1 БӨлім. «Есептеу жүйелері, желілері және коммуникациялары» ПӘНІ, оның мазмұНЫ


тақырып Дербес компьютердің негізгі құрылғылары



бет14/62
Дата02.01.2022
өлшемі1.64 Mb.
#453858
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62
СОӨЖ 14

1.2 тақырып Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
Ақпаратты автоматты немесе автоматтандырылған өңдеуге арналған құрылғылар жиынтығы есептеу техникасы деп аталады. Өзара байланысқан құрылғылардың нақты жиынын есептеу жүйесі деп атайды. Көптеген есептеу жүйелерінің орталық құрылғысы электронды есептеу машинасы немесе компьютер болып саналады.

Компьютердің негізгі құрылғыларын былайша көрсетуге болады:




  • ОРТАЛЫҚ ПРОЦЕССОРкомпьютердің орталық құрылғысы. Микропроцессор – дербес компьютер процессорының қызметін атқаратын аса жоғары интегралды схема. Микропроцессор күрделі микроэлектроника технологиясын қолдану жолымен жартылай өткізгіштік кристалдарда құрылады. Процессордың құрамына төмендегідей құрылғылар кіреді: басқару құрылғысы, арифметикалық-логикалық құрылғы, процессорлық зерденің регистрлары. Негізгі сипаттамаларының бірі – оның амал орындау жылдамдығы, ол - мегагерцпен өлшенетін жиілік. Жиілік қанша жоғары болса, компьютер соғұрлым сапалы жұмыс істейді.

🕮 Микропроцессорлық техниканың дамуы Роберт Нойс пен Гордон Мур негізін қалаған Intel компаниясымен тығыз байланысты. Компанияның алғашқы өнімі биполярлық Шотка транзисторындағы жады микросхемасы (1969 ж) болды.



1970 жылы Intel фирмасына келген Маршман Эдвард Хофф үлкен ЭЕМ – орталық процессорларының функцияларына ұқсас интегралды схема құрастырды. Осылайша алғашқы микропроцессор пайда болды, кейіннен ол “Intel 4004” деген атау алды. Микропроцессор термині 1972 жылдан бастап қолданыла бастады. Бұдан кейін микропроцессорлардың түрлі модельдері Intel және басқа фирмалардан өндіріле бастады.

Тағы бір елеулі оқиға 1978 жылдың маусымында шаққан 8086 16 разрядтық процессорының пайда болуымен байланысты. Ол атақты Intel 8086 туыстас процессорларының бастапқы нұсқасы болды. Intel 80х86 туыстас процессорлары жетілдіріліп және жаңартылып отырды.

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет