Денесі бір ғана жасушадан тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы көрінетін ұсақ ағзалар



бет14/14
Дата19.11.2022
өлшемі54.8 Kb.
#465237
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
биология анықтамалық-1-1

Сүт қоректілер класы


Сүт қоректілер
-ұрпағын тірі туып, сүтімен асырайтын жылықанды омыртқалылар
Зерттейтін ғылым
-маммология(териология)
Түр саны
-5000
Қазақстанда
-178
Қызыл кітапқа енген
-40
Терінің қосалқы бөлімі
-түк,тырнақ,мүйіз,тұяқ
Терідегі бездер
-май,тер,сүт,иіс шығарады
Қанқасы
-бас сүйек,омырқа жотасы мен кеуде қуысы,иық белдеуімен алдыңғы аяқ, жамбас белдеуімен артқы аяқ
Мойын омыртқасы
-7
Пайда болған бұлшық ет
-көкет
Тістер
-жақ сүйектегі ұяшықтарға орналасқан
Құрылысы мен атқаратын қызметіне қарай тістері бөлінеді
-күрек,сойдақ,кіші және үлкен азу тістер
Сиырдың қарны
-төрт бөлімді(тазқарын,жұмыршақ,жалбырша,ұлтабар)
Сиырдың қарнының ең үлкен бөлімі
-таз қарын,онда қорек бактериялардың көмегімен ашып жұмыршаққа өтеді
Өсімдік қоректі жануарлардың ішегінің ұзындығы
-дене тұрқынан 20 есе ұзын
Етқоректі жануарларда
- 4-5 есе ұзын
ауа өтетін мүшелер
- танау тесігі, жұтқыншақ, көмей,кеңірдек, ауатамыр,
Тыныс алуға қатысатын бұлшықеттер
- көкет, қабырғааралық
Қантарату жүйесі
- тұйық, 2 шеңберлі, жүрегі 4 қуысты
Сүтқоректілердің құстардан айырмашылығы
- сол жақ қарыншадан басталатын қолқа тамыры сол жақ қолқа доғасын құрайды
Зәр шығаруы
- 2 бүйрек
Есту мүшесі
- ішкі, ортаңғы және сыртқы құлақ
Өздері шығарған өте әлсіз дыбыс жаңғырықтарын қайта қабылдай алады
- жарқанат, тюлень, дельфин
Көбеюі
- даражынысты, ұрықтануы іштей
Ұрық дамып жетіледі
- жатырда
Жатыр қабырғасындағы ұрық пен аналық арасындағы мүше
- ұрықжолдас (зат алмасады)
Үй қоянының буаз болу мерзімі
- 1 ай
Жабайы қоян
- 45-51 күн Бұғы -8-9 ай Жылқы - 10 ай Түйе - 12-13 ай
Пілдің буаз болу мерзімі
-600 күн
Сүтқоректілер класы жіктеледі
- 2-ге (ілкі және қазіргі )
Ілкі аңдарға жатады
- жұмыртқалаушы сүтқоректілер (үйректұмсық, түрпі, түрпітек)
Қазіргі аңдар
- 2-ге бөлінеді (қалталылар (төменгі сатыдағы аңдар) және қағанақтылар (жоғарғы сатыдағы аңдар))
Қалталылар
- басым көпшілігі Австралияда, аздаған түрлері Оңтүстік Америкада, ұрпақтары өте кіші, әлжуаз
Қалталы сүтқоректілер пайда болған
- 140 млн жыл бұрын
Жорғалаушылар мен сүтқоректілер арасындағы өтпелі форма
- бұдан 230-180 млн жыл бүрын өмір сүрген аңтісті кесіртке (иностравенция)
Бунақденеқоректілер
- миы нашар дамыған, дене температурасы тұрақты емес, тістерінің құрылысы біркелкі, көздері нашар көреді, иіс сезуі жақсы дамыған (кірпі, жұпартышқан, жертесер, көртышқан)
Қазақстанда кездеседі
- кәдімгі, құлақты, қара кірпі
Кемірушілер
- күрек тістері жақсы жетілген (суыр, жайра, кәмшат, құндыз)
Қазақстанда ғана таралған кеміруші
- қалқанқұлақ (1938ж Селевин Бетпақдала шөлінен тапқан)
Қолқанаттылар отряды
- Қазақстанда 27 түрі бар, Қызыл кітапқа 3 түрі тіркелінген (салпаңқұлақ, қатпарерінді, ақбауыр жарқанат
Жұптұяқтылар
- 3-4 саусағы жақсы жетілген (күйіс қайтаратын және қайтармайтындар (шошқа, бегемот) болып бөлінеді)
Күйіс қайтармау себебі
- ит тістері ұзын, азу тістері бұдырлы, қорегін толық шайнап жұтады және кенеулі азықпен қоректенеді
Доңыз мүшелдік жыл санауға кірген жыл
- 12-ші, аталығы - қабан, аналығы - мегежін, төлі - торай
Мүйізінен қымбат бағалы дәрі алынады
- бұғы, аталығы - бұғы, аналығы - марал, төлі - қодыға
Елік
- аталығы - күлміз, аналығы - сөге, төлі - еңлік
Қуысмүйізділер
- қарақұйрық, ақбөкен, таутеке, арқар, қой
Арқар
- аталығы құлжа, төлі қозықа
Қойдың арғы тегі
- арқар, муфлон
Ешкінің арғы тегі
- таутеке
Жыртқыштар
- түр саны - 235, Қазақстанда 31, сойдақ және азу тістері жақсы жетілген
Қазақстанда кездеседі
- қоңыр аю (аталығы - матай, аналығы - кірекей, төлі - қонжық)
Қасқыр тұқымдастар
- шибөрі, қасқыр, қарсақ, түлкі
Қасқыр
- көсемі - абадан, аталығы - арлан, көкжал, сырттан, біршек; аналығы - шулан, құртқа; төлі
бөлтірік
Мысық тұқымдастар
- қабылан, сабаншы, қарақұлақ, сілеусін, ілбіс (қар барысы)
Барыс мүшелдік жыл санауда
- 3-ші жыл
Барыс
- аналығы - таутан; төлі - алан
Сусар тұқымдастар
- сусар, бұлғын, күзен, аққалақ, ақкіс, борсық, итаю
Ескек аяқтылар
-дене пішіні ұршық тәрізді, аяқтары ескекке айналған, көп уақытын суда өткізеді, құрлыққа көбею, тынығу күшіктеу кезінде ғана шығады
Жабайы жануарлар қолға үйретіле бастаған уақыт
- 10-15 мың жыл бұрын
Ең алғаш қолға үйретілген жануар
- ит
Иттің жабайы арғы тегі
- жабайы қасқыр
Вавилов
- үй хайуанаттарының 6 мәдени орталығын анықтады
Жылқы тұқымдасына жатады
- зебра, құлан, тарпаң, түзат
Жылқының жабайы арғы тегі
- түзат (тарпаң)
Құлан үйірлерінде бүкіл үйірді басқарады
-айғыр
Бүкіл үйірдің орын алмастырып, қозғалуын бағыттап отырады
- бие
Тарпаң жойылған - ХІХ ғасырдың басында
Көнтабандылар отрядына жатады - түйе, түйетек, гуанака,
Айыр өркешті түйе - жабайы түрі - қаптағай, ғылыми аталуы - бактриан; аталығы - бура, аналығы - інген
Сыңар өркешті түйе
- жалпы аталуы нар, ғылыми аталуы дромадер; аталығы -үлек; аналығы - мая, аруана
Еділбай қойы
- халықтық сұрыптау әдісімен шығарылған, етті-майлы бағытта өсіріледі
Әдемі және қымбат бағалы елтірісі арқылыбүкіл дүние жүзіне белгілі қой тұқымы
-қаракөл
Қаракөл қойы шығарылған -бұдан 3-3,5 мың жыл бұрын Орта Азия жерінде халықтық сұрыптау тәсілімен
Мүшелдік жыл санауда қой -8-ші жыл
Еңбек ері атағын 2 рет алған шопан
- Жазылбек Қуанышбаев
32

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет