Негізгі профилактикалық және емдеу шаралары. - Дұрыс тамақтандырудың тәртібі мен ұйымдастырылуы,таза ауада серуендеу,массаж жасау,дене шынықтыруға арналған жаттығулар ,тәрбие жөніндегі жағдайлар,мешелдің арнайы алдын-алуы,анемияның алдын-алу,табылған бұзылыстарды емдеу ;
- Диспансерлік бақылаудың тиімділігінің критерилері: жүйке –психикалық және физикалық дамудың көрсеткіштері, өзін-өзі ұстауына,клиникалық зерттеудің нәтижелерінің талдауына,аурулардың жиілігіне.
Балалардың денсаулық топтары. - I денсаулық тобы. Дені сау балалар,яғни физикалық және психикалық дамуы қалыпты,анатомиялық дефектсіз, функциональды және морфофункциональды ауытқусыз.
- II денсаулық тобы. Созылмалы ауруы жоқ ,алайда функциональды және морфофункциональды бұзылыстары бар балалар жатады.Сонымен қатар бұл топқа реконвалесценттер,әсіресе орташа және ауыр дәрежедегі жұқпалы аурулары бар ,эндокринологиялық патологиясы жоқ,жалпы физикалық дамуы артта қалған,салмағы аз және артық салмағы бар, тыныс жолдарының жедел ауруларымен ауырған,жарақаттан және операциядан кейінгі қалдықтары бар бірақ функциясы қалыпты балалар жатады.
- III денсаулық тобы. Клиникалық ремиссия сатысындағы созылмалы ауруы бар ,функциональды мүмкіншіліктері сақталған немесе компенсация сатысында ,бірақ негізгі ауруының асқынуы жоқ балалар.Жарақат және операциядан кейін функциясы компенсация сатысында болған физикалық кемшілігі бар балалар кіреді.Компенмация дәрежесі баланың оқуына және жұмыс жасауына кедергі келтірмеуі керек.
Балалардың денсаулық топтары. - IV денсаулық тобы. Активты кезеңдегі және жиі асқыну боп тұратын тұрақсыз клиникалық ремиссиясы бар,сақталған немесе компенсирленген функциональды мүмкіншілігі бар созылмалы ауруы бар балалар;функциональды мүмкіншілігі шектелген ремиссия сатысындағы созылмалы ауруы бар балалар тобы кіреді.Жарақат және операциядан кейінгі баланың оқуы мен жұмыс істеу қабілетін шектейтін ,қажетті функциясы толық емес компенсирленген физикалық кемшіліктері бар балалар жатады.
- Vденсаулық тобы. Клиникалық ремиссия сирек болатын,асқынуы өте жиі,үнемі рецидив беретін,функциональды мүмкіншілігі декомпенсация сатысында ,негізгі ауруының асқынуымен көрінетін,жарақат және операция нәтижесінде болатын оқу мен жұмыс істеуіне қатты кедергі келтіретін созылмалы ауруы бар балалар тобы.
Достарыңызбен бөлісу: |