1-тақырып. Азаматтық құқықтың жалпы ережелері. Азаматтық құқықтық қатынастары


Меншік құқығына ие болудың туынды тəсілдері



бет16/22
Дата27.10.2019
өлшемі291.74 Kb.
#447322
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Тезисы лекции

Меншік құқығына ие болудың туынды тəсілдері


Меншік иесі бар мүлікке меншік құқығын өзге тұлғалар са- тып алу сату, айырбас, сыйға тарту немесе мүлікті иеліктен шығару жөніндегі өзге де мəмілелерге сəйкес ала алады. Шарт бойынша мүлiк алушының меншiк құқығы, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, зат берiлген кезден бастап пайда болады.

Егер мүлiктi иелiктен айыру туралы шарт мемлекеттiк тiркеуге не- месе нотариалдық куəландыруға жататын болса, алушының меншiк құқығы тiркелген немесе нотариат куəландырған кезден бастап, ал шартты нотариаттың куəландыруы да, мемлекеттiк тiркеу де қажет болған жағдайда ол тiркелген кезден бастап пайда болады.

Заттардың алушыға тапсырылуы, сол сияқты, егер заңдарда

немесе шартта өзгеше көзделмесе, алушыға жөнелту үшiн көлiк ұйымына өткiзу жəне иелiктен айырылған заттарды жеткiзiп беру мiндеттемесiнсiз алушыға салып жiберу үшiн почтаға өткiзу- заттардың берiлуі деп танылады. Егер затты иелiктен айыру туралы

шартты жасасу кезiнде-ақ ол алушының иелiгiнде болса, зат оған сол кезден бастап берiлген деп танылады. Затқа коносамент немесе өзге де өкiмшi құжат беру заттарды беруге теңестiрiледi.

Азамат қайтыс болған ретте оған тиесiлi мүлiкке меншiк құқығы өсиетке немесе заңға сəйкес мұрагерлiк бойынша басқа адамдарға көшедi.

Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған ретте оған тиесiлi мүлiкке меншiк құқығы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықты мирасқорларына – заңды тұлғаларға көшедi.

Егер, тұлға меншік иесінен заңи негіздер бойынша алынған мүлік- ті заңнамалық актілерде бекітілген тəртіптерде жəне жағдайларда алатын болса, онда аталған мүлiкке меншiк құқығын осы тұлға алады. Жаңа меншік иесіне заттың өзі ғана емес, оған байланысты барлық құқықтар мен міндеттер де ауысады. Мысалы, меншік иесі затты иеліктен шығарған ретте кепіл, жалға алу құқықтары да бірге ауыса- ды. Міне, осылайша, меншік құқығын алудың туынды əдістері кезінде əрдайым құқықмирасқорлығы орын алады. Иелiктен айырылған заттардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi, сатып

алушыда меншiк құқығы пайда болумен бiр мезгiлде соған көшедi.
Меншік құқығын жəне өзге де заттық құқықтарын қорғаудың азаматтық құқықтық əдістері дегеніміз – мұндай құқық иелерінің мүдделерін қорғауға бағытталған жəне азаматтық заңнамада қа- растырылған əдістердің жиынтығы. Мұндай əдістердің бірнеше түрлері бар жəне бұл оларды бірқатар топтарға жіктеуге мүмкіндік береді.

Меншік құқығын қорғаудың азаматтық құқықтық əдістері бірін- ші топты құрайды. Олар меншік құқығын абсолютті құқық ретінде қорғауға бағытталған жəне меншік иесі мен құқық бұзушы өзара қандай да бір міндеттемелермен байланысты емес. Меншік иесінің өзіне тиесілі затқа иелену, пайдалану жəне билік ету құқығын қалпына келтіру не оларды жүзеге асырудағы тосқауылдарды алып тастау аталған əдістердің мақсаты болып табылады. Заттық-құқықтық əдістер санатына жатады: а) өзгенің заңсыз иелігіндегі өзінің мүлкін талап етуі; б) иеленумен байланысты емес тосқауылдарды алып та- стау жөніндегі талап-арыз; в) меншік құқығын тану туралы талап- арыз.

Міндеттемелік-құқықтық əдістер меншік құқығын қорғау əдіс- терінің екінші тобын құрайды. Бұлардың санатына меншік иесіне келтірілген зиянның орнын толтыру, шарт бойынша пайдалануға берілген кері заттарды қайтару туралы талап-арыздарды осы топқа жатқызуға болады. Мысалы, егер жалға алушы шарттың мерзімі аяқ- талғаннан кейін затты жалға берушіге қайтарудан бас тарттын бол- са, онда меншік иесі жалға алу шарты туралы нормалардың негізінде міндеттемелік-құқықтық талаптарды қоя алады.

Меншік құқығын қорғаудың үшінші тобына мемлекеттік ор- гандарға қойылуы себепті, билікке қойылатын талап-арыздар деп атауға болатын ерекше əдістерді жатқызуға болады. Бұлардың са- натына келесілерді жатқызуға болады: а) мемлекеттiк басқару органының, жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органның не лауазым- ды тұлғаның актісін жарамсыз деп тану, сондай-ақ заңсыз құқықтық актіні қолданбау туралы талап-арыздар; мысалы, уəкілетті органның өзінің шаруашылық жүргізу құқығындағы ғимаратты алуы жөніндегі актісін жарамсыз деп тану туралы мемлекеттік кəсіпорынның талап- арызы; б) мемлекеттiк басқару органының, жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органның не лауазымды тұлғаның заңсыз нормативтік немесе дербес актіні шығаруы салдарынан меншік иесіне келтірілген шығынды өтеуі, мысалы, салық немесе кеден органдары негізсіз мүлікті алып қойған реттегі оларға қойылатын талаптар; в) заңнамалық актілерде қарастырылған негіздер бойынша оны тоқтатқан ретте меншік құқығын қорғау, мысалы, мемлекеттік мұқтаждыққа жер учаскелерін алып қойған ретте келтірілген шығынды өндіру туралы меншік иесінің талаптары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет