Ұлулар немесе былқылдақденелілер типі
Ұлулар немесе былқылдақденелілер
- денесі жұмсақ, 3 қабатты, екі жақты симметриялы, көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер
Кластары
- бауыраяқтылар, қосжақтаулылар, басаяқтылар
Денесі тұрады
- бас, тұлға, аяқ, бақалшақ, бақалшақ қалдығынан
Шапанша (мантия) дегеніміз
- тұлғадағы ерекше қатпарлы қабат
Бақалшақ қалыптасады
- шапаншаның үстіңгі бетінен
Негізгі қозғалыс мүшесі
- аяқ
Ұлулардың асқорыту жүйесіндегі бұрын кездеспеген өзгешелік
- бауыр
Тоспа ұлуының тілі
- хитинді ұсақ тісшелері бар, "үккі" деп аталады
Қантарату жүйесі
- ашық
Ұлудың қаны
- түссіз
Көгілдір қанды былқылдақденелілер
- басаяқтылар
Жүйке жүйесі
- жүйке түйіндерінен тұрады (тоспа ұлуында - 5жұп, айқұлақта - 3 жұп)
Тоспа ұлуының жүрегі
- 2 бөлімді (бір құлақша, бір қарынша)
Тоспа ұлуы тыныс алады
- өкпесі арқылы
Суда тіршілік ететін ұлулар тыныс алады
- желбезек
Зәр шығаруы
- бүйрек
Бауыраяқтылардың түр саны
- 80 000
Өкілдері
- жүзім ұлуы, тоспа ұлуы, жалаңаш шырыш, қошқармүйіз
Бауыраяқты деп аталу себебі
- аяғы денесінің астыңғы бөлігі бауырын толық қамтығандықтан
Тоспа ұлуының зиянды жағы
- паразит құрттардың аралық иесі
Бау-бақша жүзімдікке зиян келтіреді
- жүзім ұлуы, жалаңаш шырыш
Ұлудың екі көзі
- құрлықты мекендейтіндерінде қармалауыштарының ұштарында, суда тіршілік ететіндерінде қармалауыштарының негізінде (түбінде)
Қосжақтаулы ұлулар
- айқұлақ, мидия, устрица, гребешок,інжуір, кемеқұрт
Айқұлақтың денесі
- тұлға, аяқ
Айқұлақтың аузы
- аяғының қасында
Тілі жоқ ұлу
- айқұлақ
Сифоны бар жәндік
- айқұлақ
Қосжақтаулылардың түр саны
- 20 000
Көбеюі
- даражынысты
Тағамға пайдаланылатын түрлері
- устрица, мидия, гребешок
Тіршілік циклінде уақытша паразиттік тіршілік етеді
- айқұлақ
Ағаштан жасалған құрылыстар мен кеме түбін теседі
- кемеқұрт
Қосжақтаулылардың табиғаттағы маңызы
- суды денесі арқылы өткізіп, оны плактондардан тазартады
Құрылыста пайдаланылады
- ұлудың жер астынан алынған қалдықтары (Маңғыстау ұлутасы)
Басаяқтылар класының өкілдері
- кальмар, каракатица, сегізаяқ
Түр саны
- 800
Басаяқты аталу себебі
- басындағы қармалауыштары аяқ қызметін атқарғандықтан
Қармалауыштарының саны
- 8-10
Су тереңінде 50 км/сағ жылдамдықпен жүзіп, қорегін аулайды
- кальмар
Реактивті қозғалады
- кальмар, каракатица
Құмда жасырынып жатқан қорегін суды атқылату арқылы табады
- каракатица
Сегізаяқты сиқырлап ұйықтатуға болады
- аузын жоғары қаратып, қармалауыштарын салбырату арқылы
Адамның көзіне ұқсас құрылысты көзі бар
- кальмар
Тағамға пайдаланылады
- сегізаяқ, каракатица
Достарыңызбен бөлісу: |