2-9 Тарау–I. 1926-1928 жылдардағы қазақ ауылындағы салық саясаты


Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудың рыноктық механизмінен әміршіл-әкімшіл әдістеріне өту



бет6/7
Дата30.06.2016
өлшемі0.71 Mb.
#168054
1   2   3   4   5   6   7

2.3. Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудың рыноктық механизмінен әміршіл-әкімшіл әдістеріне өту
Бұл процесс 1928жылы ентізілген контрактация жүйесі арқылы жүзеге асты. Кеңес өкіметі ауыл шаруашылығынан қаржы сору мен астық және азық-түлік дайындау проблемасын шешуді рыноктық қатынастар жағдайында жүзеге асыра алмайтынын анық түсінді. Сөйтіп, төтенше шараларды зандандыру мақсатында 1928жылдың 21 шілдесінде КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің "1928 жылғы күзгі себу науканында егістіктерді контрактациялау туралы" шешім қабылдады.

Контракт, яғни келісім-шарт бойынша мемлекетке тапсырылатын өнім өндірілетін егістік жерлер көлемі белгіленіп, оны шаруа арзан, тұрақты бағамен мемлекеттік дайындаушыларға тапсыруға, ал мемлекет өз тарапынан оларға алдын-ала ақша (аванс) төлеу немесе қажетті агротехникалық қызмет көрсетуге міндеттеме алды.

Мемлекет шаруаларды өнім тапсыруға ынталандыру мақсатында 1 гектар өнімге 8 сом көлемінде аванс тағайындап, өндіруші аванс көлемінің 200%-тен кем болмайтынын өнім тапсыруға міндетті болды.

Контрактация, сонымен қатар, егістік көлемін ұлғайтуға ынталандыру мақсатын көздеді, мемлекет аванс-қаржыны агротехникалық жұмыстармен, құрал-сайманмен жабдықтаумен алмастыра алды /63/.

1928жылдың 14желтоқсанында "1928/29жылдары ауыл-шаруашылығы

өнімдерін контрактациалау туралы" Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің /СТО/ қаулысы қабылданып, контрактация астық өнімдерімен қатар, бау-бақша, мал өнімдері шикізатын дайындауға да енгізілді. Бұл қүжат бойынша мал өнімдерін дайындау КСРО-да 57млн.сомға, ал аванс - 17,1млн. сом деңгейінде жоспарланған /64/. Бұдан контрактацияның мал шаруашылығы үшін ауырлығын төмендегі шарттармен көрсетеміз. Астықты аймақтарда контрактация бойынша тапсырылатын өнім аванстың 200%-тен кем болмауын шарттаса, малды аймақтарда тапсырылатын өнім аванстың 3есесінен артық жоспарланған.

Астық өнімдерін 1928/29 жылы контрактациялау нәтижесінде 64619мың пұт астық тапсырылып, 1927/28 жылмен салыстырғанда 2 еседен артық дайындалды. Жоспардағы 769155 гектар егіс көлемі орнына 1408769 гектар контрактацияланып, 183% орындалды. Бұл бүкіл егістік көлемінің 36,3%-ін қамтыса, тек таза бидай алқаптарының 41,2%-і, сұлының 22,2%-і, тарының 35,4%-і, күріштің 62,8%-і» күнбағыстың 21,2, арпаның 22,2%-і контрактацияланды. Оған қоса күзгі дәнді дақылдар бойынша 75012 гектар бидай, 11817 гектар қара бидай егістіктері контрактациямен қамтылды.

Петропавл мен Оралда бидай егістітінің 54,5 проценті, Сырдария округінде 41,3%-іконтрактацияланды. Контрактациялау жоспарлары Петропавловскіде - 275%, Семейде - 206%, Ақтөбеде -213%, Ақмолада - 195%-ке орындалды. КСРО бойынша контрактацияланған егіс көлемі 5миллион гектар болғанын ескерсек, Қазақстандағы 1.408769 га контрактация көлемінің өте жоғары болғанын көрсетеді.

Контрактация жаңа экономикалық саясаттан әміршіл-әкімшіл экономикаға өтудің өте тиімді механизмі болды. 1929 жылы 7 қазанда қабылданған Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысында контрактацияның рыноктық қатынастарды біртіндеп жою, жеке қожалықтарды жоспарлы шаруашылыққа тарту құралы екендігі атап көрсетілді.

Осыған байланысты жеке шаруа қожалықтарының өндірістік куатын арттыруға қызмет ететін ауыл шаруашылық кооперациясына мемлекеттің бақылауы күшейіп, ол контрактацияны жүзеге асыру кұралына айналды. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына берілетін қарыз, несие тек контрактацияға тартылған шаруашылықтарды қамтып, бірте-бірте алдын-ала аванс беру тоқтатылды. Ішінара сақталған ақшалай аванс тек шаруашылықтың қоғамдастырылған түріне берілетін болып, ақырында контрактация да коллективтендіру құралы болды.

Казақстанда контрактация бойынша өкімет тарапынан жасалатын міндеттемелер орындалмады. Мемлекеттік аванс тек кедей, орташа шаруаларға ғана қарастырылып, ауқаттыларға берілмеді. Шын мәнінде, контрактация кулактар мен байларға қысым көрсету ұранымен ұштасып, олардың малы мен астығын алудың тиімді бір жолы болды. Ол жеке шаруалардың экономикалық еркіндігіне тұсау болып, күйзеліске ұшыратты. Мал өнімдерін контрактациялау 1929/30 жылдан бастап енгізіліп, мал және ет дайындаудың жоғары қарқынына әсер етті. 1929/1930 жылдарда бай-кулактарды жою, жаппай отырықшыландырудың колхоздастырумен ұласуы қазақ шаруашылыктарына мемлекет тарапынан контрактацияға бөлінетін қаржыны жоққа шығарды. 1928 жылы тамызда басталған ірі бай-феодалдарды кәмпескелеу ұзақка созылып, "бай іздеу" науқанға айналды. 1930 жылы тек қана Гурьев округінің Есбол, Жаманқала /Қазірті Индер, Махамбет/ аудандарында 150 байдың дүние-мүлкі тәркілентендігін ескерсек, республика бойынша қаншама байдың есепке алынғанын елестету қиын емес.

Контрактация кулактар мен байлар үшін өзін-өзі міндеттеу түрінде жүртізілді. Олай болса, оларға қаржы бөлінуі мүмкін емес. Оның үстіне, 1929 жылы астықты аймақтарда жаппай коллективтендіруді бір жылда аяқтау, 1930 жылғы қазақ шаруалардың жаппай отырықшыландыру мен колхоздастыру кезінде контрактация ауыртпалығы колхоздар мойнына түсті. 1928/29 жылы колхоздарда оның орындалуы - 201%, совхоздарда - 186,8%, жеке секторда - 89,3% болды.

Колхоздар мен машина машина-трактор станциялары арқылы 1928/29 жылы 45564 гектар егістікті ұзақ мерзімді контрактацияланып, 7 округтен келіп түскен мәліметтер бойынша контрактацияға отырған шаруашылықтардың 46,3%-і - кедейлер, 50,6%-і - орташа, аукатты мен кулактар - 3,1% болған. 1929 жылдың 20 желтоқсанында БК(б)П Орталық Комитетінің ет проблемасын шешудегі шаралары 1929/30 жылға салмағы 912 мың тонна мал өнімдерін дайындау және 1.200 мың бас ірі қара малды контрактациялауды міндеттеді. Сонымен қатар, 1930/31 жылдың мал және ет дайындау жоспарларын ірі малдан 2.250 мың бас, қойдан 4 млн. бас көлемінде белгіледі.

Мұндай міндеттер Ресей мен КСРО-ның мал өнімдері бойынша басты шикізат аймағы - Қазақстанға аса ауыр тиді. Өйткені республикада дәстүрлі көшпелі мал шаруашылығын жедел отырықшыландыру мен коллективтендіру шаралары қосарлана жүріп жатты. Осындай ұланғайыр, бұрын беймәлім болған аса жауапты істерге қаржылай көмек беріп, қамқорлау орнына өкімет Ресейдегі ет проблемасының маңызын асырып, зорлық эксперименттерден басы дал болған халықты, оның күнкөріс көзі - мал мен оның өнімдерін көптеп тапсыруға шақырып, бұл істі ұйымдастыру - жергілікті партия, кеңес органдарының екпінді мақсаты деп жарияланды.

Нәтижесінде, 1929/30 жылы Орталықтың жоспарлаған 912 мың тонна салмағы малдың 286299 тоннасын Қазақстан берді. КСРО бойынша контрактацияланған 1.200 мың бас бұзаудың 500 мыңы Қазақстанға жүктелді. Мал өнімдерін дайындау динамикасына талдау жасасақ, аштық пен қонысын тастап, үдере көшу басталған 1930/31 жылы Қазақстанда 907 мың ірі мал, 2,7 млн. ұсақ мал дайындалған екен Одақтың жоспары бойынша 2.250 мың ірі мал, 4 млн. қой.

Сөйтіп, қазақ халқы сталиндік қате экономикалық саясаттың құрбанына айналды. 1931/32 жылдары халықтың 30 процентін шығынға ұшыратқан аштықка байланысты мал өнімдерін дайындау 1932 жылы уақытша тоқтатылды.1932 жылдың 10 мамырында БК(б)П ОК мен КСРО ХКК №139 «Колхоздар мен жеке шаруалардың мал дайындау және ет сату

жоспарлары туралы" қаулысы ет дайындаудың жоғары жоспарларын азайтты. Одақ бойынша 1414 мың тонна орнына 716 мың тонна белгіленді. Қаазақстан бойынша жоспар 255500 тоннадан 56 мың тоннаға кемітілді. Бұл жаппай аштық пен босуды бастан кешіріп жатқан қазақ шаруашылықтары жағдайына байланысты болды.

Алайда, астық және егін шаруашылығы өнімдерін дайындаудың контрактациялық әдісі 1931/32 жылдарда одан әрі жүргізілді. Мұның куәсі төмендегі кесте:

Кесте №16. 1931-1933 жж. астық дайындау.

Жылдар

Жалпы дайыңдау /мың пұт/

Совхоз

Колхоз

Жеке шаруа

1931 ж.

47.210

2.741

39.452

3.474

1932 ж.

40.759

4.848

33.786

755

1933. І.ХІІ.

34.416

4.421

28.220

432

Астық дайындау динамикасының төмендеуіне осы жылдардағы егіннің аз шығуы және қазақ аудандарын астық /жалған ақпарлар бойынша/ дайындаудан босату да әсер етті. Жоғарыдағы кестеге қарап, астық дайындауда қоғамдастырылған сектордың /колхоздар мен совхоздар/ үлес салмағының өскенін /98,7 процент/ көруге болады.

Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудың міндетті, жоспарлы түрлерінің бірі - тікелей зат алмасу арқылы қызмет атқаратын (МТС) машина-трактор станциялары болды.

1930-1932жылдарда контрактациямен қатар, астық және т.б. өнімдер машина-трактор станцияларына натуралдық ақы ретінде өткізілді. 1929 жылдың 5 маусымында Еңбек және Қорғаныс Кеңесі МТС-тарды кұру туралы шешім қабылдап, 1930 жылдан бастап МТС өз функциясын атқара бастады. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы арасындағы теңсіз товар алмасуды жүзеге асыратын әміршіл әдістердің бірі болған МТС-тар ұсақ шаруа қожалықтарын коллективтендіру құралына айналды.

Өйткені ауыр өндіріске негізделген индустрияландыру ауыл шаруашылығы мұқтаждарын өтей алмайды. Ұсақ шаруашылық жағдайында күрделі ауыл шаруашылық машиналарына сұраныс төмен болып, 1929 жылы сауда айналымына түскен өнеркәсіп товарларының 39,7 проценті өтпей қалды /65/.

Себебі, біріншіден, бағасы өте қымбат, екіншіден, қызмет ауқымы үлкен, мысалы темір соқаны пайдалану үшін кем дегенде шаруаның 10 десятина жері болуы керек. Ал, Қазақстанда I шаруашылыққа шаққандағы егіс көлемі - 3 десятина. Мұндай жағдайда тек темір соқаны пайдаланудың өзі шаруашылықтарды біріктіруге ықпал ететіні айдан анық. Сөйтіп, жаңа экономикалық саясат кезіндегі ауыр өндіріс өнімдеріне сұранысты қалыптастыру бірі МТС-тар қызметімен тығыз байланысты. Оған 1930 жылы маусым айында Еңбек пен Қорғаныс кеңесі қабылдаған ағаш соқаларды, темір соқамен алмастыру туралы шешімі тікелей әсер етті. Қазақстанда осы жылы 5 МТС құрылып, 198 трактор берілді, ал 1931 жылы 44 МТС-тағы трактор саны 1578-ге жетті.

Кеңес өкіметінің ауыр өнеркәсіпке негізделген индустрияландыру саясаты әкімшіл-әміршіл экономика құруға алғы шарт жасады. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп арасындағы диспропорцияны рыноктық негізде жою өндіріс құрылымын өзгертуді талап етіп, жеңіл индустрияға жол ашатын еді. Алайда, өкімет басқаша бағыт - ауыр өндіріске сәйкестендіру мақсатында аграрлық сектордағы шаруашылық қатынастарды өзгертуге бет бұрды.

Ауыр өндіріс товарларын өткізу аймағын қалыптастыру жедел коллективтендіру негізінде жүзеге асты. 1929-1930жылдары әуелі астықты аймақтарды, кейінен жаппай коллективтендіру осындай мақсаттардан туындады.

Казақстанның 1927-1930 жылдарындағы ауыл шаруашылық техникаға кәжеттілігі 128,8 миллион сомға бағаланып, 1928 жылы 10 миллион сомға техника жіберілді. Ал, қалған уақытқа жылына 23,76 миллион сомның ауыл шаруашылық техникасы жеткізілетін болып жоспарланды. Бұдан біз Қазақстанда отырықшыланудың асығыстықпен жүргізілу себептерін ұғынғандай боламыз. Сөйтіп, сұранысы жоқ техниканы орналастыру қазақтың дәстүрлі шаруашылығын кенеттен өзгертуге бағытталған зорлық әрекеттерді тудырған екен.

Егін шаруашылығында тракторларды қолдану динамикасын төмендегі таблица арқылы көрсетейік.


Кесте №17 Тракторларды қолдану






1930

%

1931

%

1932

%

1933

%

Совхоз

1968

47,0

2709

56,6

2830

52,4

2798

51,4

МТС

198

5,5

1578

33,0

2250

43,22

2410

44,2

МСС

-




-

-

20

-

20

0,3

Колхоз

1706

47,5

496

10,4

212

4,1

217

4,0




3592

100

783

100

5212

100

5445

100

1930 жылы жаппай коллективтендіру мен көпшелі қазақты отырықшыландыру науқанында тракторлардың 47,5 проценті колхоздарға шоғырланған екен, ал 1931-33 жылдарда колхоздарда тракторлар санының азаюы қағаз жүзіндегі жалған колхоздардың көп болғанын, кейіннен тарап кеткенін көрсетеді. Яғни колхоздар ауыр өнеркәсіп құрал-сайманын өткізу рыногы ретінде қалыптасқан деген тұжырымды расқа шығарады. Зорлықпен отырықшыландыру мен коллективтендіру нәтижесінде пайда болған колхоздардың тарап кетуі МТС-тардың ролін арттырды. 1930жылы онда тракторлардың 5,5 проценті болса, 1931 жылы - 33, 1933 жылы - 44,2 проценті жинақталды, саны 1930 жылғы 5 тен 1933 жылы 75-ке жетті. Машина-трактор станцияларының астық себуде үлес салмағы 1933 жылы 60 процент болды.

МТС қызметімен қатар, 1933 жылы өнім дайындау тәжірибесіне үлкен өзгеріс енгізілді. ССРО Халық Комиссарлар Кеңесі мен БК/б/П Орталық Комитетінің 1933 жылғы 19 қаңтарындағы қаулысы бойынша контрактация жойылып, жеке шаруашылықтар мен колхоздардан астық дайындау міндетті тапсырыс түрінде жүзеге асты. Астық дақылдары бойынша міндетті тапсырыс түрінде жүзеге асты. Астық дақылдары бойынша міндетті тапсырыс Қазақ АССР-інде I гектардан алынатын өнімнен 1,5-2 центнер көлемінде белгіленді. Оны орындау мерзімі 5 тамыздан 15 желтоқсанға дейін бекітілді.

Жеке шаруашылықтарға колхоздар нормасынан 5-10 процент артық мөлшерде тапсыру міндеттеліп, соңғы мерзімі - 15 қазанға дейін созылды. Кулактардың мемлекеттік тапсырысы жеке шаруалардан 1,5 есе артық болды. Колхоздар міндетті тапсырысты мерзімінде орындамаған жағдайда тапсырылмаған мөлшер үшін нарықтық бағамен айып төледі. Жеке шаруашылықтар РКФСР Қылмыстық Кодексінің 61 бабы бойынша сот жауапкершілігіне тартылды. Артық өнімдерді колхоз саудасына шығару міндетті тапсырысты орындағаннан кейін рұқсат етілді.

Бұл қаулы колхоз жүйесін бекітіп, жаңа экономикалық саясатты жойды. Ауыл шаруашылық өнімдері МТС-ке натуралдық ақы төлеу және мемлекеттік міндетті тапсырыс арқылы дайындалып, жоспарлы экономика қалыптасты.

Жаңа экономикалық саясат ұзақ мерзімте жоспарланғанмен, пролетариат диктатурасы кезіндегі экономикадағы демократияның көп укладтық, рыноктық қатынастар болашағы жоқ болатын, керісінше жағдайда ол саяси диктатураға қарсы бағытталар еді.



Қорытынды
Социализмге қажетті материалдық-техникалық базаның жоқтығы цндустрияландыру және коллективтендіру шараларын дүниеге келтірді.

Утопиялық мақсаттарды басшылыққа алған Кеңес өкіметі жағдайында казақ қоғамының рулық қауымдық құрылыстан социализмге өтуі қайшылықсыз болуы мүмкін емес еді.

Қазақ шаруашылықтарын дамыту жөніндеті сан-алуан пікірлер мен көзқарастарды сараптай отырып, оның Кеңес кезеңінде жүзеге асу мүмкіндігіне күмән келтіруге болады. Аталмыш кезеңдегі зорлық, жанкешті шараларды занды құбылыс ретінде қарастыра отырып, қазақ қоғамында жүргізілген терең әлеуметтік-саяси өзгерістерді объективті талдауға ұмтылыс жасалды.

Жаңа экономикалық саясат жеке меншік қатынастарының калыпты дамуына, экономиканы тұрақтандыруға қызмет етті. 1926-1928 жылдардағы салық саясаты 1926 жылы қабылданған "Бірыңғай ауыл шаруашылық салығы туралы Ереже" негізінде жүзеге асты. Ол товарлы шаруашылық жағдайларына икемделген заң болғандықтан көшпелі қазақ шаруасының ерекшеліктері есепке алынбады. Салықтың ақшалай алынуы мал сату мүмкіндігі аз, тең емес товар алмасу жағдайын бастан кешірген қазақ шаруашылықтарына тиімді болмады. Салық төлеу үшін сатылған мал өз құнынан 2-3 есе арзан сатылып, салық науқаны қазақ шаруашылықтарына шығындар әкелді.

Солай бола тұрса да, рыноктық қатынастарға ерік берілген жаңа экономикалық саясат жылдарында қазақ шаруашылықтары азамат соғысынан кейінгі құлдыраған экономикасын қалпына келтіруге мүмкіндік алды. Салық шарттары әділетті, шаруашылық қуаты деңгейіне қарай салынды. Кеңес өкіметі қазақ шаруашылықтарын өркендету мақсаттарын қоймады, бірақ шаруашылық жүргізу еркіндігіне қол сұқпады. Мұның өзі жақсы нәтиже берді.Алайда көп укладты рыноктық экономикаға нетізделген салық жүйесінен коллективтендіру мақсаттарына байланысты бас тартылды. Жедел индустрияландыру қаржы тапшылығына ұрындырып, мемлекеттік меншіктегі өнеркәсіп пен ұсақ жеке меншіктегі ауыл шаруашылығы арасындағы қайшылық азық-түлік дағдарысын тудырды. Бұл жаңа экономикалық саясаттан бас тартқызып, ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудағы рыноктық қатынастарды бұзып, әкімшіл-әміршіл әдістерді күшейтті. 1927-1928 жылы астық дағдарысы кезінде бұл әдістер кең көлемде қолданылды.

1928/1929 жылдары Одақта белең алған күштеу әдістері Казақстанда ерте басталды. Оған 1925 жылы республика партия ұйымына басшы боп келтен Ф.Голощекиннің волюнтаристік саясаты ықпал етті. 1926-1927 жылдарда қазақ қоғамының қалыпты дамуы бұзылып, "Кіші Октябрь" ойраны басталды. Голощекиннің киялындағы, қолдан жасалған тап күресі 1926-1928 жылдарда еш нәтиже бермеген өте таяз шаралар: шабындықты, егістікті және жайылымдарды бөлу, ірі бай-феодалдарды кәмпескелеу жүргізіліп, бұлар экономиканың қалыпты дамуына кері әсер етті.

Одақта 1930 жылы басталған кулактарға қарсы күрес бағыты Қазақстанда Голощекиннің тікелей басшылығымен 1927 жылдан қолға алынды. Одақта салықтық Ережелерте өзгерістер 1928/29 жылы енгізілсе, Қазақстанда 1927 жылдан бастап, байларға арнайы салық енгізілді.

Маңызы аграрлық реформаға теңелген шабындық, егістік және жайылымдарды бөлу деген шара кұр байбалам болып шықты. Ол қазақтарды жерден айырудың бүркемеленген құралына айналды. Казақ шаруашылықтарына берілетін жер көлемі азайтылып, бұрынғы кауымдық жер бөліске салынып, бай мен кедейді жауластыру үшін жаңа негіз жасалды.Аталмыш реформа өз мақсаттарына жетпеді, шаруашылықты өркендету үшін қосымша жер берілмеді, аз мөлшердегі жер меншігін шаруашылықтық игеруге жағдайлар жасалмады. Оны қаржыландыру деңгейі өте төмен болды. Реформаның басты кемшілігі жер бөлісте орташа шаруалардың мүддесіне нұқсан келтірілді, олардың жер көлемдері азайып, шаруашылық жүргізуге кері әсер етті. Жер тапшылығына байланысты байлар мен ауқаттылар мал басын бысқартуға мәжбүр болып, бұл мал басын күрт азайтуға ықпал етті. Мал алыпсатарға арзан бағаға сатылып, ысырап болды. Ал кедей шаруаның аз малын жетілдіруіне мемлекет тарапынан қаржы бөлінбеді. Қарыз-несие беру тәртібі көшпелі мал шаруашылықтарының жағдайын ескермеді. Қарыз-несиенің қысқа мерзімге берілуі - шаруашылықтық игеруді тиімсіз етті.

Қазақстан бюджеті ішкі ресурстардан құралды. 1927/28 жылдардан бастап оның 50%-тен астамы салықтық түсімдерден тұрды. Кейіннен ауыл шаруашылық салығымен қоса өзіне-өзі салық, мәдени алым,уақытша салық сияқты қосымша салықтардың енгізілуі бюджеттің түсімін арттыруға бағытталды. Жергілікті бюджеттің 1927/28 - 1930жылдардағы, құрылымы мынаны көрсетеді. Бюджет кірісіндегі ауыл шаруашылық салығының үлес салмағы 20,1-19,5% болса, бюджеттен ауыл шаруашылығын қаржыландыруға жұмсалатын бөлігі 6,0-7,3% аралығында болды. Ауыл шаруашылығъша қаржылай көмек Ауыл шаруашылық банкі жүйесі арқылы жүзеге асырылды, бірақ оның несие беру мүмкіндігі аз болып, көбінесе жер шаруашылықтарын қамтыды. Бұл банктің несие көлемі жылына 8-10 млн. сом болса, мал шаруашылығына 2-3 млн.сом көлемінде беріліп, 700 мың қазақ шаруашылықтары үшін өте мардымсыз болды.Сөйтіп, қазақ шаруасы өзін асырап қана қоймай одақтың өнеркәсіпті аймақтарын ауыл шаруашылық өнімдерімен жабдықтауы тиіс болды. Осылайша шаруа шаруашылығы Кеңес өкіметінің саяси-әлеуметтік шараларын қаржыландыру көзіне айналды.

Коллективтендірудің алғышарты болған әкімшіл-әміршіл, күштеу шаралары Қазақстанда аса қауырт, жедел түрде жүзеге асты. Оған салық саясаты да жұмылдырылды.

Одақ көлемінде 1930/31 жылдары кең көлемде жүзеге асқан салықтың прогрессивті-үдемелі түрі Қазақстанда алғаш рет жаңа салықтық ережелердің сиясы кетпей жатып, 1928 жылдың басында-ақ, енгізілді. Салық ауқатты шар-уашылықтарды тежеу мақсатын қойғанымен, Қазақстанда бұл мақсат іс жүзінде оларды күйзеліске ұшыратумен, кәмпескелеумен аяқталды.

Семей губерниясында 1928 жылы қаңтар-сәуір аралығында төтенше шаралар іске асып, жаңа салықтық ережелер енгізілді. Салықтық заңсыздықтар негізінде айып салу, соттау, зорлап тапсырту және тартып алу әдістерімен қатар, Одақта тұңғыш рет конфискациялау шаралары жүзеге асты. Ірі бай-феодалдарды конфискациялау ресми түрде басталмас бұрын, 1928 жылдың ақаан, наурыз айларында қазақ малшыларын конфискациялау кеңінен жүргізілді. Аталмыш шара тек Семеймен шектелмей, Ақтөбе, Орал губерниялары шаруашылықтарын да қамтыды. Салықтық қысымдар мен заңсыздықтар астық пен ет дайындаудың жоғары жоспарларын орындау мақсатында жүзеге асты.

Семейдеті салықтық заңсыздықтар Қазақстан жағдайында төтенше шараларды кең көлемде және аса қатыгездікпен жүргізуге ықпал етті. Бұл халықтың наразылығын тудырып, орталықтан, БОАК комиссиясы шақырылып, заңсыздықтар сыналды. Алайда комиссия қорытындылары Өлкелік партия комитетінің бюросында арнайы қаралғанына қарамастан, кейінгі 1928-1932 жылдары бай-кулакқа қарсы шабуыл кезінде зорлық шаралар одан әрі жалғасты.

1929-1932 жылдары Қазақстанда бүкіл КСРО-дағы сияқты салық саясаты бай-кулактарды жоюға бағытталды. 1929-1933жылғы салықтық ережелер бойынша жеке шаруашылықтарға салынатын салық таптық принципті басшылыққа алды. Салықтың прогрессивті (үдемелі) түрі коллективтендіруге ықпал ететін факторға айналды. Салық шарттары бойынша, кедей шаруашылықтар мен коллективті шаруашылықтарға жеңілдік қарастырылып, орташалар мен бай қожалықтар қысымға алынды.

Орташа шаруалар салықтың прогрессивті түрімен салық төлесе, бай-кулактарға оның жекелік түрі (индивидуальное обложение)бойынша салық салынды. Бай-кулактар мен ауқатты шаруашылықтарға салынатын салық түрлері оларды жою құралына айналды.

Салық саясаты қаржы алу, шаруашылық өнімдерін көптеп тапсырту функцияларын орындады. Салықтық заңсыздықтар астық, ет дайындаудың жоғары жоспарларымен ұштасып, тек бай-кулак шаруашылықтарын ғана емес, орташа шаруашылықтарды да қамтыды. 1928-1930 жылдарда Қазақстанда ірі байлар ғана емес, ауқатты орташа шаруашылықтардың біраз бөлігі (100 мың) жойылды.

Сөйтіп, 1930-1932жылдары кең көлемде жүзеге асқан отырықшыландыру және коллективтендіру қарсаңында қазақ шаруашылықтарының дені-кедейлер болып, аштық пен босқыншылық алғышарттары осылай жасалды.

Жаппай коллективтендіру және отырықшыландыру кезеңінде салықтық қысымдар мен зорлық шаралар одан әрі жетілдірілді. 1933-1937 жылдарда салық 2-есеге жуық өсіп, оның жаңа түрлері: мәдени алым (культсбор), уақытша салық (единовременный сбор) Кеңес өкіметінің құрылымдық өзгерістерін қаржыландыру көзіне айналды.

Сонымен қатар, халықтан каржы жинау (мобилизация средств) тәжірибесі асқан ыждағаттықпен және күштеу әдістерімен жүзеге асты. Ол тек салықтардан ғана емес, окладтық қамсыздандыру, жинақ кассаларына ақша салдырту, заемдарды тарату және т.б. ерікті мен еріксіз төлемдерді құрады.

Көшпелі қазақты отырықшыландыру өкіметтің стратегиялық бағыты емес, Голощекиннің коллективтендіруді мезгілінен бұрын орнатуға ұмтылған жалаң белсенділігінен туындаған волюнтаристік шара болды. Оны қаржыландыру деңгейі көрсетіп берді. Мемлекет тарапынан бөлінген қаржы жылына 3-5 миллион сомнан аспады.

Сөйтіп, салықтық қысымдар мен ет дайындау науқандарынан күйзелген қазақтарға отырықшыланудың халық қаржысымен жүргізілуі оларды аш-жалаңаш қалдырып, босқыншылыққа ұшыратты.

Жедел жаппай отырықшыландыру (1930-1932 ж.) сәтсіздікпен аяқталып, оның барысында 400 мыңнан аса жеке меншік қазақ шаруашылықтары жойылды, бұл жалпы қазақ қожалықтарының 60 –қа жуық проценті еді. Бұл шара "қазақ шаруашылығын социалистік негізде қайта құру" деп дәріптелген, шын мәнінде, индустрияландыру үшін ауыл шаруашылығын қаржы көзіне айналдыруға бағытталған әлеуметтік эксперименттің ең сорақы, жабайы түрі болды. Утопиялық мақсаттар жолында қазақтың дәстүрлі шаруашылығы жойылып қана қоймай, өндіргіш күштері - халық пен мал қырғынға ұшырады.

Аштық пен босқыннан қалған ат төбеліндей азғана халықтың 1933-1937 жылдары колхозға кіруден басқа амалы калмады. Осы жылдарда қазақ босқындарына шығарылған қаржы мен материалдық көмек озбыр саясаттың шығындарын жаба алмады. 700 мыңға жуық қазақ шаруашылықтарын отырықшыландыру қолынан келмей, кеңес өкіметі зобалаңнан аман қалған 200мыңға жетпейтін қазақ қожалықтарын колхоздастыруды оңай шешті.

1933-1937жылдары салық саясаты жекеше шаруашылықтарды күйрету құралына айналды. Бұл кезеңде жекеше шаруашылықтардың салық көлемі жылдық кірістерінен асып, оны күйретуге ықпал етті.

1933 жылдан бастап енгізілген ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудағы мемлекеттік тапсырыс жүйесінің, машина-трактор станцияларының рөлінің күшеюі жоспарлы, әкімшіл-әміршіл жүйенің толық жеңісін қамтамасыз етті.

Сөйтіп, негізі жоқ социализмнің утопиялық мақсаттары зорлық, қысым арқылы жүзеге асып, адам факторы аяққа басылды. Аса зор материалдық, адамдық шығындармен орнатылған сталиндік социализм индустриялық қоғамға секіріс жасай алмады. Адам факторынан сырт айналу оның түбіне жетіп, әлемдік тарихтан тұрақты орын алуға мүмкіндік бермеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет