1. Мектеп мұғалімі, мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі


Осыған орай тәрбие әдістері 4 топқа ажыратылады



бет7/17
Дата02.06.2023
өлшемі211.04 Kb.
#474613
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
4акшк педаг емтих (1)

Осыған орай тәрбие әдістері 4 топқа ажыратылады:
· адамгенршілік сананы қалыптастыратын әдістер.
· іс - әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.
· тәртіпке, іс - әрекетке ынталандыратын әдістер.
· мінез – құлық пен іс - әрекетке бақылау жасау, өзін - өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне - өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістеі.
Тәрбие тәсілдері дегеніміз -әдістің бір бөлігі. Тәрбие тәсілдері:
1. тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.
2. ақпараттық – ағартушылық.3. бағдарлау – іс – қызмет.4. қатынас.5. бағалау.
Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін жәәне оларға жетудің жолдарын ұсыну тәсілін қолданып мұғалім оқушыларды идеялық адамгершілік қөзқарастармен қаруландырып, өз еңбегі мен ұжым еңбегін жоспарлауға, ұйымдастыруға, еңбекпен іс – қызмет мақсаттарына жету жолдарын таңдауға, іс – қызметтің сапасы мен нәтижелерін олардың алдағы мақсаттарға сәйкестігін анықтауға үйретеді.
Бағдарлау – іс – қызметтік тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға қызмет етіп, еңбек белсенділігін туғызып, іс – қызметке жауапкершілікпен қарауды, халық игілігін молайту жолында еңбек ету қажеттігі сенімін қалыптастырады. Балалар күнделікті іс – қызметке қатысып, қоғамның материалдық саласында адамгершілік және еңбек бағдарларын дұрыс таңдап дамытады.Қарым – қатынас тәсілі (коммуникативтік тәсіл) – балалар мен ересектердің іс – қызмет кезіндегі қатынасына негізделіп, оқушылардың қоғамдық мінез – құлық нормаларын игеруіне көмектеседі. Оқушылар тәртіп ережелері жөніндегі ақпаратты топта, сыныпта, мектепте құрастырып, оны төменгі және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, ата – аналар, ересек адамдар арасында жетілдіреді.Бағалау тәсілі көмегімен мектеп оқушылары адамдардың қимыл - әрекеттерін, көзқарастарын, сенімдерін, тәртіп – бағыттарын айқындауға, негіздеуге, өз іс – қызметін, оқу мен еңбектегі жетістіктерін, адамгенршілік сапаларын өздері бағалауға жаттығады. Мұғалім бағалауды, өзіне - өзі баға беруді қалыптастыруға қамқорлық жасайды. Баға беру алынған білімді жеке тәжірибемен байланыстырып, оған жаңа қасиет береді.Тәрбие құралдары дегеніміз – оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз маериалдар. Тәрбие құралдары:
· іс - әрекет түрлері (ойын, еңбек);
· заттар (ойыншықтар, компьютерлер);
· рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір);
· бұқаралық ақпарат құралдары;
· педагогикалық ықпал жасау құралдары.
2. Педагогиканың салалары
Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы. 
Педагогика ғылымының құрылымы, оның басқа ғылымдармен байланысы. Педагогика дамып, тәрбие мен білім беру жайлы ғылыми тарауларға бөліне бастады. Мысалы, педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие теориясы, дидактика, т.б. 
Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педаогика ғылымының түрлі салалары, атап айтсақ, мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология және пәндәрді оқыту әдістемесі, кәсіптік-техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, басқару педагогикасы, отбасы тәрбиесінің педагогикасы, медени-ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс-еңбек педагогикасы, этнопедагогикасы, әлеуметтік педагогика, кәсіби педагогика, жас ерекшелік педагогикасы т.б. педагогика салалары пайда болды. Мектепке дейінгі педагогика - отбасы, балалар бақшасындағы демек, мектеп жасына дегйінгі балалар тәрбиесін зерттейді Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудық мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нетижесін айкындайды. Мектеп педагогикасы төрт бөлімнен тұрады. Олар: 
1. Педагогиканың жалпы негіздері 
2. Тәрбие теориясы. 
3. Дидактика. 
4. Мектептану (басқару теориясы). 
Дидактика - педагогиканың негізгі тарауларының бірі. 
Дидактика оқытудық заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан ол "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" деген сұрақтарға жауап береді. 
Жалпы дидактиканың негізгі міндеттері оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, білім берудің мазмұнын анықтау, оқытудық тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын іздестіру, жастардың таным ынтасы мен қабілетін дамыту, дуниеге көзқарасты қалыптастыру, олардың өмір тәжірибесіне дайындалу тәжіриберін зәрттеп, шешу. Педагогика тарихы – педагогика ғылымының жеке бір саласы. Педагогика тарихы тәрбиенің шығуы мен дамуының тарихын, қалыптасуын зерттейді. 
Дефектология - педагогика ғылымынының арнаулы саласы. Дефектология көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселерін зәрттеп жетілдіреді. Дефектология төрт салаға бөлінеді. Сурдопе¬дагогика - саңырау, мылқау және керең балаларға білім беру және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін педагогика саласы. Тифлопеда¬гогика - көру қабілеті нашар және соқыр балаларды тәрбиелеу және білім беру мәселесін зерттейтін педагогика саласы. 
Олигофренопедагогика -ақыл-ойы кеміс балаларға білім және тәрбие беру мәселерін зерттейтін педагогика саласы. 
Логопедия- тілінің кемісі бар балаларға білім беру және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін педагогикасы. 
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы 
Философия - табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып-білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді. 
Ғылыми философия тұрғысынан қарағанда, мысалы, теріске шығару зақының мәнін былайша түсіндіруге болады: ескінің орнын жаңа басады, дамудық бір кезеңі екінші кезеңімен ауысады. Мысалы, қоғамның тарихи даму барысында бір формация екінші формациямен ауысады. Ғасырлар бойы табиғи дамудық негізінде жануарлар мен өсімдіктердің ескі түрлерін жаңа түрлері теріске шығарады. 
Ғылыми философия әр түрлі заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды терең және жан-жақты зерттей білуді талап етеді. Сондықтан ол басқа ғылымдар сияқты педагогиканы диалектикалық әдіспен қаруландыра отырып, тәрбие және оқыту мәселерін ғылыми тұрғыдан шешуге көмектеседі. 
Кейбір жалпы мәселелер философия мен педагогика ғылымдарының бірігіп зерттеуін қажет етеді.Оларға тәрбиедегі жұртшылықтың рөлі, адамды қалыптастыруды тұқым қуалаушылықтың, ортаның және тәрбиенің рөлі, т.б. жатады. 
7 билет
Оқушыларды тәрбиелеу түрлерінің мазмұны.

2. Блум таксономиясы.


Блум таксономиясы және бағалау критерийлері. Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан.1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделін ұсынды.Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.
Таксономия — белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.Таксономия ( греч. táxis — орналасу, қатар, тәртіп және nómos — заң).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет