1. Болашақмұғалімніңкәсіби-педагогикалыққұзырлығынқалыптастырубағыттары
Болашақ маманның кәсіби педагогикалық функциялары: конструктивтік, ұйымдастырушылық, қарым-қатынастық, дамытушылық, ақпараттық, зерттеушілік.
әсіби құзыреттілікті қалыптастыру жеке шығармашылық қабілетті дамытуды, педагогикалық инновацияларды дұрыс қабылдауы, күнделікті өзгеріп жататын педагогикалық ортаға тез бейімделуді қажет етеді. Болашақ маман дайындау мәселесі оның тұлғалық сапалары мен қасиеттерін қалыптастырудың мазызын көрсетеді. Тұлғалық-бағдарлық бағытта білім беру нәтижесі білім, біліктілік және дағды жүйесінде, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесіне және эмоционалды көңіл-күйді көрсете білуге, ерікті қарым-қатынасқа педагогикалық бейімделген тұлғаны қалыптастыру ретінде түсіндіріледі
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда педагогикалық практика үлкен рөл атқарады. Педагогикалық практиканы өту кезінде студенттің педагогикалық іскерлігі мен дағдылары жылдам қалыптасады. Оның шығармашылық және педагогикалық құбылыстарды зерттеуге деген қабілеті дамиды, педагогикалық шеберліктің негіздері қаланады. Мұғалім кадрларын кәсіби окыту жүйесінде педагогикалық практика өте маңызды орын алады. Ол жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің басты бір бөлігі болып табылады да, болашақ мұғалімдердің теориялық дайындығы мен практикалық іс-әрекетін біріктіруін қамтамасыз етеді. Педагогикалық практика үрдісінде келесі міндеттер шешімін табады: - студенттерді мұғалім мамандығына деген қызығушылық пен сүйіспеншіліктің тұрақтылығына тәрбиелеу;
- нақты педагогикалық міндеттерді шешу барысында психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді пайдалану үрдісін терендету, бекіту;
- болашақ мұғалімдердің кәсіби іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту: педагогикалық қызметке шығармашылық, зерттеушілік ыңғайға бейімдеу.
Педагогикалық практиканың тиімділігінің негізгі шарттары - оның кәсіби бағыты, теориялық негізділігі, оқыту және тәрбиелеу сипаты, педагогикалық практиканың мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыдан қарау, жүйелілік, оны өткізудегі қажеттілік.Педагогикалық практика кезінде студент келесі кәсіби-педагогикалық іскерлік негіздерін меңгеруі тиіс:
- оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін және ұжымның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, нақты оқу-тәрбие міндеттерін анықтау;
- оқушылардың дамуы мен тәрбиесін диагностикалау және жобалау мақсатында оқушы тұлғасы мен ұжымды зерттеу;
- педагогикалық қызметтің ағымдағы және болашақтағы жұмыстарды жоспарлауын жүзеге асыру (пән бойынша оқу және сыныптан тыс жұмыстар, әртүрлі іс-әрекеттерде т.б.);
- оқушылардың оқу-танымдық қызметінде басқарудың әртүрлі формалары мен әдістерін пайдалана алу және білім-тәрбие міндеттерін шешу;
- балалар ұжымын алға қойған міндеттерді орындауын ұйымдастыру (өз іс-әрекеті мен оқушылар іс-әрекетінің жүйелілігін анықтау, белсенділерді анықтау, ұжым мен белсенділердің қарым-қатынасын үйлестіру, бакылауды жүзеге асыру, жұмыстың қорытындыларын шығарып, оны талдау);
- мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен, тәрбиешілермен, ата-аналармен және тәрбие ісіне қатысы бар барлық адамдармен дұрыс қарым-қатынаста болу;
- оқу-тәрбие жұмысын бақылау және талдау; - ата-аналар арасында педагогикалық насихат жұмыстарын жүргізу
Достарыңызбен бөлісу: |