5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған



бет5/22
Дата29.06.2016
өлшемі456 Kb.
#165885
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
6. Тілге үйрену сөйлеу органдарының, жазатын қолдың жаттығулары, қимыл- қозғалыстарының тәртіптелуі, дағдының қалыптасуы арқылы іске асады. Мұғалімнің айтөанын естіп қана тіл үренуге болмайды. Әрбір оқушы өзі оқып, жазып, сөлемдер құрастырып, сөйлемдерді сан салаға өзгертіп, өзі әрекет еткенде ғана нәтижеге жетеді.
7. Тілге жүйелі түрде сатылап үйрету. Тіл лексика және грамматикалық формалар арқылы ғана дамиды, ал екінші тіл неғұрлым бай болса, тілдік фактілер де соғұрлым ұғыналады.Сондықтан оқушылар үренгендерін ұмытып қалмау үшін тілдік материалдарды көбірек беріп, сөйлегенде қолданып отыруына жағдай жасалады. Мұнда қайталаудың алатын орны ерекше және бала есінде саналы түрде, түсініп сақтауы үшін ойлау операцияларын қолдану қажет. Салыстыру, анализ, синтез, жалпылау, нақтылау, дедуктивтік ой қорытындыларын жасай алатындай болуы тиіс.
Сөйтіп, ана тілін меңгеру заңдылықтары оны мектепте оқытудың негізі болып табылады және оқытудың әдістемелік принциптер осы заңдылықтардан туындайды. Қазақ тілін оқытудың жалпы дидактикалық ұстанымдарын әдіскер-ғалымдар / Қазақ тілін оқыту методикасы. Жалпы редакциясын басқарған Құлмағамбетова Б. -Алматы: «Мектеп»,1988 / төмендегідей 8 түрде көрсетеді:
1.Оқытудың ғылыми принциптері.
2. Оқытудың жүйелілік принциптері.
3. Оқытудың материалды дұрыс орналастыру принциптері.
4. Оқытудың алдын ала болжау принциптері.
5. Оқытудың саналылық принциптері.
6. Оқытудың берік, тиянақты болу принциптері.
7. Оқытудың теория мен практика, өмірмен байланыстыру принциптері.
8. Оқытудың көрнекілік принциптері.
Ал Әбдірахман Исабаев /Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері.-Ал., 1998/ қазақ тілін оқытудың дидактикалық-методикалық принциптерін 7-ге бөледі:
1.Оқытудың ғылыми принциптері.
2. Оқытудың жүйелі принциптері.
3. Оқытудың көрнекілік принциптері.
4. Оқытудың саналылық пен белсенділік принциптері.
5. Оқытудың түсінуге жеңіл қолайлылық принциптері.
6. Оқытудың теорияны практикамен байланыстыру принциптері.
7. Оқытудың оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру принциптері.

Дәрісті қорытындылау: Қазақ тілін оқытудың жалпы дидактикалық ұстанымдары мен заңдылықтарының бір-бірімен байланыстылығы. Қазақ тілін оқытуда қолданылатын жалпы дидактикалық принциптер. Қазақ тілін оқыту заңдылықтары мен ұстанымдарын басшылыққа ала отырып оқушы бойындағы дағдыларды қалыптастыру жолдары.
Бақылау сұрақтары:
1.Қазақ тілін оқыту заңдылықтары.
2.Қазақ тілін оқытудың жалпы дидактикалық принциптері.
3.Қазақ тілін оқытуда әдістемелік ұстанымдарды басшылыққа ала отырып оқытудың маңыздылығы.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бейсембаева З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.Алматы, 2002
2.Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. 1956 3.Бұзаубақова К. Ж.Жаңа педагогикалық технология.А.,2004 4.Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шәймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі,А.,1999
5.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.,1998.
6.Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. Москва, 2001.
7.Жұбанов Қ «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» А., 1999
8.Оразбаева Ф.Ш.,Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А.,2005.
9.Китайгородская Г.А. Методика интенсивного обучения иностранным языкам. Москва – 1986.
9.Махмутов М. Современный урок. Москва,1985
10.Бейсембайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А.,2001 11.Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі –Алматы, Ана тілі, 1996 ж.
12.Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001.


2.2 ІІ модуль.

Қазақ тілі әдістемесінің методологиялық, лингвистикалық және психологиялық негіздері.

4-дәріс



Тақырыбы: Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі. Әдіс ұғымы және ойлау тәсілдері. (2сағат)

Дәрістің жоспары:
1. Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі.
2.Қазақ тілін оқытуда пайдаланылатын тиімді әдіс-тәсілдерге сипаттама беру, ғылыми негізіне тоқталу.
3. Әдіс пен тәсілдің бір-бірімен байланыстылығы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Әңгіме әдісі немесе сұрақ -жауап әдісі, ал кейде эвристикалық әдіс деп те аталады. Мұғалім сұрақ қояды, оқушылар өз білгендері бойынша жауап қайтарады. Бұл әдіс балаларды ойландырады, өздіктерінен пікір айтуға итермелейді, олардың белсенділіктерін күшейтеді, зейіндерін сабаққа аударуды қамтамасыз етеді. Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұштасады. әңгіме кезінде балалардың алдына белгілі бір міндет немесе проблема қойылады, оны балалар өздері шешуге тиіс. Мысалы, оларға бақылауға бірнеше сөз немесе сөйлем беріледі, соның ішінде мағынасы жағынан бір сұраққа (мысалы, «қайда?» сұрағына жауап беретін әр түрлі жалғауда тұрған зат есімдерді, мәселен, қалада, далада, мектепте, балабақшада т.б. ) жауап беретін бірнеше сөздерді табулары керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет