1. ОҚытушы туралы мәліметтер



бет40/59
Дата14.03.2024
өлшемі6.76 Mb.
#495467
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   59
umkd filo2024

13.Тарих философиясы


Дәріс мақсаты: Тарих философиясының пәнін, тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде талдау.
Тарих философиясының пәні. Тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде талдау. Уақыттың антикалық түсінігі және тарихтың айналымы.
Тарих философиясының пәні – тарихи процестің мағынасы мен жалпылама мазмұны, оның заңдылықтары және зерттеу методологиясы. Философиялық тарихи идеялар көне заманда туындай бастады. Белгілі философ А.Ф.Лосев грек антикалық уақытында бұл идеялардың суреттемесін берді. Нақтылы тарих философиясының негізінде қашанда уақыттың белгілі бір үлгісі жатады. Антик тарих философиясы уақыттың қайталанбалы моделіне бағдарланған, сондықтан оның сол немесе басқа түрлеріне мәңгі қайтып келу идеясы тән болды. Батысеуропалық ортағасырлық тарих философиясы христиандық негізде тура сызықтық, түпкі уақыт моделіне сүйенеді. Жаңа және қазіргі дәуірлердегі тарих философиясы тура сызықтық шексіз уақыт моделіне сүйенеді.
«Тарих философиясы» – тарихи процестің философиялық түсіндірмесі. «Тарих философиясы» терминінің өзі алғаш рет француз ағарту дәуірінің ойшылы Ф. Вольтер қолданған. Алайда, XVIII ғасырдың неміс ағартушысы И. Гердер «адамзат тарихының философиясына идеялары» (1784) барлық халықтар тартылатын тарихи процестің бірлігі мен заңдылықтары туралы идеяны ұсынды.
Тарихилық – бұл жойылатын, бірақ уақыт ағымында мәңгі нәрсе. Тарихи болмыстың ерекше белгісі – тарих болып қалу және сонысымен мәңгіге жалғасу. Өйткені тек жалпы формалар мен заңдар қайталануымен ғана сипатталатын әдеттегі уақиғалармен салыстырғанда, тарих өз бойында уақытқа қарамастан, уақытты, мәңгілікті жоятын, өшіретін оқиға. Адам – жетілмеген, уақытқа тәуелді шектеулі жан, уақыттың арқасындағы онда болып жатқан құбылыстар оны мәңгілікке жетелейді, оған жетудің жолы осы ғана. Адамның жетілмегендігі мен оның тарихилығы – екеуі бір нәрсе. Адамның шектеулілігі кейбір мүмкіндіктерді теріске шығарады: жер бетінде идеалды жағдай бола алмайды, әлемнің әділетті құрылысы болмайды. Орнықты соңғы жағдайлар табиғи оқиғалардың қайталануы ретінде ғана мүмкін болады.
Қазіргі заман философиясындағы «тарих мәні», «тарихтың соңы» мәселелері. Тарихтың бағытталғандығы және оның мәні.
Тарихтың өздігінен аяқталуы мүмкін емес. Ол тек ішкі тоқыраудың немесе ғарыштық апаттың нәтижесінде ғана аяқтала алады. Алайда өзінің осы жүзеге асу формасындағы тарихилықтың өзі мәңгілік пе деген сауалдың өзі бізден шешімін күткенімен, ол мүмкін емес күйінде қалады және қандай да бір тарихи құбылыс туралы түбегейлі пікір айту да мүмкін емес, өйткені бізде пікір айтатындай құдірет жоқ, біз тарихилыққа қатысу үшін құбылыстардың мәнін ашумен айналысатын адамдар ғанамыз. К. Ясперстің «Тарихтың мәні мен мақсаты» еңбегінен о тарихилық адам мен оның бойындағы шынайы экзистенцияға, яғни өзіне және өз трансценденциясына қатысты жанға айналу мүмкіндігінің болуының бірлігі болып табылады. Бір сәтті білдіретін экзистенцияның тарихилығы уақыт пен мәңгіліктің бірлігін білдіреді. Тарихилық субъектінің өз негізіне адалдығымен іске асырылады. Қандай да бір заттың тарихилығы оның мәнін ұғыну үшін оның тарихын білу керектігін еске түсірген кезде айтылады.
Ал Мартин Хайдеггерде болмыстың тарихилығы оның ілімінің негізгі ұғымдарының бірі екендігі белгілі, ол бойынша болмыс мәнінің тарихи шартты трансформациясының барысында мән ғана емес, болмыстың өзі өзгеріске ұшырайды. Тарихтың осындай түсінігінен тарихишылдық (историцизм), яғни тарихи сананың басымдылығы ұғымы туындайды.
Шектеулі, тарихи мәдениеттердің арнаулы, оқшау типтері тұжырымдамасының ең көрнекті үлгісін О.Шпенглер өзінің «Еуропаның ақыры» еңбегінде ұсынды. Бұл еңбектің шығуына Бірінші Дүниежүзілік соғыстың аса қасіретті салдары әсер етті. О.Шпенглер тарих философиясының еуропалық концепциясының жалғандығына баса көңіл бөлді. Өзінің мәдениет типологиясын құрастыра отырып, О. Шпенглер бірегей жалпы адамдық мәдениет бар ма деген сұраққа, теріс жауап береді. О. Шпенглердің өз жауабын барлық мәдениеттердің оқшау екендігін мойындаудан және олардың өздерінен кейін еш нәрсе қалдырмай, сол бойынша әрбір индивидуалды мәдениет кеңінен туындайтын, гүлденетін және өлетін, олардың дамуында тек осы логиканы мойындаудан іздейді. Шпенглер бойынша, мәдениеттердің өмірлік циклі – бұл кез келген тірі организмнің өмірлік циклі.
Әрбір мәдениеттің өлімі және оның басқа мәдениеттерден оқшаулығы мәдениет және адамзаттың тұтас тарихи өмірінің бірлігін қамтамасыз ете алмайды. Бұл ұстанымда О.Шпенглер, өзінің аяқталуына жеткен, 8 мәдениеттер типін атап көрсетеді, олар: қытайлық, вавилондық, үнділік, антикалық (грек-римдік), араб-мұсылмандық, батысеуропалық, майялық. Туындау сатысында, оның пікірінше, орыс-сібірлік мәдениет тұр. Егер Н.Я.Данилевскийдің мәдениеттер типологиясында өлшем рөлін адамның әрекетшіл табиғаты, шығармашылық әрекет атқарса, онда О.Шпенглерде осындай өлшемге халықтың ұжымдық жанының ішкі, психологиялық құрылысы жатады. Шпенглер бойынша, мәдениеттің мәнісі бұл халықтың ұжымдық жанының өзін білдіруге ұмтылысы. Әрбір ұжымдық жанға (халыққа) өзіндік көңіл-күйі, сезімталдық әлемі, оның негізінде ұжымдық жан өмір сүретін, сезетін, жасайтын, одан мәдени формалардың бүкіл байлығы шығатын, өзіндік психикалық ілкі рәміз (прасимвол) тән. Шпенглердің мына метафоралық нақыл сөзі белгілі: бұл «.... ұлы мәдениеттердің әрбірі, кім бұл мәдениетке жататын болса, тек соған әбден түсінікті, дүниенi сезінудің құпия тіліне ие. Үнді мәдениетін түсіну үшін, үндістік жанға ие болу керек, оның негізінде кеңістік пен уақытты ерекше сезіну, атап айтқанда шексіздікке ұмтылыс жатыр». Антикалық мәдениетте О.Шпенглер көрінетін шекара принципінде негізделген аполлондық жанды көреді. Гректер үшін көзбен көрінетін үш өлшемді кеңістік бар болды. О.Шпенглер, тарихи мәдени тип шектерінде мәдениет, басқалардан ештеңені қабылдамай, оқшау өмір сүреді, сондықтан мәдени сұхбат мүмкін емес деп пайымдады. Батысеуропалық тарих философиясында гуманистік ойлармен қатар антигуманистік, нәсілшілдік, астамшылдық көзқарастар да жалғаса берді.
Тарих философиясының даму кезеңдерін қарастырудың негізгі әдістері. Тарихтың мақсаты, мәні, бағыты мәселесі.
Антикалық және орта ғасырлық тарих философиясы дербес тарау болып бөлінбейді. Ортағасырлық дәуірде осы мәселелер католиктік теология шеңберінде шешілді. Философия дін мен теологиядан эмансипациаланған Жаңа дәуірде басталды. Ол Ф.М. Вольтердің, М.Ж. Кондерсьенің, Д. Виконың, И. Гердердің және Г.Гегель мен К.Маркстің шығармашылығымен байланысты. Гегель «Тарих философиясы бойынша дәрістер» деп аталған еңбек қалдырды, ал Маркстің философиясы Н.Бердяевтің тұжырымдамасына сай тарих философиясы болып табылатыны айтқан. Тарих философиясының бірнеше типологиясы бар. Біріншісі онтологиялық, материалды немесе субстанционалды тарих философиясы деп аталады, орыс дәстүрінде оны тарихисофия деп атайды. Екінші типі сыни рефлексивті немесе аналитикалық деп атайды. Онтологиялық типі тарихи процесті ерекше онтологиялық шындық ретінде болмыстың бір деңгейі ретінде және адам өмір сүруінің негізі бар кең мәтіні ретінде зерттеуді және ұсынуды жүзеге асырады.
Онтологиялық тарих философиясының негізгі міндеттеріне жататындары:
- тарихи үдерістің мәнісін, оның мазмұнын, архитектоникасын, қозғаушы күштерін және басты заңдылықтарын ұғыну;
- тарихи үдерістерді жіктеу және кезеңдерге бөлу, тарихи кеңістік пен уақыттың ерекшелігін зерттеу;
- тарихтың мақсатын, тарихи үдерістегі ілгерілеу мен кері кетудің арақатынасын анықтау.
Рефлексиялық тарих философиясы тарихтың танымдық ерекшелігін түсінумен айналысады. Тарих философиясының бұл баламасының негізгі міндеттері:
- тарихи зерттеудің ерекшелігі мен шектерін айқындау, оның концептуалды аппараты мен методолгиясын анықтау;
- тарихи танымдағы түсіндіру мен ұғынудың арақатынасын, ондағы құндылық пайымдауларының рөлін және обьективті тарихи таным мен білімнің мүмкіндіктерін тағайындау;
- тарихи детерминизм мен тарихты жасайтын адамдардың ерік жігерінің арақатынасын айқындау. Тарихи үдерісті түсінуде және түсіндіруде бірлік жоқ. Барлық көзқарастарды екі көзқарас арқылы жеткізуге болады:
- тарих - адамзат қоғамының дамуының бір кезеңін екіншісінен ерекшеленетін белгілі бір кезеңдерді, кезеңдерді бөле отырып, біртұтас процесі болып табылады;
- тарих - жекелеген елдердің, өңірлердің, өркениеттердің пайда болу, қатар өмір сүруі мен оқшауланған дамуының плюралистік процесі.
Бірінші көзқарас, оны жүйелі, басым деп атауға болады, бірақ философиядағы түрлі бағыттардағы жақтастар қорғалды:
- діни көзқарас тұрғысынан тарихи процестің бірлігі провиденциализм принциптеріне негізделеді, оған сәйкес Құдайдың еркі тарихты алдын ала белгіленген мақсатқа бағыттайды;
- ағартушылар тұрғысынан табиғаттағы заңдылықтарға ұқсас қоғамның даму заңдылықтарының объективті сипатындағы тарихтың бірлігі;
- идеалистер тұрғысынан тарихи процестің бірлігі біртұтас идеяның, абсолюттік рухтың, сананың немесе ойдың пайда болуынан шықты;
- материалистер тарих бірлігін түрлі әлеуметтік-тарихи жүйелерге, елдерге, мемлекеттерге, өркениеттерге тән экономикалық және әлеуметтік заңдардың объективті сипатынан шығарды.
Екінші көзқарас – плюралистикалық кейінірек қалыптасты. Оның жақтастары тарих бірыңғай процесс ретінде жоқ деп мәлімдейді. Нақты қоғамдар (елдер,мемлекеттер, өркениеттер) пайда болады, өседі және дамиды, гүлденуге жетеді және бір-біріне ешқандай әсер етпей жоғалады.
Бұл жағдайда барлық тарих бір-бірінен оқшауланған әлеуметтік-тарихи түзілімдердің жиынтығына айналады, яғни тарихта қандай да бір сатылар немесе дәуірді бөліп көрсету мүмкін емес. Плюралистік көзқарас адамзат қоғамының планетарлық ауқымда дамуын болдырмайды және демек, тарихи процестің біртұтастығын болдырмайды.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


1.«Тарих» және «Тарих философиясы» үғымдарының арақатынасын қалай түсінесіз?


2 Қазіргі заман философиясында «тарих мәні», «тарихтың соңы» мәселелері не себепті маңызды мәселелер болып саналады?
3 «Тарихтың бағытталу» мәні неде?
4 Тарих философиясының даму кезеңдерін қарастырудағы қандай негізгі әдістерді білесіз?


Әдебиеттер тізімі:
1. А.К.Абдина, Х.С.Абдильдина, Т.М.Садыкова «Философия» оқулық, 2016ж. http://portal.kazatu.kz/e-books/content/4Sh8Dj10s78fJ5B3byVz /
2. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін / Ғылыми ред. Нурышева Г.Ж. – Астана, 2018. – 216 б.
3. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. /Ғылыми ред. Раев Д.С. – Астана, 2018. –360 б.
4. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 1-том: Антика философиясы / Ғылыми редактор Молдабеков Ж. Ж. – Астана, 2018. – 408 б.
5. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 2-том: Орта ғасыр философиясы / Ғылыми редактор Оспанов С. – Астана, 2018. – 400 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет