1. Мектеп мұғалімі, мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі


Жеке тұлғаның тәрбиесі, дамуы және қалыптасуы



бет3/17
Дата02.06.2023
өлшемі211.04 Kb.
#474613
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
4акшк педаг емтих (1)

Жеке тұлғаның тәрбиесі, дамуы және қалыптасуы.
Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-жақты дамытуда, білім беруде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау. Олай болса "тұлға"дегеніміз не осы мәселеге тоқталмас бұрын отандық ғалымдарымыздың ой-пікірлерін қарастырсақ.
Жеке тұлға атауын отандық ғалымдар “жеке адам”, “дара тұлға”, “даралық”,”жеке тұлға”, “адам”,”кісі” тағы басқа ұғым ретінде қарастырады. Біз ғылыми еңбегімізде “жеке тұлға” деп қарастыруды жөн көрдік. Сондай-ақ, “жеке тұлға” ұғымы көп мағыналы, біріншіден даралық қасиеттердің бірлігі және әлеуметтік рольдегі іс-әрекеттің субъектісі, екіншіден басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу үрдісінде еңбектің, танымның, қатынастың субъектісі ретінде сипатталады.Мәселен, Т.Тәжібаев өз еңбегінде: “Жеке адам әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі” - деп қарастырады.Ә. Алдамұратов “Адам - табиғатта кемелденіп жетілген, ақыл ойы дамыған қоғамдық тұлға” деп анықтама берсе, Республикамызға танымал ғалымдарымыздың бірі Қ.Б. Жарықбаев: “Жеке тұлға дегеніміз - қоғам мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады”, - деп тұжырымдайды.
Ал, Ресейлік ғалым А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша “Жеке тұлғаның жетістіктері мен кемшіліктері, жақсы және әлсіз жақтарымен көрінетін тек өзіне ғана тән даралық белгілері оның өзгелермен қарым-қатынас жасауы, қайырымдылығы, мейірімділігі, тәкәппарлығы, жағымды және жағымсыз қасиеттерінің көрінуіне де байланысты. Олардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауы, өмірдің алуан түрлі ерекшеліктерін тануға, танымдық қасиеттерімен, рухани байлығын арттыра түседі” деп қарастырады.Белгілі психолог Б.Г. Ананьев еңбектерінде “Адам–физиологиялық, психологиялық жағынан қалыптасып келе жатқан тіршілік иесі. Адам еңбек ету нәтижесінде жануарлар дүниесінен бөлініп шығып, бір-бірімен тілдің көмегімен қарым-қатынас жасайтын, дүниені танып білетін оны өзгертетін және еңбек құралдарын жасайтын жағдайға біртіндеп ие болды. Оның өмірдегі көрінісі физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік ерекшеліктеріне, даралық қасиеттеріне байланысты жеке адам немесе жеке тұлға екені көрінеді”-деп қарастырады.Олай болса, А.Н.Тугаринов өз еңбегінде: “Жеке тұлғаны жауапкершілік пен саналылықты ішкі қасиеттерімен сәйкес құқық пен еркіндікке сай қолданған адам”, - деп көрсетеді.Тұлғаның дамуы мен жан-жақты қалыптасу мәселесі, оның тарихы болашағы туралы көптеген ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.
Жоғарыда аталған еңбектерді сараптай келе “жеке тұлға” ұғымына өзіндік тұрғыдан анықтама беруді жөн көрдік.Жеке тұлға дегеніміз-сана сезімі, тұлғалық, ізгілік қасиеті қалыптасқан, өзіндік мақсаты мен өмір жолын таңдай білетін, тәрбиелі, білімді, іскер, танымдық қызығушылығы басым,барлық күш жігерін өзіндік игілігіне жұмсай алатын, саналы тіршілік иесі.Жеке тұлға түсінігі - тек адамзатқа арналған. Жеке тұлға - жеке даралық, психикалық қасиеті және әлеуметтік қызметі бар нақты қоғамның мүшесі.Жеке тұлғаның қалыптасу ерекшеліктерін педагогикалық-психологиялық еңбектерді жүйелей келе оның төмендегідей бағыттарға бөлеміз:
· Психологиялық бағыт жеке тұлғаның белсенділігін, қалыптасу
жағдайларына жауап іздейтін, белгілі бір нәрсеге ұмтылып, оны керек ететін, тіршілік етуде белсенділік танытатын бағыт.
· Жеке тұлғаның іс-әрекетін зерттейтін бағыт.
· Жеке тұлғаның ерекшеліктерін зерделейтін бағыт.
· Жеке тұлғаның ішкі психологиялық құрылымын зерттеу бағыттары.
Демек, жеке тұлға өзіне тән ерекшеліктері арқылы дараланады. Ондай ерекшеліктерге сенім, дүниетаным, мұрат, бейімділік, қызығу, түрткі, қабілет, талғам, көзқарас т.б. қасиеттер жатады. Бұл қасиеттер адам бойында танымдық қасиеттерді қалыптастырады.Осы тұрғыдан келгенде жеке тұлға мәселесін зерттеу жүйесінде сана-сезімін, адамзат психикасының күрделі мәселелерінің пайда болуын зерттеуде философия, психология, педагогика, этика, физиология, әлеуметтану, құқықтану, жаратылыстану, медицина т.б. ғылымдармен тығыз байланыстыруда өмір бойы әртүрлі өзгерістерге ұшырайтын жеке тұлғаның даму үрдістерінің заңдылықтарын педагогика ғылымдарымен тығыз байланыста зерттеуде әртүрлі ғылыми жаңалықтар енгізіліп отыр.Жалпы айтқанда әрбір жеке адам қоғам тұлғасы ретінде жеке тәрбие жұмысына, жеке өзіндік өмір бейнесіне, жеке құқыққа, танымдық қасиетке, жеке түрткі күшіне ие болатын жан. Адам белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай да болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі өзіне тән ерекшеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны “жеке тұлға” етеді.Жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігі оның дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет қызығушылығынан жақсы байқалады. Адамның айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріп отырғандықтан оның түрлі ерекшеліктері, танымдық қызығушылықтарын да дамып өзгеріп отырады. Танымдық іс-әрекеттер адам мақсаттарымен ұмтылыстарының негізі болатын, білімін қалыптастыратын, шығармашылық қызметінің тарихи үрдісі.
2. Дидактиканың пайда болып дамуы. Оқыту теориясының негiзiн қалаушылар.
«Дидактика»-бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko-оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.Білім беру деп- табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірдетиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті- білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.Дидактика «нені оқыту керек», «қалай оқыту керек» деген екі үлкен сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа сұрақтар да туындайды. «Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?», «Кімдерді оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?» және«қайда оқыту керек?».Осы сұрақтарға жауап беру үшін дидактика озат педагогикалық тәжірибені зерттеп, қорытындылап, мектептің практикасына енгізумен айналысады. Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің, ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты. «Дидактика» терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика» (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIII–XIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И.Г.Песталоцийдің, неміс ғалымы Ф.А.Дистервегтің, Ресейде К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды.
Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Көне түркі жазуында, «Қорқыт ата кітабында», ежелгі жыр-аңыздарда, мақал-мәтелдерде, ертегілерде ұрпақ тәрбиесіне қатысты ойлар мен толғаныстар мол. Әбу Наср әл-Фараби өзінің философиялық трактаттарында адамгершілігі мен білімі кемел адамды әділетті қоғам құрудағы шешуші тұлға ретінде қарастырды. Қожа Ахмет Иасауи адамның өзін-өзі жетілдіріп, рухани кемелдену арқылы хаққа (ақиқатқа) жетуге болатынын өсиет етеді. Қыпшақ тіліндегі «Кодекс Куманикус» сөздігі мен Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ит-түрк» сөздігінде де тәлім-тәрбиеге қатысты мақал-мәтелдер, өлең-жыр үлгілері көп. Ал, Жүсіп Баласағұни, Иүгінеки Ахмед, Сүлеймен Бақырғани, т.б. дидактикалық дастандарында бала тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне жан-жақты тоқталған.
Қазақ әдебиеті тарихында «жыраулық поэзия» деп аталатын Асан Қайғыдан Бұқар жырау шығармаларына дейінгі ауызша жыр-толғаулар ұлттық педидактика ойдың да терең қазынасы болып табылады. Отандық қоғамдық ойдың тарихында ұлттық үрдістерді әлемдік өркениет үлгілерімен ұштастырған ұлы ғұлама Абай Құнанбайұлы болатын. Абайдың философиялық ойларында ұрпақ тәрбиесіне, жалпы тәрбие проблемаларына да қатысты тұжырымдар мол. Отандық педагогика ғылымы тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып, тәрбие мен оқу-ағарту ісін дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамаларымен ат салысқан ғалым – Ы.Алтынсарин. Оның мақалалары мен хаттарында, «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы», «Қырғыздарды (қазақтарды) орыс тіліне оқыту ісіне алғашқы басшылық», т.б. кітаптарында сол замандағы дидактика мәселелері әр қырынан сөз болады. XX ғасырдың басында балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, т.б. кітаптарында жан-жақты талқыланды. Әсіресе, Байтұрсынұлының сол замандағы әлемдік дидактика ғылымындағы оқыту әдістерін талдаған мақалалары, әдістемелік «Баяншы» кітабы отандық кәсіби дидактика ғылымының дамуына негіз қалады. Кейін оқыту теориясымен айналысқан педагог ғалымдар (Қ.Жұбанов, Т.Тәжібаев, Р.Г.Лемберг, Н.Көшекбаев, т.б.) әлемдік дидактиканың заңдылықтары мен принциптерін отандық оқу-ағарту ісіне қатысты тұжырымдап, тәжірибеге енгізді.
Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Оның зерттеу пәні – оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері. Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарға жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған.
Я.А.Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Т.Песталоцци, К. Д.Ушинский, В.Сухомлинский,
А.С.Макаренко, т.б. қосқан үлесі.
Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827жж.) "Гертруда өз балаларын қалай оқытады" (1801ж.) деген еңбегінде дамытып оқыту принциптерін ұсынып, бастауыш мектептегі оқыту әдістерінің негізін қалады. Қоршаған дүниені сезім арқылы қабылдау - білім негізі. Одан әрі нәтиже - дерексіздік. Білімді қажетсіну ынтаны туғызады. Сөз, сан, шама - ақыл жемісі, оның негізі, оқытудық қарапайым құралдары.Жаратушы балаға күш береді. Ол баланы дамуға итермелейді. "Көз көргісі, құлақ естігісі, аяқ жүргісі, қол ұстағысы, жүрек сенгісі, жақсы көргісі, ми ойланғысы келеді" - деген. Осы тұжырымдарға сай И.Г.Песталоцци буынға бөліп оқыту, алдымен сурет салуға үйрету, содан кейін жазуға үйрету тәсілдерін қолданған. Бақылау әдісін, баланың бақылаудан алған әсерлерін талқылатуды қолданған. Оның пікірінше "заттар мен құбылыстарды бақылаған баланың ойы оянып, сөйлегісі келеді".Адамның дүние туралы түсінігі алғашңыда анық емес, оны реттейтін оқыту арқылы жиналатын білім қоры, өйткені ол ақыл-ой жұмысын туғызады. Бірақ білімді бере беру жеткіліксіз, ақылдық қуатын арттыру керек. Ол үшін түрлі жаттығулар, балаға сөйлеу, ойлату, сұрақ-жауап тәсілдері қолданылған.Пәндерді көрнекілік арқылы оқыту тиімді екендігін дәлелдеген. Ұлы педагог көрнекілік әдісін Я.А.Коменскийге қарағанда терең жазып, ақыл-ой жұмысына керектісі еңбек пен тәжірибе деген.
Жан Жак Руссо (1712-1778жж.) "Эмиль немесе тәрбие туралы" (1762ж.) деген еңбегінде халыққа білім беруді, әр адамды дамытуды, баланың белсенділігін көтеруді ұсынды. Өз заманының мектебін өмірмен байланыспағаны, кітап тілімен көп сөйлегені үшін сынады, Руссо баланың қажеттілігін қанағаттаңдыратын оқыту теориясын ұсынды. Бұл тұжырымдамаға сейкес баланы өмірге бейімдеу керек деп, тәрбиешілерді оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеруге шақырды.Оның оқыту мен бала өмірінің байланысы, бала табиғатын зерттеу, шығармашылық күшін дамыту, еңбекке дайындау сияқты идеяларының педагогиканың дамуы үшін маңызы зор болды.
Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870 жж.) басқа тілде оқыту баланың табиғи куші мен қабілетін әлсіретеді, сондықтан оны ана тілінде оқыту керек деді. Ушинский бастауыш мектеп жұмысының негізгі бағыттарын, жеке пәндердің мазмұнын анықтауға көп үлес қосты.
Халық шығармашылығы - ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар білімділікке көмектеседі. Зейінді жаттыңтыру, есте сақтауды жақсарту, қайталау, жүйелілік, сабақтастық, беріктік принциптері, оқытудық түрлі әдістері баланың берік білім алуын қамтамасыз етеді.
Надежда Константиновна Крупская (1869-1939жж.). Оқушылардың дүниетінымын қалыптастыру үшін оларға терең білім керектігін, әр пәнді басқа пәндермен және өмірмен байланыстыруды атап көрсетті. Мұғалім теория мен тәжірибенің бірлігі арқылы жекелеген пәндер арасында байланыс орнату керек деді.
Н.К.Крупская политехникалық оқуды қолдап, оқу жоспарына жалпы техникалық пәндерді енгізуді ұсынды. Ол оқуды өнімді еңбекпен байланыстыруға шақырды.
Антон Семенович Макаренко (1888-1939 жж.). А.С. Макаренко оку пәндерін жүйелі оқытуды қүптады. Ол сол кезде қолданылған дальтон-жоспары, жобалау әдісі сияқты оқыту әдістеріне қарсы шықты.
Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970 жж.) оқытуды ақыл-ой тәрбиесінің маңызды құралы деп қарады. Оқытудық табыстылығы мектептегі мұғалімдердің рухани өміріне, ой-өрістерінің кеңдігіне, мәдениеттілігіне байланысты деді. Сонымен қатар өнімді еңбек, зерттеу жұмыстары, эксперимент жүргізу, құбылыстарды, әдебиеттерді өз бетімен түсіну ой жұмысын шапшаңдатады.
Өткен ғасырдық 80-жылдарының аяқ кезінде ынтымақтастық педагогикасы одан әрі дамыды.
Оның негізгі идеялары:
• Сабақ үстінде оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болу. Маңызды міндет - баланың оқуға деген ықыласын ояту, оны өзінің табысына, ісінің алға басқанына, дамығанына қуанту.
• Қысым жасамай оқыту. Ынтымаңтастық педагогикасының бір принципі - оқушыларды қорңытпау, еркін ұстау, өз күшіне
еендіру.
• Қиын мақсат қою идеясы. Жаңашылдар сабақтарының дәстүрліден айырмашылығы - балалармен ынтымақ, оларды қиын мақсатқа жетуге жігерлендіру.
• Тірек идеясы. Жаңашыл мұғалімдер пәндік, сөздік ақпараттарра алуан түрлі нұсқауларды (сызба, кестелер, т.б.) енгізді, олар есті, қисынды, қиялды, ойдық алгоритмдік формаларын дамыту құралы.
• Өз еркімен тандау идеясы. Владимир Федорович Шаталов оқушыларға көп есептер береді, ал олар қалаған есебін шығарады.
• Озу идеясы сабақта, алдаөтетін тақырыптарға уақыт беріледі.
• Ірі блоктар идеясы.0қулықтың 3-4т арауы бір сабақта оқылады.
• Өзін-өзі талдау идеясы. Шалва Александрович Амонашвили балаларды өздерінің іс-әрекеттерін бағалауға және пікірлерін нйтуға үйретеді. Оның оқушылары жолдастарының жұмыстарын тексереді және бағалайды.
• Сыныптағы ақыл-ой жұмысы. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің сыныпта білімге деген қүштарлық, биік мақсатқа жетуге деген құлшыныс бар.
• Жеке тұлғалық тұрғы. Жаңашыл мұғалімдердің сабағында әр оқушы өзін жеке тұлғамын деп сезінеді, мұғалімнің өзіне деген адал ниетін көреді.
5 билет
1.Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсаты, міндеттері, принциптері.
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардын сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық-тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүру тәртібін меңгереді.Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.
Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік ортаның көзқарасын дамытады.
2. Мақсат дегеніміз - бір нәрсеге ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан, алғанда тәрбие мақсаты - жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ертге болжау.
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашқы қауымдың құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті.
Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) - құл иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі.Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады.Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді.
Я.А. Коменский "Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек”, "Келесі ғасырдың қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние - даналардың көптігімен бақытты" - деген ойлар айтты. Осы ойларын "Ана мектебінің” кіріспесінде өрбітеді."Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс" - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегідей негізгі элементтерге бөлді:
адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім";заттардың және өзінін қожасы ету - "адамгершілік";
қүдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие";тән саулығы - "дене тәрбиесі
И.Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, аңыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту деген.Неміс педагогы А. Дистервег педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік және шовинистік саясатқа қарсы күресіп, "Мектептің міндеті - адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу" - деген.К.Д. Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырады.П.П.Блонский тәрбие мақсаты балаға жалпы адамзаттық және ұлттың мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын қалыптастыру деген.
1941-1990 жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде "жан- жақты даму" ұғымына ақыл-ой, политехникалық оқу және өндірістік еңбек, адамгершілік тәрбиесі, дене және эстетикалык тәрбие салалары енгізілді.
А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты қолдады. В.А.Сухомлинский оны жүзеге асырды.
Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр Әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" - деді.Абай Құнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады.
М.Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы" - деп жазды.Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов өзінің "Қазақ тағылымы" атты монографиясында (1994) қазақ тағылымының негізгі бағыттарын атап көрсетті. Олар: ар-ождан тазалығын сақтау; ақыл-ойлы, парасатты болу; барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатысынан, көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып,кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иманды, инабатты, қайырымды болу;жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық дәстүріне берік болу;оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нәрселерден аулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кір салмау; ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу.
Сонымен дәстүрлі педагогикада жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты "жан-жаңты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру" - деп жазылды.Қазақстан Республикасының 1995 жылғы "Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы халықалық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес жазылған.Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің негізгі мақсаты - Қазақстанның егемендігін қамтамасыз ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасыз ететін нарықтың іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиелеу.
Тәрбиенің мақсатынан міндеттер туындайды3. Дүниетаным - тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетаным - адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары. Дүниеге көз- қарас ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу.
1. Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптаетыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы (абстрактылы-тілі, ой операциялары-талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.) таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, т.б.) дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
2. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу;
3. Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері:
а) оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету;
ә) оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек түрлерімен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу;
б) озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу.
4. Эстетикалық тәрбие міндеттері:
бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы (көркем әдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру.
эстетикалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру.
әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.
5. Дене тәрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке, Отанды қорғауға даярлау, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, іскерлікке, тәрбиелеу.
4. Тәрбие процесінің мәні - баланың ұжым және қоғаммен қатынастарынын жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу және бақылау.
Тәрбие диалектикасы сыртқы ықпалдың (объективті) адам санасына (субъективті) өтіп, іс-әрекет барысында көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдың мәнінің қалыптасуында әлеуметтік жағдай маңызды рөл атқарады.
Тәрбие процесінде адамның қоғамдың мәнінің қалыптасуына сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар ықпал етеді.
Сыртқы қарама-қайшылықтар:
Қоғамдық ережелер мен адамдардың тәртібі арасындағы сәйкессіздік.
Мұғалімнің талабы мен оқушының тәртібінің арақатынасы.
Ішкі қарама-қайшылықтар:
Тәрбиешінің талабы мен тәрбиеленушінің мүмкіндігінің ара қатынасы.
Тәрбиеленушінің қажеттіліктері мен қанағаттандыру тәсілдерінің ара қатынасы.
5. Тәрбиенің негізгі заңдылықтары. Педагогикалың құбылыс пен үрдіс арасындағы байланысты зандылықтар деп атайды.
1.Тәрбиенің қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, демократиялық принципті іске асыруына, адам құқығын қорғау мәселелеріне тығыз байланыстылығы.
Осы заманғы тарихи жағдайларға байланысты халықаралық ңауымдастың дүниежүзі тарихында халықаралық стандарт болып табылатын жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның негізгі құқығы, бостандығы ашылып көрсетілген ("БҰҰ адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы" "Бала құқығының Конвенциясы") құжаттарын жасады. Олар осы заманғы тәрбие теориясы мен әдістемесіне, тәрбие мұраттары мен рухани құндылықтарға жаңаша бағыт береді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" (1999) Заңына сәйкес бұл құжаттар еліміздін, білім саласындағы мемлекеттік саясатының негізі болды.
2. Тәрбиенің оқыту мен білім берудің сапасына байланыстылығы. Оқыту - тұлғаны қалыптастырудың құралы. Тәрбиенің мазмұны, түрі және әдісі тәрбиеленушілердің даму дәрежесіне байланысты іріктеледі.
3. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бірлігі. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Іс-әрекет барысындағы белсенділіктің түрлері: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі, өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.Қарым-қатынас белсенділігі тұлғаның мінез-құлқын, жүріс- тұрысын қалыптастырады.Таным белсенділігі - заттар мен құбылыстардың мәнін, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарды терең түсінуге, оны тәжірибеде қолдана білуге үйретеді. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таным белсенділігінің дамуына бағыт беріп отырса, онда олардың талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттері қалыптасады.
2. Педагогиканың даму тарихы.
Педагогика деген сөз,яғни термин,көне грек тілінен шыққан,ол балаларды ертіп жүруші,баланы жетектеп мектепке апарушы деген сөз.Анығырақ айтатын болсақ, Педагогика термині гректің екі сөзінен: пайс- балалар және эгейн- баланы басқару,тәрбиелеу,жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика -бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе түсуде. Сондықтан педагогика- бала тәрбиесі жайындағы ғылым , - деп шек қоюға болмайды.
Алғашқы педагогикалық ой- пікірлер ертедегі шығыс елдерінің ( мысыр, Вавилония, Үнді,Қытай ) философиялық жүйесінде дамып,кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.
Ежелгі дүние философиясы ертедегі шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді.Сократ,Платон,Аристотель,Демокрит саясат,тәрбие,мемлекет,жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады.Феодалдық қоғамда орта ғасырда тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгерді.Ерте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарасының орнына о дүниелік өмірге дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты.
15- 16 ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адамның жеке басының тәрбиесі, оның дамуы ойшылдарды толғандырды, мәдениет пен педагогикалық бағыт гуманизм деп аталды ( Ф. Рабле , Т. Мор, Т. Кампанелла) Гуманистер жаңа дәуір үшін жаңа адам қажеттігін дәлелдеді.
Феодализмнен капитализмге өту дәуірінде дін шырмауындағы ғылымдар дамып, жеке бөлініп шыға бастайды. Осы кезде педагогика да өз алдына ғылым ретінде бөлініп шықты. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет