. Оқушылар жалығып кетпес үшін, жаттығулар түрлерін өзгертіп отыру керек.
Ұзартылған үзілістегі дене тәрбиесі жаттығулары мен қозғалмалы ойындар.
Бұл жаттығуларды, қозғалмалы ойындарды үлкен үзіліс кезінде ашық алаңда, күн жаңбырлы кезде, суық түскенде мектептің коридорында, кең жерлерде өткізеді.
Міндеттері: а) ағзаның жұмыс қабылеттілігін жоғарлату үшін белсенді қозғалу; ә) сыныппен бірге белсенді қозғалысқа деген дұрыс көзқарас қалыптастыру; б) белсенді демалыс қимыл-қозғалыс дағдысын, білімін жоғарлату; в) оқушы санасын тәртіптілікке тәрбиелеу.

2



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет