Денсаулық және психикалық денсаулық дегеніміз не Денсаулық


Амнезия - естегі информацияның жоғалуы



бет4/6
Дата29.09.2023
өлшемі148.09 Kb.
#479233
түріАнализ
1   2   3   4   5   6
псих каз

Амнезия - естегі информацияның жоғалуы.

Интеллект бұзылысы

Интеллект деп адамның немесе тірі ағзалардың жаңа жағдайларға бейімделуге, өз білімі арқасында үйренуге, абстрактілі концепцияларды түсіну және қолдануға көмектесетін психика қасиеті.

  • Деменция – жүре пайда болған кем ақылыдылық.
  • Олигофрения – туа пайда болған кем ақылдылық.
  • Олигофрения келесідей жіктеледі:

    дебилділік, имбецилділік, идиотия

    Науқас адамдардың абстрактілік ойлау қабілеті төмен, білімі қарапайым, өз бетінше жұмыс істей алмайды, баяу, бірақ есте сақтау, сөйлеу мен еліктеушілік қабілеті жақсы дамыған. Арнайы мектеп, интернаттарда оқу, жазуға, санауға және біреудің қарауында қарапайым жұмыс істеуге үйретіледі. Имбецилділік бұндай науқастардың абстрактілік ойлауға қабілеті жоқ, сөз қоры өте аз, сөйлем құрай алмайды, әріп пен сан білсе де оқи алмайды, қойған сұрақтарға өте қарапайым жауап береді. Өзін күтуге, қарапайым жұмыс істеуге үйретуге болады.

Ойлау бұзылысы

Ойлау дегеніміз адам санасында объективті шынайылық бейнелеуінің ең жоғарғы формасы. Бұл шындықты сөз және білімге сүйеніп сипаттайтын құбылыс.

Ойлау негізі – түсінік болып табылады. Түсінік – заттардың өзіне тән қасиеттері туралы жалпылама білім. Ойлау үрдісі кезінде біз материалды анализдейміз, синтездейміз, салыстырамыз, табамыз, қорытынды жасаймыз.

Түсінік пікірден туып, тіл, сөз арқылы көрінісін табады. Патологиялық жағдайда ассоциативті үрдіс бұзылуы мүмкін немесе ой арасындағы байланыстар бұзылады немесе жоғалады, бұл ойлаудың формасы бойынша бұзылуы. Кейбір ауруларда ой тұжырымдау үрдісі бұзылады, логика зардап шегеді, осыған байланысты ойлау мазмұны бойынша бұзылады.

Ойлау жылдамдауы – оның темпінің жоғарылауымен сипатталады. Бұл кезде алаңдаушылық, зейін бұзылыстарына байланысты пікір беткей, аяқталмаған, үстірт болады. Ассоциативті қызмет жылдамдауының ең шегі идеялар секіруі – fuga idearum деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет