271 орта мектебінің оқу – әдістемелік Кеңесінің шешімімен 20 жылы бекітілді Тіркеу № Хаттама №



бет5/8
Дата17.02.2024
өлшемі43.37 Kb.
#492205
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8
Физика пәнінен 9 сыныпқа арналған тест жинағы

У тарау:Толқындар
1.Өркештердің бір – бірінен ойыстар арқылы бөлінуі не деп аталады?
А) тербеліс Б) толқын В) көлденең толқын Г) механикалық толқын
2. Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бір бөлшегіне таралу процесі
А) тербеліс Б) толқын В) көлденең толқын Г) механикалық толқын
3.Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды
А) тербеліс Б) толқын В) көлденең толқын Г) механикалық толқын
4.Т периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық:
А) Б) В) S Г) R
5. Толқын ішіндегі бірдей қозғалатын және тепе – теңдік күйінен ауытқулары да бірдей болатын бір – біріне ең жақын жатқан екі нүктенің арақашықтығы
А) период Б) жиілік В) толқын ұзындығы Г) амплитуда
6. Толқын ұзындығының бөлшектердің тербеліс периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама:
А) жиілік Б) толқын жылдамдығы В) толқын периоды Г) толқын амплитудасы
7. Бөлшектердің тербелісі толқынның таралу бағытында жүзеге асатын толқын:
А) сиреу Б) бойлық В) жиі Г) шекті
8. Теңіз бетіндегі қатар екі толқынның арақашықтығы 4м. Толқында тербелген қайық тербелісінің периоды 1,5с. Толқын жылдамдығы неге тең?
А) 3,7м/с Б) 1,7м/с В) 2,5м/с Г)2,7 м/с
9. Серпімді жіпті бойлай 20 м/с жылдамдықпен көлденең толқындар таралады. Тербеліс периоды 0,5с. Толқын ұзындығын табыңдар.
А) 10м Б) 11м В) 9м Г) 12м
10. Адамда дыбыс әсерін туғызатын тербеліс жиілігі
А) 50 – 20000 Гц Б) 20 – 25000Гц В) 16 – 16000 Гц Г) 16 – 20000 Гц
11. Судағы дыбыс толқынының ұзындығын анықтаңдар. Оның жылдамдығы 1480м/с, ал жиілігі 740 Гц.
А)1,8м Б) 2,1м В) 2м Г) 2,2м
12. Дыбыс ауадан суға өткенде толқын ұзындығы қалай өзгереді? Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы 340м/с, ал суда 1480м/с.
А) 4,35м Б) 3,45м В) 5,43м Г) 3,54м
13. Қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы тарлған орнына қайта оралған дыбыс толқындары
А) шу Б) тембр В) жаңғырық Г) шағылу
14. Ауада дыбыс жылдамдығы 340м/с болса, онда дыбыс 0,1 с аралығында бөгетке дейін және одан қайтып оралғанға дейінгі жолды табыңдар:
А) 34м Б)17м В) 3,4м Г) 170м
15. Шағылған ультрадыбысты пайдаланып, нысананың орнын анықтау тәсілі:
А) ревебрация Б) ультрадыбыс В) инфрадыбыс Г) эхолокация
16. Ультрадыбысты шығаратын жануар:
А) мысық Б) жарғанат В) көбелек Г) сона
17. Вакуумдегі жарықтың таралу жылдамдығы:
А) 3*108м/с Б) 2*108м/с В) 3*107м/с Г) 3*10-8м/с
18. Электромагниттік толқындар арқылы алыс қашықтықтарға сигнал жеткізуді ойлап тапқан ғалым:
А) 1888ж А.С.Попов Б) 1657ж И.Ньютон В) 1857ж Томсон Г) 1896ж Герц
19. Радиоқабылдағыштың тербелмелі контур конденсаторының сыйымдылығы 50пФ-дан 500пФ-ға дейін жайлап өзгереді, егер индуктивтілік 20мкГн болса, онда қабылдағыш қандай толқындар аралығында жұмыс істейді?
А) 50-60м Б) 60-100м В) 60-190м Г) 70-150м
20. Радиолокатордың антеннасынан бағыттала тарайтын радиотолқын нысанадан кері шағылып, 200мкс – та кейін оралды. Нысана радиолокатордан қандай қашықтықта орналасқан?
А) 30м Б) 300м В) 300км Г)30км



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет