25. Жеңіл атлетика сабақтарында күш қабілеттерін дамыту


Жеңіл атлетика түрлерінің жіктелуі



бет38/42
Дата23.05.2023
өлшемі117.35 Kb.
#474159
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
дш ответ

Жеңіл атлетика түрлерінің жіктелуі.
Спорттық жүру- арнайы бағытты түрі, арнайы шыдамдылықты қажет етеді. Бұл ерлермен бірге әйелдерге де қатысты.
Әйелдерге : стадионда -3,5, 10км
Манежде – 3,5 км
Жол бойында -10,20 км
Ерлерге: стадионда -3,5,10,20 км
Манежде – 3,5 км Жол бойында – 35, 50 км
Классикалық (К) түрі ерлерде – 20, 50 км, әйелдерде -20 км.
Жүгіру - мынадай категорияларға бөлінеді: тегіс жермен, кедергіден жүгіру,тосқауылдан өтіп жүгіру, эстафеталық, кросстық жүгіру.
Тегіс жермен жүгіру -жылдамдықты талап ететін қысқа қашықтықтағы жүгіру(спринт), 100-400м аралықты жүгіру жылдамдықты және шыдамдылықты қажет.етеді.
Спринт немесе қысқа қашықтыққа жүгіру. Стадиондар мен манеждерде өткізіледі.30, 60, 100(К), 200 (К)м, әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық.
Ұзақ қашықтықтағы спринт стадиондар мен манеждерде өткізіледі.300, 400, (К), 600м, әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық.
Шыдамдылылыққа жүгіру:
- орта қашықтық: 800(К), 1000, 1500 (К) м, 1миль. Стадиондар мен манеждерде өткізіледі, әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық.
- алыс қашықтық: 3000, 5000 (К), 10 000 (К)м, тек стадиондар мен манежде (3000) өткізіледі,әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық.
- өте алыс қашықтық:15; 21,0975; 42,195(К); 100 км жолдарда өткізіледі, әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық.
- ультра алыс қашықтық: тәуліктік жүгіру стадионда немесе жолда өткізіледі. Ерлерге де, әйелдерге де бірдей қашықтық. Сонымен қатар 1000миль(1609,3м) мильге және ең ұзақ қашықтық 1300 мильге жарыс ұйымдастырылуы мүмкін.
Кедергімен жугіру құрылымы бойынша шыдамдылық пен жылдамдықты, алғырлық пеникемділікті қажет етеді.Стадионда Репозиторий КарГУ 8 немесе манежде өткізіледі. Әйелдерге қашықтық: 60, 100 (К) м, 400 (К) м. Ерлерге: 110(К), 300 м 400 (К) м соңғы екі қашықтық тек стадионда ғана өткізіледі.
Тосқауылдан өтіп жүгіру – арнайы шыдамдылықты, ептілікті және жылдамдықты қажет етеді. Стадионда немесе манежде өткізіледі. Әйелдерге қашықтық: 2000м; Ерлерге: 2000, 3000 (К) м. Жуырда осы жүгіру түрі әйелдер арасында болатын олимпиадалық жарысқа қосылуы мүмкін.
Эстафеталық жүгіру – құрылымы бойынша бір бағытты жүгіруге сай келеді. Топтық жарыс, икемділік, шыдамдылық пен жылдамдықты қажет етеді. Классикалық түрі 4х100 м және 4х400м, ерлер мен әйелдерге бірдей, стадионда өткізіледі.Манежде 4х200 м және 4х400 м, бұл да ерлер мен әйелдерге бірдей. Сонымен қатар стадионда әр түрлі қашықтықта мысалы, 800,1000, 1500 м және адам санына шек қойылмай өткізіле береді. Қала көшелері бойымен де әр түрлі адам санымен жәнеәр түрлі қашықтықта эстафеталық жүгірулер болады, Аралас эстафеталарда болады (әйелдер мен ерлер). Бұрын ең атақты эсатфеталардың бірі шведтерде болатын: 800+400+200+100 м ерлерде; 400+300+200+100 м әйелдерде.
Кросстық жүгіріс – (ағыл cross) ойлы- қырлы жерлермен, табиғи кедергілерден өте жүгіру. Орманды жерлер мен саябақтарда өткізіледі. Арнайы шыдамдылық пен ептілікті қажет етеді. Әйелдер 1, 2, 3, 4, 5, 6 км; ерлер 1, 2, 3, 5, 8, 12 км.
Жеңіл атлетикалық секірулер екі топқа бөлінеді: биіктікке және ұзындыққа секіру. Біріншісіне: а) жүгіріп келіп биіктікке секіру; б) жүгіріп келіп сырықпен секіру. Екіншісіне: а) жүгіріп келіп ұзындыққа секіру; б) жүгіріп келіп үштікке секіру.
Жеңіл атлетикалық секірулердің бірінші тобы:
а) жүгіріп келіп биіктікке секіру (К) - спортшыдан жылдамдық пен күштілікті,ептілік пен икемділікті қажет ететін секрудің периодтық емес түрі. Стадиондар мен манеждерде әйелдер мен ерлерге бірдей өткізіледі.
б) жүгіріп келіп сырықпен секіру (К) - спортшыдан жылдамдық пен күштілікті қажет ететін ептілік пен икемділікті қажет ететн секрудің периодтық емес түрі. Техникалық жағынан жеңіл атлетиканың ең қиын түрлерінің бірі. Стадиондар мен манеждерде әйелдер мен ерлерге бірдей өткізіледі.
Жеңіл атлетикалық секірістердің екінші тобы:
а) жүгіріп келіп ұзындыққа секіру (К) - құрылымы бойынша аралас түрге жатады, спортшыдан жылдамдық пен батылдықты талап етеді. Стадиондар мен манеждерде әйелдер мен ерлерге бірдей өткізіледі.
б) жүгіріп келіп үштікке секіру (К) - спортшыдан жылдамдық пен күштілікті қажет ететін ептілік пен икемділікті қажет ететін секрудің периодтық емес түрі. Стадиондар мен манеждерде әйелдер мен ерлерге бірдей өткізіледі.
Жеңіл атлетиканы снарядты лақтыру және итеру деп бөлуге болады: 1.Аэродинамикалық қасиеті бар және аэродинамикалық қасиеті жоқ түрімен снарядты айналдырып лақтыру.
2. Шеңберден снарядты лақтыру.
3. Снарядты шеңбер ішінен итеру.
Сонымен қатар снарядты лақтырғанда жүгіріп келудің әр түрлі тәсілдері рұқсат етіледі. Бірақ финалдық күш тек ережеге ғана бағынады. Мысалы: гранатаны, допты бастан сәл төмен иықтың үстімен лақтыру қажет; дискті тек бір жақ шеттен лақтыруға болады; ядроны итергенде бұрылып және секіріп итеру қажет, тек, міндетті түрде итеру керек.
Допты және гранатаны лақтыру: (К) - спортшыдан жылдамдық пен күштілікті қажет ететін ептілік пен икемділікті қажет ететін секірудің периодтық емес түрі. Тек стадиондар да өткізіледі, қашықтық әйелдер мен ерлерге бірдей. Найза аэродинамикалық қасиеттерге ие.
Диск лақтыру және балға (молот) лақтыру: (К) - спортшыдан жылдамдық пен күштілікті қажет ететін ептілік пен икемділікті қажет ететін секрудің периодтық емес түрі. Лақтыру арнайы шеңбер ішінде өтеді. Тек стадиондар да өткізіледі, Репозиторий КарГУ 10 қашықтық әйелдер мен ерлерге бірдей. Диск аэродинамикалық қасиеттерге ие.
Ядро итеру (К) - спортшыдан жылдамдық пен күштілікті , ептілік пен икемділікті қажет ететін секрудің периодтық емес түрі. Лақтыру арнайы шеңбер ішінде өтеді. Стадиондар мен манеждер де өткізіледі қашықтық әйелдер мен ерлерге бірдей.
Көпсайыс. Көпсайыстың классикалық түрі: ерлерде онсайыс, әйелдерде жетісайыс. Онсайыстың құрамына: 100 м ұзындық, ядро,биіктік, 400 м, 110 м с/б, диск, сырықпен секіру, найза, 1500 м. Әйелдердің жетісайыс құрамына: 100 м к/ж, ядро,биіктік, 200 м, ұзындық, найза, 800 м. кіреді.
Ал көпсайыстың классикалық емес түрі: сегізсайыс ер балаларға (100 м, ұзындық, биіктік, 400 м, 110 м к/ж, диск,сырықпен секіру, , 1500 м.) қыздар үшін бессайыс (100 м к/ж, ядро,биіктік, ұзындық, 800 м.). Спорттық классификацияда анықталған: әйелдерде бессайыс, төртсайыс және үшсайыс, ал ерлерде тоғызсайыс, жетісайыс, алтысайыс, бессайыс, төртсайыс, үшсайыс. Төртсайыс бұрын «пионер сайысы» деп аталған. 11-13 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арнайы өткізіледі. Көпсайыстың құрамына кіретін спорт түрлері арнайы спорттық классификациямен анықталады.Басқа спорт түрімен алмастыруға болмайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет