1. ОҚытушы туралы мәліметтер


Әлемдік діндер және олардың онтологиялық негіздері



бет42/59
Дата14.03.2024
өлшемі6.76 Mb.
#495467
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   59
umkd filo2024

Әлемдік діндер және олардың онтологиялық негіздеріБудда діні ең көне дұние жүзілік дін. Оның қалыптасқанкезі б.э.д. VI ғасыр б.э. VIII ғасыр аралығы. Осындай ұзақ уақытта әрине будда діні бір қалпында қалған жоқ. Әртүрлі ортаның экономикалық және рухани ерекшелігімен байланысып будда діні көптеген өзгерістерге ұшырап отырды.
Алғашқы рет будда діні Үнді елінің солтүстігінде пайда болды. Будда дінінің тууы және Ганг алқабында ірі мемлекеттердің пайда болуы қатар келді. Бұл кезде орталыққа бағыну принципі жеңген болатын. Осы жағдай будда дінінде бейнеленгенін көреміз. Мысалы бұл дін бойынша "адамгершілікті қорғаудың негізі" орталықты биліктің болуы. Сондықтан да бұл ілімді хандар қатты қолдаған.
Будда дінінің пайда болуын барлық жазба ескерткіштер Будда туралы аңызбен байланыстырады. Аңыз бойынша будда дінінің негізін салушы Сиддхартх Гаутама.
Буддизм діни ілімнің өзегі - "азап шегушілік" туралы төрт игілікті ақиқат.
"Өмір сүру - азап шегу". Бұл "ақиқат" бойынша адамның туғаннан бастап өлгенге дейінгі өмірі - азап шегу тізбегі.
"Азап шегудің себебі - құмарлық".
"Азап шегуден құтылу үшін - құмарлықтан құтылу керек деп түсіндіреді. "Азап шегуден құтылу жолы - Будда ілімінде қолдану. Сонымен адам өмірінің негізгі мақсаты - құмарлықты жойып, дүниеден безіп нирванаға жету. Нирвана- адамның ерекше жайын білдіретін бүтіндей таныштыққа бөленіп, айналаны қоршағандардың бәріне енжар қараушылық. "Нирвана, буддистердің мәлімдемелері бойынша, - бұл бөліксіздік, сабырлылық жағдай және салқын қандылықпен өзін-өзі ұстай білушілік... Жанға жайлы тимейтін әсерленушіліктен құтылу".
Христиан діні біздің заманымыздың бірінші ғасырында кұл иеленуші Рим империясында пайда болды. Оның шығу тегін білу үшін христиан дінінің пайда болуы және дамуы кезіндегі Рим империясының экономикалық саяси және идеологиялық жағдайына талдау жасау керек. Рим билеуші топтары жүргізген соғыстар аяқталғаннан кейін, өз үстемдігін баянды ету және нығайту үшін, ел билеудің республикалық формасынан бас тартып, монархиялық формасына көшті. Империяға өту дәуірінде "Жаулап алушы римдіктер өзіне бағындырылған барлық елдерде ең алдымен олардың бұрынғы саяси тәртіптерін, ал соңынан жанама түрде өмірдің қоғамдық ескі жағдайларын да талқандады". Бұл дәстүрлі діни нанымдардың жойылумен қатар жүріпотырды.
Римдіктердің қатал тәртіптері мен аяусыз басып- жаншуына, езушілігіне қарсы шыққан құлдар мен езілуші халықтар көтерілістері үнемі сәтсіздікке ұшырап отырды. Құлдар езушілерге қарсы жүргізілген күрес өздерінің түрмысын жақсартады, деген үміттен айрылды. Енді бостандықты езілген бұқара аспаннан іздейтін болды. Сол кездегі әлеуметтік жағдайды сипаттап, Ф.Энгельс былай деді.: "жеке ұсақ тайпалардың немесе қалалардың дүние жүзілік байтақ Рим державасына істейтін қарсылығының бәрі нәтижесіз болды. Сонда құлдыққа ұшырағандар, езілгендер және қайыршыланғандар үшін құтылу жолы, жан сақтау жолы бір-біріне жат немесе тіпті бір-біріне қайшы мүдделері бар бұл әр түрлі адмдар топтарының бәріне ортақ құтылу жолы. Бұлардың бәрін бір ұлы революциялық қозғалыстың қамтуы үшін қалайда мұндай жолды табу қажет болды.
Христиан дінінің тез етек алуына кейбір культтік /культ - латынша "культус - табыну/ жаңалықтардың енгізілуі де себеп болды. Сондықтан да христиан дінінде діни қадуымдарды басқарушы - пайғамбарлар мен апостолдардың қатардағы адамдардан айырмашылығы болмады. Бұл кезде христиан дінінде Иисус Христос туралы, оның адам баласын ауыр азаптан құтқару жолында азап шеккені, Христостың қайтадан оралып, жер бетінде жақсы өмір орнататыны "о дүниедегі" рахат өмір туралы аңыздар етек жайған кез еді. Ал осы жағдай, христиандардың құдай алдындағы теңдік идеясы христиан дінінің қалыптасуына сол кездегі халық арасына таралып және қолдау тапқан түрлі идеологиялық ағымдар да ықпал етті. Христиан діні әр түрлі идеалистік философиялық ағымдардың басшылыққа алған идеяларының, шығыстық діни сенімдерден, иудея дінінің уағыздарынан, Римдіктердің де діни ұғымдарынан қажетті деген жерлерін қабылдады. Бұл оның халықтар арасына тарауына тиісті жағдайтуғызды.
Христиан дінінің орнығуына әсіресе ертедегі Грецияның реакцияшыл философы Платонның жолын қуған, бірінші ғасырдың басында өмір сүрген Филос Александрийскийдің және Рим стоиктерінің, оның ішінде Сенеканың "ілімдері" елеулі орын алды. Сенека о дүние қызығына шақырды, бақыт пен теңдік тек о дүниеде ғана деп уағыздады. Сенеканың о дүние, құдай туралы айтқандары кейіннен христиан дініне толығынан дерлік енді. Ф.Энгельс Сенеканы, Христиан дінінің ағасы деп атады. Ал Филос адамдарды күнәкар санап өмір бойы құлшылық етуге, жалбарынуға шақырды.Болашақты Логоспен, құдай сөзімен, күнәлі адам мен құдай арасына байланыстырушы, құтқарушы /мессия/ бар дегенмен шектестірді. Филонды Ф.Энгельс "Христиан дінінің әкесі" деп атады.
Басқа да барлық дүниежүзілік діңдер сияқты Ислам дінінің де өзіндік ұзақ тарихы бар. Ол тарих дүние жүзілік әлем тарихымен ұштасып, жұптасып, шымдасып жатады. Бірақ, Ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт талабына, оны ұстанған халықтардың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына байланысты, психологиясына, көңіл күйіне қарай өзіндік ерекшеліктерінің бар екенін аңғарғанымыз жен.
Ислам діні-дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол біздің заманымыздың VII ғасырында Аравия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді. Тарихи деректерге, әдеби аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Аравиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы - Меккеде шықты. Аравия елі бірқатар бай елдердің орталығында болды. Олар: Рим, Византия, Египет, Иран және басқа елдер бір-бірімен сауда қатынасын жасаған кезде Аравия жерін басып өтетін. Осыған байланысты Араб феодалдары жер иелері болуымен бірге, құл жұмсаудан, құл сатудан орасан зор табыс түсіріпотырды.
Араб тарихшылары болашақ пайғамбарымыз Мұхаммед (Ғ.С.) Мекке каласының шет жағындағы Каабадан үш жүз метрдей жердегі қара шаңырақта дүниеге келген еді дейді. Бірақ онын кай жылы, қай күні дүниеге келгендігі жөнінде әртүрлі пікірлер бар. Бірі Мұхаммед (Ғ. С.) Миләдидің-Исаның туылуынан басталатын жыл санауы бойынша 570 жылдың 29 тамызы. Жазба деректерге қарағанда, ол дүйсенбі күні таңертең Рабиғ әл-Әууәл айының тоғызы, бұл 571 жылдың 20 сәуіріне тура келеді. Аңыздарда күн шықпай тұрғанда-ақ жүзіне керемет нұры құйылған, күпірлік, зұлымдық және надандык тәрізді дүниеде кесел-кесірлердің, жамаңдыктардын бәрінен де айықтырушы, арылтушы сәулесі түсіпті. Дәл мұндай құбылыс ешбір нәресте дүниеге келгенде болмаған. Бұл көз қарықтырған нұр Мұхаммед пайғамбарымыздың туылумен адамзат өмірінде жаңа, бақытты дәуірдің ашылғандығын білдірген екен. Діндер тарихын зерттей қарайтын болсақ, адам баласының адал жолдан таймай өмір сүруі үшін Алла (Т.) жерімізге оқтын- оқтын пайғамбарлар жіберіп тұрғанын білеміз. Алла (Т.) мен адамдар арасыңдағы байланыстырушы аркылы бұл дүние мен ақырет туралы жайлар пенделерге солармен жеткізіліп отырылды. Алла (Т.) ның Мұхаммед (Ғ. С.) ке дейін қанша пайғамбарларды жібергені жөнінде Құран Кәрімде айтылған.
Алла (Т.) тарапынан тапсырыс алған мұндай пайғамбарлардың саны бірде жүз жиырма төрт мың делінсе, бірде екі жүз жиырма төрт мың делінеді. Солардың ішінде Құран Кәрімде жиырма сегізінің аты аталған. Олар: Адам, Ыдырыс, Нұх, Һұд, Салих, Ибраһим, Лұт, Ысмайыл, Ысхақ, Жақып, Жүсіп Аюп, Шұғайып, Мұса, һарун, Дәуіт, Сүлеймен, Ілияс, Әлжаа, Зүлкифа, Жүніс, Закирия, Жақия, Иса, Гүзайір, Лұқман, Зұлқарнайын және Мұхаммед пайғамбарлар".Исламның шығуының екінші бір қажеттігі адамдар арасындағы бір- біріне деген жақсы қарым-қатынас, имандылық, достық орнату үшін де қажет болды. Ол бұған дейінгі барлық адамдар үшін жат салттарды тоқтату үшін де керек еді.
Арабияда алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап бітуінің нәтижесінде идеологияда да ірі өзгерістер болды. Жаңа діни көзқарастар пайда бола бастады. Мұнда христиан және иудей діңдерінің әсері болып, көп құдайшылдық емес, жалғыз құдайға табыну идеялары шыға бастады.
Сонымен бірге Мекке ерте уақыттан бастап-ақ діни орталық болып саналатын. Меккенің орталығындағы Зәмзәм су көзі, оның жанындағы "Әулиелі қаратас" Қааба Храмы көшпелі бадауиелердің өз құдайына табынатын орны болды. Бұлкезде әрбір рудың өздерінің рулық құдайы болды. Олардың бейнесі Қаабаның маңайына орналасқан болатын. Кейбір мұсылман аңыздарында Кааба мен Зәм- зәм су көзін Ибрагим пайғамбар мен оның ұлы Исмаил салған деген деректі де кездестіреміз.
Қазіргі уақытта Ислам діні араб елдерінде, Албанияда Болгарияда, Үндістанда, Түркияда, Югославияда, Африкадағы Мавритания, Тунис, Марокко, Сомали, Ливия, Занзибар, Алжир т.б. елдерінде орын алады. Ислам діні Орта Азия республикаларында, Қазақстанда, Азербайжанда, Башқұрт, Татар, Дағыстан республикарында орын алады.
Ислам дінінің қазақтар арасында тарауы туралы мәселеге әр-түрлі пікірлер бар. Бұл мәселеге олар әрқайсысы өз позициясымен келгендігін аңғарамыз. Кейбір авторлар ислам дінін Қазақстанға араб басқыншыларымен келген деп санаса, екінші бір авторлар, қазақтар көшпелі халық болған, сондықтан ислам дінінің таралу дәрежесін зерттеу өте қиын еді. XVIII-XIX ғасырларда қазақтар арасында болған миссионерлер ислам дінінін қазақтар арасында шын жайын суреттей алмады дейді. Олар үшін ежелгі дінисенімдері- табиғатқа табыну ыңғайлырақ болды десе, академик В.В.Бартольд: "XIII ғасырдың басында Хорезмнің мұсылман басшыларына Сырдария мен Торғай облысындағы мұсылман емес қыпшақтармен соғысуға тура келді" - деп жазады. Дегенмен, ислам дінінің алғашқы көріністері Қазақстан территориясында IX ғасырдың бас кезінде тарай бастағанын білдіретін мәліметтер бар. Бұл кезде араб басқыншылары Сырдария бойына жетіп, түркі тайпаларының малдарын барымталап, кейде бейбіт отырған ауылдардың адамдарын айдап әкетіп отырды, бірақ жерлерін жаулап алуға күштері жетпеді. Сырдария бойындағы қалалар арабтарға 840-845 жылдары ғана бағынып, ислам дінін қабылдады. Бірақ мұнан әрі Сарыарқа даласына ұмтылған кезде араб басқыншылары шегінуге мәжбүр болды. Себебі Иракта құлдар көтерілісі басталды, белгілі араб тарихшысы Ибн-Ал-Әсірдің/1160-1233/ келтірген мәліметтері бойынша 961 жылы Сыр бойындағы түркілердің 200 мың шатыр /үйтүтін/ мұсылман дініне енген. Ал жайық бойын жайлап, ыстық көл маңын қыстап жүрген түркілер ислам дінін тек 1043 жылы ғана қабылдады. Есіл, Нұра, Тобыл, Ертіс өзендерінің бойында мекендеген түркі тайпалары ХІХ-ХХ ғасырларға дейін ислам дінінен сырт қалды. Қазақ халқының ислам дінін кеш қабылдағандығын Ш.Уәлиханов та атап көрсеткен. "Бұған дейін қазақ арасында бақсылық, бәдік айту, тәңірге табыну, отпен аластау сияқты ежелгі тайпаларының діни жоралғыларының қалдықтары орын алып келді. Ислам дінінің ережелерінде олар жоқ. Қазақтардың жеті атаға жетпей құда болмайтындығы да ислам шариғатынан тыс, ол ежелгі түркілерден қалған ата- баба дәстүрі" - дейді.
Қазақстан жеріндегі ерте салынған мешіттердің бірі - Түркістан қаласындағы Қожа-Ахмет Яссауидың /әзірет- сұлтан/ мешіті. Оны Ақсақ темір/1336-1405/ патша салдырған.
Ислам діні Қазақстан жеріне оңтүстіктен және солтүстік батыстан келді. Оңтүстіктен Иран мен Орта Азия қалаларында оқыған қожа-молдалар келді. Кама өзені бойындағы Бұлғар хандығы, одан соң Алтын орданың батыс бөлігі Ислам дінін Қазақстанның батыс, солтүстік және шығыс облыстарын мекендеген тайпалардан бүрын қабылдаған болатын. Демек, ислам дінін уағыздаушылар бүлғарлардан, кейіннен башқұрттар мен татарлардан келді.
Алтын орданың XV ғасырдағы ханы Өзбек, қыпшақтарға жазған хатында: не ислам дінін қабылдаңдар, не тұратын жерлерінді айғындар" - деп да көрсеткен.
Ислам дінінің қазақ даласына тарауына Россия империясының отаршылдық саясаты үлкен әсер етті. Патша үкіметі қүлдық жүргізгеніне бас имей отырған қазақ халқын бағындыру мақсатымен ислам дінінің қазақ арасында тез тарап, орнығуына ынталы болды. Екатерина II /1770-1772/ жылдары қазына есебінен күран кітабын бастырып, оларды қазақ арасына тегін таратты. Осы мақсатта Петербургтағы шығыс баспасы Қазан қаласына көшірілді. Қазанда "Иман-шарт", "Бадуам", "Тақиғажап", сияқты жеңілдетілген діни кітаптарды басыпшығарды.
Ислам дінінің Қазақстанда таралуына Ташкент, Түркістан, Бұхара, Хива сияқты мұсылмандық орталықгардың жақындығы әсер етті. Ақмола облысының бастығы патша үкіметі орындарының біріне жазған хатында "Түркістанның жақындығы, әсіресе онымен үздіксіз байланыс мұсылмандықтың жайылуының басты көзі болып табылады", дейді. Бұхара, Хива, Түркістан қожа-молдалары сауда керуендерімен еріп жүріп дінін уағыздаумен болды.
Дегенмен XVIII-XIX ғасырларда Қазақстан жерінде ислам діні толық үстемдік ете алмады. Ш.Уәлиханов өзінің "мұсылман дінінің қазақ даласында таралуы" деген еңбегінде Мұхамедтің атын да білмейтін қазақтардың бар екенін, бұл жағдай ислам дінінің қазақ халқының қанына әлі де жете сіңбегенін мысалдар келтіре отырыпдәлелдеді.
Патша үкіметі өзінің 1900 жылы 14 наурыздағы арнаулы бұйрығы бойынша ауылдағы діни мәселелерді, мейрамдарды азаматтық право
нормаларын басқаруды молдалардың міндетіне жүктеді. Демек, қазақ арасындағы азаматтық, семьялық мәселелердің барлығын ислам діні өкілдері орындап, атқарғанын көреміз.
Қазақтар арасында ислам дінін таратудағы патша үкіметінің ролі жөнінде Ш.Уәлиханов былай дейді: "Қазақтар орыс мемлекетінің қол астына көшкенге дейін атақ жағынан ғана мұсылман болып, Мұхаммед діні әлемінде оның сүннит деген бір дербес тарауында болыпкелді.
Ислам дінінің "беделін", арттыру үшін үстем тап халыққа түсінікті, ыңғайлы әдістерді пайдалану жолдарын іздеді. Ол XIX ғасырдың екінші жартысында мұсылмандықты мадақтайтын толып жатқан діни мистикалық поэмалар, аңыздар, мифтік образдардың шығуынан көрді. Тіпті қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі эпостық, лироэпостық, жырлардың мазмүнына өзгерістер енгізіп, олардың ән бойына кіндік мән таратты. Діни уағыз, өткен патриархальды өмірді көптеп жырлау, зар заман, ақындарымыз деп аталынған Шортанбай, Дулат және басқалардың шығармаларының өзегі болды. Олар халық ауыз әдебиетінің көркемдік әсерін пайдаланып ислам дінін дәріптеді.
Қазақстанда мұсылман дінінің таралуына XIX ғасырдың ақыры XX ғасырдың басында панисламизм, пантюркизм идеяларының насихатталуы әсер етті. Империалистік Россия мүдделері шеттеу халықтарды қанауды, отаршылдық, саясатты бұрынғыдан бетер күшейтуді қажет етті. Бұл жағдай мұсылман дін иелерінің жаңа халифат құрып, кәпірлерге қарсы соғыс ашайық деген үгітін күшейтті. Панисламистер мен Пантрюркистер қанауға қарсы халықтар наразылығын дін туының, діни идеологияның басшылығына алуды, барлық мұсылмандарды Түркияның маңайына жинауды көкседі.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:



  1. Дін философиясы қоғам, адам және Жаратушы арақатынасы туралы.

  2. Діни толеранттықидеясы



Әдебиеттер тізімі:

1. А.К.Абдина, Х.С.Абдильдина, Т.М.Садыкова «Философия» оқулық, 2016ж. http://portal.kazatu.kz/e-books/content/4Sh8Dj10s78fJ5B3byVz /
2. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін / Ғылыми ред. Нурышева Г.Ж. – Астана, 2018. – 216 б.
3. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. /Ғылыми ред. Раев Д.С. – Астана, 2018. –360 б.
4. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 1-том: Антика философиясы / Ғылыми редактор Молдабеков Ж. Ж. – Астана, 2018. – 408 б.
5. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 2-том: Орта ғасыр философиясы / Ғылыми редактор Оспанов С. – Астана, 2018. – 400 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет