1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым



бет14/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   98
паразит экзамен ответ 1

Қоздырғыштың өсіп-өнуі. Жылқының танау қуыс бөгелектері жылдың ыстық кезеңінде, күннің ысып, əбден жылынған сағаттарында ұшады. Салқын ауа райына олар өте сезімтал. Бөгелектер жер бетінен көтеріңкі заттарда отырып дем алады. Олар жыныстық қатынас арқылы ұрықтанады. Ұрықтанған ұрғашы бөгелек екі аптадай қозғалмай отырады. Бұл уақытта оның жыныс бездерінде балаң құрттар өсіпжетіледі.
Ұрғашылары І сатыдағы балаң құрттарын жылқының танауына жақын келіп бүркіп жібереді. 2-3 апта ішінде бөгелектің бір ұрғашысы 700-800-ге жуық балапан-құрт шашады.
Танау арқылы жылқының жəне т.б. тақ тұяқтылардың кеңсірігіне енген І сатыдағы балаң құрттар алғашында мұрын қуыстарында, кейінірек көмейде, тор сүйектің иірлерінде жəне маңдай қуыстарында өмір сүріп, ІІ жəне ІІІ сатыдағы балаң құрттарға айналады. Бас қуыстарында олар 8-9 айдай өмір сүріп, күн жылыған соң ІІІ сатыдағы балаң құрттар жерге түсіп, топырақтың үстіңгі жағына еніп, қуыршақтанады. Қуыршақ кезеңі ауа райының жағдайларына байланысты 30-45 тəулікке созылады, сонан соң қуыршақтың қақпақшасы ашылып, оның ішінен имаго немесе қанатталған ересектері шығады. Республиканың оңтүстік-шығыс алқаптарында қуыс бөгелектері жылына екі ұрпақ беріп үлгереді.
Эпизоотологиялық деректер. Жылқы ринэстрозы Қазақстанның- далалы, шөлейтті, шөлді алқаптарында жəне тау етектеріндегі жылқы өсірілетін шаруашылықтарда кездеседі. Жылқыдан басқа қашыр, құлан, есек те зақымданады. Ауру энзоотия түрінде байқалады. Бөгелектер июнь айында пайда болып, бүкіл жаз бойы ұшып, ауру таратады. Ұрғашылары небəрі 30-40 күн өмір сүреді. Оңтүстікте бөгелектердің жылына 2 ұрпағы дамиды. Ауру жас жəне кəрі жылқыда, əсресе əлсіреген жануарларда жиірек кездеседі.
Патогенезі. Танау бөгелегі балапан-құрттарының патогендік əсері-олардың санына жəне жылқы организмінің төзімділігіне байланысты. Балаң құрттар өздерінің тікендерімен, ауыз ілгектерімен жəне т.б. бас қуыстарының кілегей қабықтарын зақымдайды. Соның салдарынан катаральді жəне катаральді-іріңді қабыну құбылыстары байқалады. Ринит, ларингит, фронтит, гайморит сияқты аурулар пайда болады.
Ауру белгілері. Бөгелектер жылқы маңында ұшып жүргенде-ақ мал тынышсызданады, жиі пысқырады, басын шұлғып мазасызданады. Кейде жылқы оттамай, бəрі бір жерге топтанып танауларын бір-бірінің жал-құйрығына тығып тұрып алады.
Аурудың клиникалық белгілері балапан-құрттардың санына байланысты. Ринитке шалдыққан жылқы танаула-рынан кілегейлі қан жолақтары аралас жалқаяқ шығады. Танауды рефлектормен зерттегенде оның кілегей қабығында қызыл шақа уылған жаралар жəне тыртықтар көрінеді. Торлы сүйектің иірлері қабынғанда танаудан шыққан ауа сасық иісті болады. Алқым жəне шықшыт бездері үлкейген. Жұтқыншақ пен көмейдің қабырғалары зақымданса, мал жұтына алмайды, жылқыны суарғанда су танауларынан қайта шығады. Танауларынан қан ағуы да мүмкін. Кейде жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, ауру жылқы селсоқтыққа ұшырайды немесе қатты тынышсыз-данады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет