2-сабақ Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау тәсілдері



бет46/54
Дата31.01.2024
өлшемі1.59 Mb.
#490321
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54
ббжм

Деңгей

Төменгі шекті деңгей 

Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықтың осы деңгейіне жеткен білім алушылар қандай дағды, қабілеттерін көрсете алады? 

6

708

6-деңгейге жеткен білім алушылар: 

  • физика, биология, география және астрономия саласындағы өзара байланысты жаратылыстанушылық-ғылыми идеялар мен ұғымдарға сүйене алады және беймәлім ғылыми құбылыстарға, оқиғалар мен процестерге қатысты гипотеза және болжам жасау кезінде мазмұндық, процедуралық және эпистемологиялық білімін қолдана алады;

  • деректерді интерпретациялағанда немесе ғылыми дәлелдерді қолданған кезде тақырыпқа қатысты және қатысы жоқ ақпаратты ажырата алады, сондай-ақ мектептің әдеттегі оқу бағдарламасынан тыс білімге сүйене алады;

  • ғылыми дәлелдер мен теорияға негізделген аргументтер мен басқа ой-пайымға негізделген аргументтерді ажырата алады;

  • күрделі эксперименттердің, далалық зерттеулердің немесе модельдеудің бәсекелес жобаларын бағалап, өз таңдауын негіздей алады.

5

663

5-деңгейге жеткен білім алушылар:

  • бірнеше себеп-салдарлық байланыстан тұратын беймәлім, анағұрлым күрделі құбылыстарды, оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін абстрактілі ғылыми идеялар мен ұғымдарды қолдана алады;

  • балама эксперименттік жобаларды бағалап, өз таңдауын негіздеу үшін анағұрлым күрделі эпистемологиялық білімге сүйенеді, ақпаратты интерпретациялау немесе болжам жасау үшін теориялық білімін пайдаланады;

  • берілген сұрақты ғылыми тұрғыдан зерттеу жолдарын бағалай алады және деректер жиынтығындағы шектеулерді, оның ішінде дереккөздер мен ғылыми мәліметтердегі белгісіздік әсерін анықтай алады.

4

559

4-деңгейге жеткен білім алушылар: 

  • анағұрлым күрделі немесе онша таныс емес оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін контексте берілген немесе еске түскен анағұрлым күрделі не абстрактілі мазмұндық білімді пайдалана алады

  • шектеулі контексте екі немесе одан да көп тәуелсіз айнымалыны қамтитын эксперимент жүргізе алады;

  • процедуралық және эпистемологиялық білім элементтеріне сүйене отырып, эксперимент жоспарын негіздей алады;

  • күрделілігі орташа мәліметтер жиынтығынан немесе онша таныс емес контекстен алынған деректерді интерпретациялап, мәліметпен ғана шектелмейтін лайықты қорытынды жасап, өз таңдауын негіздей алады.

3

484

3-деңгейге жеткен білім алушылар: 

  • таныс құбылыстарды анықтап, түсіндіру үшін күрделілігі орташа мазмұндық білімге сүйене алады;

  • онша таныс емес немесе күрделірек жағдайларда тиісті нұсқауға немесе қолдауға сүйене отырып, түсіндіре алады;

  • шектеулі контексте қарапайым тәжірибе жүргізуге процедуралық немесе эпистемологиялық білім элементтерін қолдана алады;

  • ғылыми және ғылыми емес мәселелерді ажыратады және ғылыми тұжырымды растайтын дәлелдерді анықтай алады.

2

410

2-деңгейге* жеткен білім алушылар:

  • лайықты ғылыми түсініктемені табу үшін, сонымен қатар деректерді интерпретациялау үшін және қарапайым экспериментте шешілетін мәселені анықтау үшін әдеттегі мазмұндық білімге және базалық процедуралық білімге сүйенеді;

  • қарапайым мәліметтер жиынтығынан шыққан дұрыс қорытындыны анықтау үшін базалық немесе әдеттегі ғылыми білімді қолдана алады;

  • жаратылыстанушылық-ғылыми әдістермен зерттеуге болатын сұрақтарды анықтай алатындай базалық эпистемологиялық білімі барын көрсетеді.

*2-деңгей білім алушылар оқуын жалғастырғанда не еңбекке араласып, қоғамның ересек мүшесіне айналғанда, өмірде тиімді әрі өнімді әрекет етуіне мүмкіндік беретін оқу дағдысы мен құзыреттерін көрсете бастайтын функционалдық сауаттылықтың базалық деңгейі ретінде қарастырылады.

1a

335

1a-деңгейіне жеткен білім алушылар: 

  • қарапайым ғылыми құбылысты интерпретациялау үшін базалық пәндік білімді пайдалана алады;

  • қолдауға сүйеніп, берілген алгоритм бойынша ең көбі екі айнымалысы ғана бар ғылыми зерттеуді жүргізе алады;

  • қарапайым себеп-салдарлық немесе корреляциялық байланыстарды анықтай алады, аса ойлануды қажет етпейтін, яғни төмен танымдық деңгейдегі графикалық және басқа да визуал деректерді интерпретациялай алады;

  • тұрмыстық, жергілікті және ғаламдық контекстегі жақсы таныс жағдайларда ұсынылған мәліметтерге қатысты ең жақсы ғылыми түсініктемені таңдай алады.

1b

261

1b-деңгейіне жеткен білім алушылар: 

  • таныс немесе қарапайым аспектілерді тану үшін базалық ғылыми біліміне сүйене алады;

  • ғылыми процедураны орындау үшін негізгі ғылыми терминдерді танып, нақты нұсқауларды орындайды және деректердегі қарапайым заңдылықтарды анықтай алады.

Тапсырма мысалдары
Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық бағыты бойынша тапсырма екі түрде берілуі мүмкін: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет