1. Патологиялық физиология туралы түсінік, оның маңызы. Патофизиология


малдануы бұзылған. Соңдықтан оларда зат алмасулары соңғы өнімдеріне



бет10/44
Дата17.09.2023
өлшемі111.86 Kb.
#477777
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44
1. Патологиялы физиология туралы т сінік, оны ма ызы. Патофизи

малдануы бұзылған. Соңдықтан оларда зат алмасулары соңғы өнімдеріне
дейін жүрмей аралық қышқыл өнімдер жиналып қалады, метаболизмдік
ацидоз дамиды. Осыдан оттегінің таппылығы, жиналған қышқыл өнімдер
қан тамырларындағы химиялық рецепторлар арқылы рефлекстік түрде ми-
дағы тыныстық және тамырлардың қимылдық орталықтарын қоздырады:
тыныс алу, жүрек соғуы жиілейді. Бұл кезде симпатикалық жүйке жүйесінің
межекуаты (тонусы) көтеріледі. Осыдан шеткері қан тамырларының, тегіс
салалы ет жасушаларының жиырылуы, терінің бозаруы, артериалық қан
қысымының аздап көтерілуі, қанның жиналған қорларынан тамырларға
шығарылуы болады. Шеткері қанда эритроциттер көбейеді. Ары қарай сүйек
кемігінде эритроциттердің өндірілуі артады. Содан шеткері қанда олардың
саны шынайы көбейеді және жас эритроциттер (ретикулоциттер) пайда бо-
лады. Сонымен бірге гемоглобин молекуласының оттегін байланыстыру
қабілеті көтеріледі және тотыққан гемоглобиннің тіндерге оттегін беруін
жеңілдетеді. Тіндерде заттар алмасуының анаэробтық жолмен жүруі артады.
Сол арқылы организм тіршілігіне қажетті азды-көпті қуат (АТФ, КрФ)
өндіріледі. Бұл келтірілгендер оттегінің жетіспеушілігіне қарсы бағытталған
организмнің теңгеру-икемделу жолдарына жатады. Дегенмен, бұл кезде ор-
талық жүйке жүйесінде қозу үрдісі басым болады, адамның жөнсіз қызба-
лығы, өз жағдайын дүрыс бағалай алмаушылығы, қимыл-қозғалысының ұйле-
сімсіздігі байқалады. Адам тоқмейілсіп, көп жағдайларға мән бермейді, араққа
мас болған адамдай көңіл күйін шаттық билейді (эйфория).
Ары қарай 5000 м биіктіктен астам көтерілгенде таулық аурудың
теңгерілмеген сатысы дамиды. Бүл кезде терең жиі тыныс алудың нәтижесінде организмнен(СО., артық шығарылып кетеді. Қоректік зат-
тардың толық тотықпауынан тіндерде СО, газының түзілуі азаяды. Осы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет