1. Патологиялық физиология туралы түсінік, оның маңызы. Патофизиология


әсерінде болады. Осыдан синустық торабынан шығатын қозу



бет13/44
Дата17.09.2023
өлшемі111.86 Kb.
#477777
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44
1. Патологиялы физиология туралы т сінік, оны ма ызы. Патофизи

әсерінде болады. Осыдан синустық торабынан шығатын қозу
өткізгіштіктің үдемелі бөгелуімен түйіседі. Бұл электр ағымы өткенде
жүйкелік қабылдағыштар (рецепторлар) мен өткізгіш талшықтар,
бұлшықеттер мен тегіс салалы ет талшықтары және бездік тіндер қат-
ты қоздырылады. Осыдан бұлшықеттер мен тегіс ет талшықтары ты-
рысып жиырылып қалуынан аяқ-қолдың буынынан шығуы,
жіліншіктердің сынуы, дыбыс байламының жиырылуы, тыныс алудың
тоқтауы, еріксіз дәрет бұзылуы және қан қысымының көтерілуі байқ-
алады. Симпатикалық жүйке жүйесінің қозуынан катехоламиндердің
(адреналин, норадреналин) қанға көптеп шығарылуы болады. Бұдан
ішкі ағзалар мен дене мүшелерінің қызметтері бұзылады.
Электр ағымының бүліндіргіш әсер ету жолдарында электрохимия-
лық әсері маңызды орын алады. Электр ағымы теріден өтіп әртүрлі
тіндердің жасушаларында электролиздік тепе-теңдікті бұзады, олардың
биологиялық әлеуетін өзгертіп, жасуша мембраналарының поляризаци-
ясына әкеледі. Тіндердің анод орналасқан аумағында оң дәрмені бар
иондар жиналады (қышқыл реакция пайда болады), катод жағында теріс
дәрмені бар иондар жиналады (сілтілік реакция болады). Осыдан жасу-
шалардың қызмет атқару жағдайы өзгереді. Анодтың астында қышқыл
реакция болғандықтан тіндік нәруыздар үйып қалады. Содан дамитын
некрозды коагуляциялық некроз дейді. Ал, катод орналасқан тіннің аума-
ғында сілтілік реакция болғандықтан тіндік нәруыздар қатты ісініп кетеді. Мұны колликвациялық некроз дейді. Бұндай құбылысты электр ағымы-
ның электролиздік әсері деп атайды. Бұл құбылыс жүрек етіне әсер
еткенде оның жауап қайтармайтын (рефрактерлік) фазасын қысқартып,
жүйкелік серпіндердің үдемелі кері айналып жүруінен ет талшықтары-
ның жыпылығы (фибрилляциясы) дамуына әкеледі. Электр ағымының


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет